3 таҚырып. ЭкономикалыҚ, Әлеуметтік жӘне саяси географияныҢ теориялыҚ негіздері

Орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар: кезеңдік басылымдар берілгендері мен әдебиеттерді пайдаланып, берілген тақырып бойынша реферат жазу. Реферат жазу барысында жазба жұмыстары үлгісінің ережелері сақталуы тиіс. Реферат көлемі компьютерлік баспамен 13-18 бет болуы керек. Шрифт – Times New Roman, шрифт көлемі – 14 кегль, жоларалық интервал – біреу. Бірінші беті стандартты.

Тапсырма: «М.В.Ломоносовтың экономикалық географияның қалыптасуындағы рөлі» тақырыбын өздігімен оқып, келесі сұрақтарды қарастырып, оларға жауап беру: Экономикалық және әлеуметтік географияның дамуына ерекше үлес қосқан ғалымдар; М.В.Ломоносовтың қандай еңбектерін білесіз ? Экономикалық және әлеуметтік географияның қалыптасу кезеңдері.

Ұсынылатын әдебиет: (1.7) дәрістік материалда берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалану.

4 ТАҚЫРЫП. ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ МЕН ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ГЕОГРАФИЯСЫ

Орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар: әдебиет берілгендері пайдаланып, берілген тақырып бойынша баяндама әзірлеу. Баяндама көлемі компьютерлік баспамен 5-6 бет болуы керек. Шрифт – Times New Roman, шрифт көлемі – 14 кегль, жоларалық интервал – біреу. Бірінші беті стандартты.

Тапсырма: «Жер шарындағы рудалы пайдалы қазбалардың қалыптасуы мен орналасу заңдылықтары» тақырыбын өздігімен оқып, келесі сұрақтарды қарастырып, оларға жауап беру: Қара металдардың шикізат базасы болып не табылады ? Түсті металдардың қандай түрлерін сіз білесіз ? Рудалы пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтары дегенді қалай түсінесіз ? Берілген тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен терминдердің терминологиялық сөздігін құру.

Ұсынылатын әдебиет: (1.7) дәрістік материалда берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалану.