2. Тариги-географиялық аймақтар.
3. Дүние жүзінің табиғат ресурстары.
1. Дүние жүзінің саяси картасында елдердің әлемдегі орны, саяси-әкімшілік құрылымы бейнеленеді. Сонымен қатар, саяси картада басты саяси-географиялық өзгерістер: жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесі ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астаналарының өзгеруі және т.б. көрініс табады. Дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын саласы зерттейді.
Саяси картаның өзгеруіне әсер ететін факторлар:
- Әр түрлі деңгейдегі соғыстар;
- Елдің тәуелсіздігінен айрылуы, шекаралары мен аумағының өзгеруі;
- Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы;
- Ел аты мен астана атауының өзгеруі;
- Мемлекеттердің ыдырауы мен бірігуі;
- Елдердің мемлекеттік құрылымы мен басқару жүйесінің өзгеруі;
- Елдер арасындағы және халықаралық келісімдер;
- Ел астанасының басқа қалаға көшірілуі.
Дүние жүзінің қазіргі саяси картасында өзінің тәуелсіздігін жариялаған 200-ден астам мемлекет бар, олардың арасында халықаралық деңгейде танылған елдер саны 191 ғана. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының объектілері қатарына мемлекеттік мәртебесі жарияланған 267 ел мен аумақ жатады. Оларды басты 2 топқа : 1) мемлекет мәртебесі жарияланған, халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлкеттер. 2) дербес басқару мәртебесіне ие болмаған тәуелді аймақтар деп екіге бөледі.
2. Халықаралық ұйымдар. 1919 жылы құрылған Ұлттар Лигасы деп аталатын халықаралық ұйым 1939 жылы өз жұмысын тоқтатты. ІІ дүниежүзілік соғыстан соң 1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан. Ұйымға 188 мемлекет (2000ж) мүше болды. БҰҰ басты органдары – Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі кеңес, Хатшылық.
Қазіргі әлем 16 тарихи-географиялық аймаққа бөлінеді:
1. Батыс Еуропа.
2. Шығыс Еуропа.
3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД).
4. Оңтүстік-Батыс Азия.
5. Оңтүстік Азия.
6. Орталық және Шығыс Азия.
7. Оңтүстік-Шығыс Азия.
8. Солтүстік Америка.
9. Латын Америкасы.
10. Солтүстік Африка.
11. Батыс Африка.
12. Орталық Африка.
13. Шығыс Африка.
14. Оңтүстік Африка.
15. Аустралия.
16. Мұхит аралдары.
Жалпы алғанда, қазіргі заманғы әлем - әр түрлі табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарының, алуан түрлі мәдениеттің, сан-салалы экономика мен әр бағыттағы саясаттың тоғысқан түйіні.
3. Соңғы уақыттарда географиялық орта ұғымымен қатар, ғылым салаларында қоршаған орта түсінігі де қолданыла бастады. Қоршаған орта деп – адамзат қоғамының барлық тіршілік және өнеркәсіптік әрекет ету отасын, адамды қоршаған, табиғи және антропогендік ортаны қоса есептегендегі барлық материалдық дүниені айтамыз.
Сонымен қатар мүмкіндігінше ресурстардың бір түрінің екіншісімен алмастырылуы да бөлініп қаралады: алмастырылатын (Мысалы, металлды пластмассамен немесе керамикамен алмастыруға болады) және алмастыруға болмайтын (дем алуға қажетті атмосфералық ауа).