ОҚу баҒдарламасы ( syllabus )
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қарағанды мемлекеттік Е.А.Бөкетов атындағы университеті
Биологи-география факультеті
География кафедрасы
Қазіргі дүние географиясы пәні бойынша
5В060900 – География (күндізгі), 5В011600 – География (сырттай) мамандықтары үшін
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ ( syllabus )
Күндізгі бөлім:
Курс: 4
Семестр: 7
Сырттай бөлім:
Курс: 2
Семестр: 4
Қарағанды 2016
Құрастырган Талжанов Серікболат Алдунгарович
география ғылымдарының кандидаты, доцент
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешен «Қазіргі дүние географиясы» курсы бойынша несиелік технология бойынша, 5В060900 – «География» және 5В011600 - География мамандығында оқитын студенттерге арналған. Қазіргі дүние географиясы базалық таңдау пәніне жатады. Қазіргі дүние географиясының заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, елдердің шаруашылық салаларының орналасу және даму мәселелерін меңгеруге мүмкіндік болады. Сонымен қатар қазіргі әлемнің әлеуметтік және саяси мәселелерін қарастырады. syllabus құрамында пән мазмұны, лекция тезистері, іс-тәжірибелік, СОӨЖ, СӨЖ тапсырмалары, тесттік сұрақтар үлгісі, емтихан сұрақтары, реферат тақырыптары, бағалау критериі берілген. Құрал – студенттерге пән материалдарын игеруге көмек жасайды деген үміттемін. syllabus 2014 жылғы оқу жоспарының бағдарламасына сәйкес құрастырылған
«Қазіргі дүние географиясы» пәні бойынша 5В060900 – География және 5В011600 - География мамандығы студенттеріне арналған оқу бағдарламасы / Дайынд. С.А. Талжанов - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2016. - б.
© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2016
1. Күндізгі оқыту нысанының жұмыс оқу жоспары
Оқу мерзімі | Курс | Семестр | Кредит саны | Лекиялар | Семиарлар | Лаборатор | соөж | сөж | Барлығы | Бақылау түрі |
4 | 4 | 7 | 3 | 30 | 15 | 45 | 45 | 135 | емтихан |
№№ | Тақырып атауы | Сағат саны | ||||
Дәріс | Семинар сабақ | Лабораториялық сабақ | СОӨЖ | СӨЖ | ||
1 | Кіріспе. Қазіргі дүне жүзінінің жалпы сипаттамасы. | 2 | 1 | - | 5 | 5 |
2 | Дүние жүзі елдерін әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша топтау | 3 | 2 | - | 5 | 5 |
3 | Әлемнің экономикалық-географиялық аймақтары | 3 | 1 | - | 5 | 5 |
4 | Қазіргі дүне жүзінің халқы | 3 | 2 | - | 5 | 5 |
5 | Қазіргі заманғы өнеркәсіп географиясы | 4 | 2 | - | 5 | 5 |
6 | ТМД елдері және қазіргі заман географиясы | 4 | 1 | - | 5 | 5 |
7 | Қазіргі заманғы ғаламдық мәселелер | 4 | 2 | - | 5 | 5 |
8 | Ғаламдық мәселелерді шешу жолдары | 3 | 2 | - | 5 | 5 |
9 | Қазақстан және қазіргі дүние географиясы | 4 | 2 | - | 5 | 5 |
Барлығы | 30 | 15 | - | 45 | 45 |