Дәріс №2. Дүние жүзі елдерін әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша топтау 1 сағат

Дүние жүзі елдерін территориясының көлемі мен географиялық орнына, сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне қарай бір-бірінен ажыратуға болады. Осы тұрғыдан алғанда оларды басты екі түрге бөледі: экономикасы дамыған елдер және дамушы елдер.

Біріккен Ұлттар Ұйымы экономикасы дамыған елдердің қатарына Европаның, Азияның, Африканың, Солтүстік Американың, Австарлия мен Мұхиттық аралдардың шамамен 60 елін жатқызады. Олардың бәрінің экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі жоғары және жан басына келетін жалпы ішкі өнім мөлшері де айтарлықтай мол. Алайда, бұл елдер тобы іштей қарағанда айтарлықтай әркелкі болып келеді және оның құрамынан бірнеше топты бөліп көрсетуге болады.

1. «Үлкен жетілік елдері» — әлемнің нарықтық экономикасы жоғары дамыған жеті жетекші елі кіреді – АҚШ, Жапония, ФРГ, Франция, Ұлыбритания, Италия және Канада. Бұлар ірі экономикалық және саяси іс-әрекетімен көзге түсетін елдер болып табылады. Дүниежүзілік жалпы ұлттық өнім мен өнеркәсіп өндірісінің 50пайыздан астамы, ауылшаруашылық өнімдерінің 25 пайыздан астамы «жетіліктің» үлесіне келеді Жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім оларда 10 мың доллардан 25 мың долларға дейін жетеді. Олардың жетекшілігі территорияның және халық санының көптігімен анықталмайды, олардың әлемдік экономикадағы орнымен, өндіргіш күштерінің жоғарғы деңгейлігімен, ғылым мен техникадағы талассыз жетістіктерімен анықталады. Бұл елдердің көпшілігі ірі территорияларды отарлап, сол аймақтардан пайда тауып отырған. «Үлкен жетілік» елдерінің үлесіне дүниежүзілік жалпы ішкі өнімнің жартысына дерлік бөлігі келеді. Бұл елдер әлеуметтік және экономикалық интеграцияның жоғарғы деңгейлігімен ерекшеленеді.

2. Батыс Европаның жоғары дамыған кішігірім елдері және дәстүрлі нарықтық экономикалы Изра­иль, ОАР, Австралия және Жаңа Зеландия. (Соңғы төрт мемлекетті «қоныс аударушы капитализмді» немесе «импорт капитализмді» елдер деп те атайды. Бұл елдердің басым көпшілігінің ерешелігі – халықаралық саудадағы жоғарғы орны.

Кейбір елдер өз өнімдерінің жартысына жуығын сыртқы рынокқа бағыттайды. Берілген топтағы мемлекеттердің экономикасы өндірістік емес сфераға (халықаралық банк ісі, туризммен байланысты іскерлік және т.б.) тәуелді.

3. Қазіргі кезеңдегі мемлекеттердің ерекше тобына «жаңа индустриалды елдер» жатады: Оңтүстік Ко­рея, Тайвань, Сингапур, Малайзия, Таиланд, Аргентина, Бра­зилия, Мексика және т.б. Олардың барлығы дерлік экономикасында ауыл шаруашылығы өндіру өнеркәсібі басым даму деңгейі төмен елдер болған. Олардың жан басына шаққандағы кірісі төмен, ішкі нарығы дамымай қаржы проблемаларымен кездесіп отырған.

80-ші жылдардың аяғына қарай жағдай күрт өзгере бастады. ЖІӨ орта жылдық өсімі жөнінен «Үлкен жетілік» елдерінен басым бола бастады. Сыртқы сауда тез дамып, экспорттың 80 пайызы өңдеуші өнеркәсіптің үлесінде болды. Жаңа индустриалды елдердің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі жоғарғы көрсеткіштерге жетіп жатты (Сингапур – 10 мың доллардан аса, Оңтүстік Корея – 10 мың долларға жуық).

4. Жоспарлы – орталықтандыру экономикасынан нарықтыққа көшу үрдісі үстіндегі Шығыс Европа елдері (Латвия, Литва, Эстонияны қосқанда

5. Ресей және бұрынғы КСРО-ға кірген мемлекеттер (Балтық маңы республикаларын есепке алмағанда).

6. Қазіргі елдердің арасынан дүние жүзіндегі халық санының көптігімен ерекшеленетін, дамыған және дамушы елдердің, жоспарлы-орталықтанған және нарықтық экономиканың белгілері көрінетін Қытайды атап өткен жөн.

7. Келесі елдер тобына территориясының аумағы мен халық саны жоғарлығымен ерекшеленетін үш елді кіргізуге болады: Үндістан, Пакистан, Индонезия (Үндістанда 1 млрд. адамнан асады).

8. Сауд Аравиясы, Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі, Бруней, Ливия секілді сыртқа мұнай шығаратын елдер шағын топшаны құрайды. Бұл елдерде мұнайдан түсетін доллар тасқынының арқасында жан басына өндірілетін жалпы ішкі өнімнің мөлшері 10-15 мың доллардан асып түседі

9. Келесі типологиялық топқа «классикалық» даму үстіндегі жалпы экономикалық дамудың және жалпы ішкі өнім деңгейінің төмендігімен (жылына 1000 доллардан төмен) ерекшеленетін дамушы елдер. Бұл елдердің ауыл шаруашылығында еңбектің индустрияға дейінгі формасы басым, ал өңдеуші кәсіпорындар аз және техникамен нашар қамтамасыз етілген.

10. Мешеу дамыған елдер: Афга­нистан, Бангладеш, Бенин, Буркина-Фасо, Нигер, Сомали, Чад, Орталық Африка Республикасы және т.б. Олардың кейбіреуі теңізге де шыға алмай, әлеммен байланыс жасай алмайды. Нашар дамыған елдерде жан басына шаққандағы твбысы 100 доллардан аз, еңбектің индустриялыққа дейінгі формасы басым, білім және денсаулық сақтау жүйесі төмен дамыған.

Әдебиеттер 1,2,3,4,5,6,8,9,11,15

Дәріс № 3. Әлемнің экономикалық-географиялық аймақтары 1 сағат,

Жекелеген аймақтардың номенклатурасы негізінен мойындалған. Тек бұдан, Орталық Шығыс Европа (ОШЕ)елдері тыс қалды. Осыдан бірнеше жылдар бұрын көптеген авторлар мен халықаралық ұйымдар бұл елдерді және КСРО-ны Шығыс Европа аймағына біріктірді. Қазір, көптеген өзгерістерден кейін ОШЕ-ға Шығыс Ресейді, Белоруссия, Украина және Молдавияны енгізіп, оны Европаның немесе тіпті Батыс Европаның субаймағы деп атауда. Кейбір авторлар бұл сұрақты жан-жақты қарастырып, Европаның бұл бөлігіне аймақ деген мәртебе беруді жөн көрді. Өтпелі экономикалы «кеңестік блоктан» шыққан бұл елдер тобын өзінің әлеуметтік-экономикалық деңгейі мен даму сипатына орай Батыс Европа елдеріне қосу әлі де болса ерте. Бұл елдер европалық капитализмнің барлық кезеңінде маңызды роль атқарғандықтан ұқсас өркениетті белгілер өте көп, бұл жалпы қызығушылықтар мен қарама-қайшылықтардың болуына себепші.

Аймақтардың құрамы мен шекаралары да жалпы танылған. Алайда, кейбір мәселелер әлі де болса шешілмеген. Африкада бұл – Судан, Египетпен тарихи қарым-қатынастарына байланысты Солтүстік Африкаға және Орта Шығысқа жатқызады, ал нәсілдік, діни және көптеген мәдени ерекшеліктеріне қарай Қара Африкаға (Сахараның оңтүстігіне қарайғы Африка) жатқызады. Азияда бұл – Ауғаныстан және Папуа – Жаңа Гвинея. Біріншісі, үш мәдениеттің – орташығыс (ирандық), ортаазиялық және оңтүстіказиялық (пакистандық) мәдениеттердің қиылысында орналасқан. Бұл мәдениеттердің арасындағы күрес әлі де болса жалғасуда. Екіншісі, отарлап бөлудің нәтижесінде Оңтүстік Шығыс Азиядан тыс және Жаңа Гвинея аралдарынан шек қалған.

Аймақтардың қалыптасуының тарихи-географиялық ерекшеліктері келесі бөлімдерде қаралған. Аймақтар арасындағы басты айырмашылықтар қысқаша түрде төменде сипатталған.

Он шақты шетелдік аймақтардан (он бірінші қылып Ресей-Евразиялық аймақты қосуға болады) Батыс Европа мен Шығыс Азия өз беттерінше дамыды. Мәдени деңгейі төмен аймақтардан тыс халықтардың қоныс аударуы дамуды тежеп отырса да, негізінен жеңгендердің ассимиляциясымен аяқталды. Бұл аймақтарда қазір әлемдік экономиканың басты үш орталықтарының 2-уі орналасқан.

Тағы екі аймақ – Солтүстік Америкалық және Австралия (Жаңа Зеландиямен қоса) – негізінен Батыс Европадан қоныс аударғандардан тұрады, олар британдық өркениеттің жалғасы болып табылады. Солтүстік Америкада бұл үрдіс метрополиямен бәсекелестік күресте өтті және де мұнда әлемдік экономиканың 3 ірі орталықтарының біреуі орналасқан. Австралияда иммигрантардың басып кіруі аса байқалмады, оның эволюциялық дамуы империяның қамқорлығына сүйенді, және мұнда қазір британдық дәстүрлер Англиядан да жоғары дәрежеде сақталған. Алайда, қазіргі кезде елдің экономикасы мен мәдениеті Жапонияның әсерінде.

Латын Америкасы – бірнеше мәдениеттің – дәстүрлі үндістік, европалық (негізінен иберийлік), африкалық, солтүстік американдықтардың орналасуының біртексіз және күрделі нәтижесі. Аймақта католиктік дін ұстанатындар басым. Қазіргі таңда АҚШ капиталы мен мәдениетінің әсері аса зор.

Азиялық екі аймақ - Оңтүстік Азия мен Оңтүстік Шығыс Азия - өздерінің ежелгі мәдениетерінің негізінде дамуда. Аймақтардан тыс келген халықтардың басып алу әрекеттері өз іздерін қалдырып отырды (аймақтың жекелеген аймақтарында діндердің ауысуы – индуизм, буддизм, мұсылмандық), бірақ барлық кездерде өзгерістер жергілікті дәстүрлерге бейімделіп отырды (мысалы - әйелге деген көзқарас: соңғы жылдары исламдық Пакистанда премьер-министрдің лауазымына 3 рет әйел иеленді). Аймақтар бірінші болып соңғы европалық отарлауға қарсы күрес ашты, бірақ қазір Оңтүстік Шығыс Азияда жаңа әсерлер сезілуде: этникалық – қытайлықтар, экономикалық – жапондықтар.

Орта Шығыс пен Солтүстік Африка – абсолютті мұсылмандықтың басым аймақтары. Ол негізінен ішкі аймақтық процестердің нәтижесінде қалыптасқан, европалық одақтардың отарлауының терең іздері қалмаған.

Сахараның оңтүстігіне қарайғы Африка – соңғы бес ғасыр бойы отар болған дүние жүзінің ең кедей және артта қалған аймағы.

Оныншы аймақ – Орталық Шығыс Европа.

Әдебиеттер 1,2,3,4,5,6,8,9,11,15

 

Дәріс №4. Қазіргі дүне жүзінің халқы (1 сағат)

1. Дүние жүзі халқының өсіп-өнуі.

2. Дүние жүзі халқының құрамы.

1. Адамзат ұрпағының үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін туу, өлу және табиғи өсу процестерінің жиынтығын халықтың өсуі (табиғи қозғалысы) деп атайды.

Халықтың құрамын анықтайтын көрсеткіштер: Жас құрамы, еңбек ресурстары, жыныстық құрамы, нәсілдік құрамы, ұлттық құрамы, діни құрамы.

Халық саны туралы нақты ақпарат ұйымдасқан түрде жүргізілетін халық санақтары нәтижесінде ғана белгілі болады. Ғалымдар 15 мың жыл бұрын ғаламшарымыздың тұрғындарының саны 3 млн адамнан аспаған деп шамалайды. Әсіресе ХХ ғасырда халық санының айрықша жалдам артуы байқалды. Мысалы, 1930 жылы Жер шары халқы 2 млрд адам болса, 1962 жылы – 3 млрд, 1976 жылы – 4 млрд, 1987 жылы – 5 млрд, ал 1999 жылы 6 млрд адамға жетті. Халық санының мұндай күрт өсуі демографиялық жарылыс деп аталады.

Демографиялық көрсеткіштер алшақтығы әсіресе әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі әртүрлі елдерде айқын байқалады. Мысалы, 2000 жылы Нигерде туу көрсеткіші 54%0-ге, өлім коэффициенті 24%0-ге, ал сәбилер өлімі 123%0-ге жетті. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіштердің сандық қатынасы тиісінше 18%0, 10%0 және 14,5%0-ге тең болды.

Халықтың ұдайы өсуін реттеу мақсатында мемлекеттік деңгейде демографиялық саясат жүргізіледі. Демографиялық саясат – елдің демогшрафиялық проблемаларын шешу мақсатында мемлекет тарапынан табиғи өсуді реттеуге бағытталып, жүргізетін шараларының жиынтығы.

Жер шары халқының жастық құрамы тарихи кезеңдерде өзгеріп отырған. Жастық құрамның қазіргі сипаты: 14 жасқа дейінгілер бүкіл халықтың 30%-ын құраса, 15-59 жастағылар 60%-ын, ал жасы 60-тае асқандар үлесі 10%-ға тең. Демографиялық көрсеткіштердің әртүрлігіне байланысты халықтың жастық құрамының аумақтық ерекшеліктері айқын байқалады:

1. Алға басушы (прогрессивті) тип – халықтың жалпы санында балалардың үлесі жоғары;

2. Тұрақты тип – балалар мен егде адамдар санының тепе-теңдігі;

3. Кері кетуші (регрессивті) тип – халықтың жалпы санында егде адамдар үлесінің артуы.

 

2. Халықтың жыныстық құрамын сипаттау үшін ерлер мен әйелдердің халық жалпы санындағы үлес көрсеткіші пайдаланылады. Әдетте, дүниеге келетін ұлдар саны қыздарға қарағанда 5-6% артық болады. Қазақстанда 2004 жылы, жуықтап алғанда, 100 әйелге 92 ер адамнан келді.