Табиғи ресурстардың табиғи-экономикалық жіктелуі

Өндіріс өзінің даму барысында күннен-күнге табиғат ресурстарының көптеген түрлерін қамти отырып, оның пайдалану көлемін арттыра түсуде. Дүние жүзіндегі өнеркәсіптік өндіріс 1860 жылдан 1990 жылдарға дейін 120 есеге ұлғайды.

Дүние жүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдаланылу ауқымымен байланысты. Қазіргі жалпы дүние жүзілік отын қорлары бірінші кезекте көмір қорынан (жылу өндіру мүмкіндігінің 60%-на дейін), мұнай мен газдан (шамамен 27%) тұрады. Жалпы әлемдік өндірісте сұраныс басқадай: көмірге шамамен 30%, ал мұнай мен газға 67%-дан артық.

Минералдық ресурстар. Минералдық ресурстарға металдар, металл емес, пайдалы қазбалар, техникалық, құрылыс материалдары жатады.

Жер ресурстары. Адамзаттың жер ресурстарымен қамтамасыз етілуі әлемдік жер қорымен анықталады. Әлемдік жер қоры 13,1 млрд га, ал жер ресурстары 149 млн км2.

 

Дүние жүзінің жер қоры.

 

Түрлері Ауданы, млн км2 Үлесі, %
1 Ормандар мен тоғайлар 40,3 27,03
2 Табиғи шалғындар мен шөптесін-бұталы жайылымдар   28,5   19,13
3 Егістік алқаптары 19,0 12,75
4 Құрғақ шөлдер, жартастар, жағалау құмдары   18,2   12,21
5 Мұздықтар 16,3 10,94
6 Тундра және орманды тундра 7,0 4,70
7 Полярлық және биік таулы шөлдер   5,0   3,36
8 Антропогендік жарамсыз жерлер.   4,5   3,02
9 Батпақтар (тундрадан тыс) 4,0 2,68
10 Көлдер, өзендер, бөгендер 3,2 2,15
11 Өнеркәсіптік және қалалық жерлер   3,0   2,01

Барлығы

149,0 100

 

Су ресурстары. Абсолюттік деңгейде тұщы судың қоры адамзаттың қазіргі сұраныстарынан 10 мың есе көп. ХХ ғасырдың соңында түрлі шаруашылық қажеттіліктер үшін дүние жүзінде жылына 4 млн м3 су пайдаланылды. Суды өнеркәсіпте пайдалану 20 есе, ауыл шаруашылығында 6 есе, коммуналдық шаруашылықта 7 есе өсті.

Биологиялық ресурстар. Жердің биомассасы өсімдіктер мен жануарлар организмдерінен құралған.

Рекреациялық ресурстар. Қазіргі кезде әлемде рекреациялық ресурстар немесе демалу, емдеу-сауықтыру, туризм дамыған аумақтардың ресурстары аса зор маңызға ие болуда. Бұл ресурстар 4 топқа жіктеледі: а) рекреациялық емделу; б) рекреациялық денсаулық түзеу; в) рекреациялық-спорттық; г) рекреациялық іздену.

Әдебиеттер 1,2,3,4,5,6,8,9,11,15