Дүние жүзі халқының нәсілдік құрамы.

Нәсілдер Нәсіл тармақтары Жер шары халқындағы үлесі, %
Негізгі нәсілдер:   Еуропалық нәсіл Монғол тектес нәсіл Экваторлық нәсіл     Солт. және оңт. Азиялық және америкалық Африкалық және аустралиялық 69,3   42,9 19,1   7,3

Аралық және аралас нәсіл топтары

Еуропалық және монғол тектес арасындағы топ

Еуропалық және африкалық нәсіл тармағы арасындағы топ

Монғол тектес пен аустралиялық нәсіл тармағы

30,4   4,2   9,0   17,2

Басқа нәсілдік топтар мен белгісіздері

0,3

 

Этнос немесе халық дегеніміз – тілі мен ата-қонысының, шаруашылық сипаты мен мәдениетінің ортақтығы негізінде тарихи қалыптасқан және бірыңғай ұлттық санаға ие адамдардың қауымдастығы. Дүние жүзінің нақты этностық құрамын анықтау өте қиын, ғалымдар этностар санын, шамамен, 3-4 мыңдай деп болжайды.

Дүние жүзінде халық мейлінше әркелкі орналасқан. Шығыс жарты шарда халықтың 85%-ы, ал батыс жарты шарда 15%-ы тұрады. Сонымен қатар солтүстік жарты шар үлесіне Жер тұрғындарының 90%-ы, ал оңтүстік жарты шар үлесіне халықтың 10%-ы ғана келеді. Жалпы алғанда, халық жеке аймақтар бойынша да біркелкі таралмаған. Құрлықтың 30%-ға жуығын ғана алып жатқан Азияда халықтың 61%-ы тұрады, үлесіне құрлықтың 6%-ы тиесілі Аустралия мен Мұхиттық аралдарда дүние жүзі халқының бар болғаны 0,5%-ын құрайды.

Халық саны мен жерінің ауданы арасындағы сәйкессіздік салдарынан аймақтар бойынша халық тығыздығының көрсеткіштері де айырма жасайды. Дүние жүзі бойынша орташа есеппен 1 км2 жерге 45 адамнан келеді. Еуропада бұл көрсеткіш 71, Азияда 83 ал Аусралия мен Мұхит аралдарында 3-4 адамға тең.

Халақтың көші-қоны оның орналасуы мен санына, құрамына үлкен ықпал жасайды. Жекелеген аймақтың немесе елдің халықаралық көші-қон ауқымын анықтау үшін иммиграция және эмиграция түсініктері пайдаланылады.

Қалалардың өсуі мен қалалық өмір салтының кеңінен таралуы, экономикалық қуаттың қаларда шоғырлануын урбандалудың басты қатар жатқызады. ХХ ғасырдың соңына қарай урбандалудың деңгейі мен ауқымы кеңейе түсті, Жер шары халқының 47%-ы, яғни 2 млрд 852 млн адам қалада тұрады.

Әдебиеттер 1,2,3,4,5,6,8,9,11,15

Дәріс №5. Қазіргі заманғы өнеркәсіп географиясы (1 сағат)

1. Дүние жүзілік нарық пен шаруашылықтың дамуы.

2. Отын-энергетика кешені.