4. Қазіргі дүние жүзі саяси картасындағы отарлы иеліктер.
5. Негізгі экономикалық және әскери блоктар және капиталистік елдерді топтау.
6. Америка, Европа, Азия, Африка, Австралия мен Океанияның саяси карталарына сипаттама.
тапсырмалар:
1. Дүние жүзінің кескін картасына шартты белгілермен, бояумен немесе штрихпен келесі елдер топатарын белгілеу:
- Социалистік елдер ;
- Нарықтық экономикалы елдер;
- Капиталистік елдер;
- Отарлар және метропилиялармен бірге жартылай отарлар;
- Монархиялы мемлекеттер;
- Дамушы елдер;
- Рекреациондық режимді дамушы елдер;
- Ресми –саяси нейтралитет 9станушы елдер;
- әр түрлі экономикалық, халықаралық, саяси және әскери ұйымдар мен блоктарға кіретін мемлекеттер;
- дүние жүзінің ыстық нүктесі бар болып саналатын елдері;
2. Дүние жүзі саяси картасының негізгі көрсеткіштеріне талдау жасау. Дүние жүзі саяси картасындағы өзгерулер факторларын анықтау.
3. №1 кестені толтыру.
Кесте 1.
Қазіргі даму кезеңіндегі капиталистік және дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық классификациясы
Капиталистік және дамушы елдер | Елдер |
|
- «Дүние жүзінің саяси картасына» номенклатура тапсыру.
Әдебиет:
1,2,3,6,7,9,10.
Тақырыбы №2 Дүние жүзі елдерін әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша топтау 2 сағат
Сабақтың мақсаты:
негізгі түсініктер мен терминдерді меңгеру (ғылыми); қызмет көрсету секторларының құрылымымен танысу; статистикалық мәліметтерді талдауға үйрену, статистикалық топтастырудың принциптерін игеру, елдердің жіктелуін текстік кесте түрінде көрсету.
Талқыланатын сұрақтар:
1. Атақты ағылшын экономисті Д. Рикардоның «әрбір ел басқалардан қарағанда жақсы шығатын өнімдерді шығарады» деген қағидасы нағыз өмірде неліктен жүзеге аспайды? Мұндай халықаралық еңбек бөлінісіне не бөгет жасайды?
2. Елдің белгілібір өнімді шығаруға шаруашылығының мамандануы үшін қандай жағдайлар қажет?
3. Қандай географиялық факторлар бір кезде Ұлыбританияның «әлемдік (шеберханаға) фабрикаға» айналуына әсер етті?
4. Логикалық ойлау жолымен автаркияның қоғамдық өндірістің төмендеуіне әкелетінін дәлелдеңіз.
5. Жаңа мәліметтерді пайдалана отырып, әлемдік шаруашылықтың материалды-заттық блоктарының дамуын талдап беріңіз.
6. Келесі түсініктерге анықтама беріңіз:
-бірінші өнеркәсіптік төңкеріс;
- екінші өнеркәсіптік төңкеріс;
-үшінші өнеркәсіптік төңкеріс;
- халықаралық еңбек бөлінісі;
- автаркия;
- күш орталықтары;
- инфляция ;
- девальвация, ревальвация;
- кедендік тарифтер;
- сыртқы сауда айналымы;
- сыртқы сауда балансы;
- төлем балансы;
- тікелей салымдар.
тапсырма:
1. Кескін картаға шартты белгілермен, бояумен немесе штрихпен келесі елдер топатарын белгілеу:
-БҰҰ-на кіретін мемлекеттер;
-ЕО-ға кіретін мемлекеттер;
-ОЭСР-ға кіретін мемлекеттер;
-ОПЕК-ке кіретін мемлекеттер;
-ТМД-ға кіретін мемлекеттер;
-ОЭС-қа кіретін мемлекеттер;
-ОИК-қа кіретін мемлекеттер;
-НАФТА-ға кіретін мемлекеттер;
-ЛАДИ кіретін мемлекеттер;
-МЕРКОСУР-ға кіретін мемлекеттер; Әдебиет: 1,2,3,7.
Тақырыбы №3. Шаруашылық географиясы (қызмет көрсету саласы мысалында) 2 – сағат
Сабақтың мақсаты: негізгі түсініктер мен терминдерді меңгеру (ғылыми); қызмет көрсету секторларының құрылымымен танысу; статистикалық мәліметтерді талдауға үйрену, статистикалық топтастырудың принциптерін игеру, елдердің жіктелуін текстік кесте түрінде көрсету.
талқыланатын сұрақтар:
1. Сөздіктерді және басқа да ақпараттық әдебиеттерді қолдана отырып, акелесі түсініктердің мазмұнын аш: «тұрмыстық қызмет көрсетулер», «коммуналдық қызмет көрсетулер», «іскерлік қызмет көрсетулер», «мәдениет», «денсаулық сақтау», «көтерме сауда», «жарнама», «білім беру», «туризм».
1. Қызмет көрсетудің әлеуметтік-экономикалық маңызы.
2. Қызмет көрсетуді территориялық ұйымдастырудың принциптері.
Тапсырмалар:
1-ші кестені толтыру.
Кесте 1.
Қызмет көрсету секторының құрылымы және жетекші елдер
Топтар | Салалар | Елдер |
- Жалпы шаруашылықтық қызмет көрсетулер - Жеке қызмет көрсетулер - Іскерлік қызмет көрсетулер - Әлеуметтік қызмет көрсетулер - Туризм қызметі |
Әдебиет:
1,2,3,5,7,8.