3. Металлургия және машина жасау өнеркәсібі.

4. Химия өнеркәсібі.

5. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі.

 

1. Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын қазіргі заманғы индустрия алуан түрлі өндірістердің жиынтығы болып табылады. Өнеркәсіп өнімінің 10%-ы өндіруші салаға тиесілі болса, қалған өнімді өңдеуші кәсіпорындар береді. Өнеркәсіп өндірісі құрылымы жағынан ғана емес, ұйымдасуы мен орналасуы жөнінен де күрделі жүйе болып табылады. Өнеркәсіп салаларының орналасуына әсер ететін факторлар: еңбек ресурстарының сапалық көрсеткіштері, көлік, байланыс, экологиялық жағдай, ғылыми-техникалық әлеует, т.б.

Өнеркәсіптің дамуы мен орналасуында қарама-қарсы екі бағыт түйіседі. Біріншіден, технологиялық жағынан сабақтас өндірістерді біріктіру негізінде аумақтық-өндірістік кешендер түзілсе, екіншіден, экономикалық тиімділік факторы негізінде бір саладағы кәсіпорындарды шашырата орналастыру байқалады.

Дүние жүзілік шаруашылықтың негізгі салалары: отын-энергетика өнеркәсібі, металлургия және машина жасау, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және балық аулау, көлік, өңдеуші (жеңіл және тамақ) өнеркәсіптері, материалдық емес шаруашылық салалары мен кәсіпорындары. Сонымен қатар Дүние жүзілік шаруашылық халқаралық және ішкі экономикалық байланыстар мен сауда-саттықтыда қарастырады.

2. Отын-энергетика кешені. Бұл кешен құрамына отын мен электр энергиясын өндіру, оларды тасымалдау енеді. Бастапқы энергия көздері, мұнай өнеркәсібі, газ өнеркәсібі, көмір өнеркәсібі, электр энергетикасы, атом электр станциялары.

3. Металлургия және машина жасау өнеркәсібі.Өңдеуші өнеркәсіптің бұл саласы күрделі технологиялық сатылардан: кен өндіру, бастапқы металды бөліп алу, алынған металдың сапасын жақсарту және т.б. тұрады. Қазіргі заманғы түсті металлургия өндірісі кен құрамынан 70-тен астам түсті металдарды бөліп алады, өнім көлемі жылына 20 млн тонна құрайды.

Машина жасау өнеркәсібіне өнеркәсіп өнімінің 36-40%-ы, индустрияда жұмыс істейтіндердің 34%-ы тиесілі. Қазіргі заманғы машина жасау 300-ден астам өндіріс түрін біріктіреді.

4. Химия өнеркәсібі. Бұл өнеркәсіптің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар:

1.алуан түрлі, құрамы жөнінен әр түрлі шикізат түрлерінің пайдаланылуы;

2.құрылымы жағынан өте күрделі болуы;

3.энергияны көп қажет етуі;

4.кейбір салаларының суды көп мөлшерде пайдаланылуы;

5.ғылымға негізделген ең жаңа өндірістің болуы;

6.экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өнімдерді шығаруға мамандануы;

7.шығаратын өнім түрлерінің көптігі.

5. Жеңіл өнеркәсіп. Саланың дамуындағы басты фактордың бірі сапалы жұмыс күшінің болуы. Құрылымы жағынан шартты түрде бірнеше сатылы өндірістен тұрады: шикізат өндірісі, жартылай дайын өнімдер өндірісі, дайын өнімдер шығару.

Тамақ өнеркәсібі – көптеген салалар мен өндірістік-технологиялық сатылардан тұратын күрделі жүйе. Оның құрамында бастапқы өндіріс, жартылай дайын өнімдер өндірісі, дайын өнімдер өндірісі бар.

Әдебиеттер 1,2,3,4,5,6,8,9,11,15

 

Дәріс №6. ТМД елдері және қазіргі заман географиясы (1 сағат)

1. ТМД одағының құрылу тарихы.