12. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары

1 ТАҚЫРЫП. ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ

Орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар: дәріс берілгендері мен әдебиеттерді пайдаланып, берілген тақырып бойынша реферат жазу. Реферат жазу барысында жазба жұмыстары үлгісінің ережелері сақталуы тиіс. Реферат көлемі компьютерлік баспамен 13-18 бет болуы керек. Шрифт – Times New Roman, шрифт көлемі – 14 кегль, жоларалық интервал – біреу. Бірінші беті стандартты.

Тапсырма: «Халық орналасуының аймақтық ерекшеліктері» тақырыбын өздігімен оқып, келесі сұрақтарды қарастырып, оларға жауап беру: Халықтың жастық-жыныстық құрылымы; «Халықтың экономикалық белсенді бөлігі» дегенді қалай түсінесіз ? «Демографиялық пирамида» дегеніміз не ? Халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымы дегенді қалай түсінесіз ? Дүние жүзінің аймақтары бойынша халықтың өсу қарқынын қарастыру. Статистикалық берілгендер негізінде дүние жүзі халқы санын аймақтар бойынша график арқылы көрсету, өсу қарқынын есептеу. Аналитикалық жазба құру.

Ұсынылатын әдебиет: (1.7) дәрістік материалда берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалану.

2 ТАҚЫРЫП. ҚАЛА ТИПТЕРІ

Орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар: дәріс берілгендері мен әдебиеттерді пайдаланып, берілген тақырып бойынша реферат жазу. Реферат жазу барысында жазба жұмыстары үлгісінің ережелері сақталуы тиіс. Реферат көлемі компьютерлік баспамен 13-18 бет болуы керек. Шрифт – Times New Roman, шрифт көлемі – 14 кегль, жоларалық интервал – біреу. Бірінші беті стандартты.

Тапсырма: «Дүние жүзінің өте ірі қалаларының (миллионерлер) ерекшеліктері, олардың географиялық жағдайлары мен тарихи дамуы» тақырыбын өздігімен оқып, келесі сұрақтарды қарастырып, оларға жауап беру: Қалаларды қай ғылымдар зерттейді ? Қаланың кеңістіктік құрылымының қандай түрлерін білесіз және олардың қандай айырмашылықтары бар ? Қандай миллионер-қалалар сізге белгілі ? Берілген тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен терминдердің терминологиялық сөздігін құру. Рефератта миллионер-қалалардың картографиялық материалдарын беру.

Ұсынылатын әдебиет: (1.7) дәрістік материалда берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалану.