10 .Лабораториялық сабақтар жоспар ланбаған

 

11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары

Тақырыбы №1 Дүние жүзінің саяси картасы. 2 сағат

Тапсырма: 1.Негізгі экономикалық және әскери блоктар және капиталистік елдерді топтау.

  1. Америка, Европа, Азия, Африка, Австралия мен Океанияның саяси карталарына сипаттама.

СӨОЖ өткізу түрі: Дүние жүзі саяси картасының негізгі түсінітері мен терминдерін (ғылыми) меңгеру; дүние жүзі саяси картасындағы өзгерістерді оқу, халықаралық одақтардың, ұйымдардың мәнін түсіну; қазіргі кездегі елдердің топтасуын білу; статистикалық мәліметтерді талдауға үйрену, статистикалық топтастырудың принциптерін игеру, елдердің жіктелуін текстік кесте түрінде көрсету.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Дүние жүзі саяси картасының негізгі көрсеткіштеріне талдау жасау. Дүние жүзі саяси картасындағы өзгерулер факторларын анықтау. Әдебиет: 1,2,3,6,7,9,10.

 

Тақырыбы №2 Дүние жүзі елдерін әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша топтау 3 сағат

Тапсырма: Жаңа мәліметтерді пайдалана отырып, әлемдік шаруашылықтың материалды-заттық блоктарының дамуын талдап беріңіз.

СӨОЖ өткізу түрі:негізгі түсініктер мен терминдерді меңгеру (ғылыми); қызмет көрсету секторларының құрылымымен танысу; статистикалық мәліметтерді талдауға үйрену, статистикалық топтастырудың принциптерін игеру, елдердің жіктелуін текстік кесте түрінде көрсету.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: әртүрлі авторлардың саяси картаның даму үрдістерін сипаттау танысу. Сараптама жасау.

Әдебиет:

1,2,3,7.

Тақырыбы №3 Қазіргі дүние жүзінің халқы 4 сағат

Тапсырма: «Халық орналасуының аймақтық ерекшеліктері» тақырыбын өздігімен оқып, келесі сұрақтарды қарастырып, оларға жауап беру: Халықтың жастық-жыныстық құрылымы; «Халықтың экономикалық белсенді бөлігі» дегенді қалай түсінесіз ? «Демографиялық пирамида» дегеніміз не ? Халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымы дегенді қалай түсінесіз ? Дүние жүзінің аймақтары бойынша халықтың өсу қарқынын қарастыру. Статистикалық берілгендер негізінде дүние жүзі халқы санын аймақтар бойынша график арқылы көрсету, өсу қарқынын есептеу. Аналитикалық жазба құру.

СӨОЖ өткізу түрі: Белгілі бір елді таңдап алып демографиялық жағдайына сипаттама беру.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: дәріс берілгендері мен әдебиеттерді пайдаланып, берілген тақырып бойынша реферат жазу. Реферат жазу барысында жазба жұмыстары үлгісінің ережелері сақталуы тиіс. Реферат көлемі компьютерлік баспамен 13-18 бет болуы керек. Шрифт – Times New Roman, шрифт көлемі – 14 кегль, жоларалық интервал – біреу. Бірінші беті стандартты.

Тақырыбы №. 4 Шаруашылық географиясы (қызмет көрсету саласы мысалында) 3– сағат

Тапсырмалар: берілген тақырып бойынша рефераттар дайындау.

СӨОЖ өткізу түрі: қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының орналасу моделдерімен танысу. Моделдерді талдау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: негізгі әдебиеттер көмегімен дәптерге неміс ғалымы Вальтер Кристалердің қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының орналасуының классикалық зерттеу теориясының сипаттамасын беру. Тақырып бойынша рефераттар дайындау. Реферат көлемі компьютерлік баспамен 13-18 бет болуы керек. Шрифт – Times New Roman, шрифт көлемі – 14 кегль, жоларалық интервал – біреу. Реферат жазу барысында тақырыпты ашып, қала рангымен Кристаллердің орталық орындар теориясымен қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының орналасу сәйкестігін түсіндіру керек.

Әдебиет:

1,2,3,5,7,8.

Тақырыбы №. 5 Қазіргі заманғы ғаламдық мәселелер 3 – сағат

Тапсырма: Қосымша акпарат көздерін пайдаланып, өз қалауларың бойынша келтірілген елдердің біріндегі демографиялык және азык-түлік проблемаларын шешу жобасын жасап, жобаларыңды корғап шығыңдар: 1) Үндістан; 2) Қытай; 3) Сомали.

СӨОЖ өткізу түрі: Дамушы елдерге тән азық-түлік проблемаларын атаңдар. Олардың себептерін түсіндіріңдер. Баяндама жасаңыз

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: : негізгі әдебиеттер көмегімен дәптерге азық-түлікпен қамтамасыз етілуі жөнінен Қазакстанды қандай елдер тобына жаткызуға болады? Еліміз халкын азык-түлікпен камтамасыз етуде қандай проблемалар бар деп ойлайсыңдар?

Әдебиет:

1,2,3,5,7,8.