Референс-орталықтарға онкологиялық диспансерлерді бекіту
№ | Референс-орталық | ҚР онкологиялық ұйымдары |
1 | Қазақ онкология және радиология ҒЗИ | - Оңтүстік Қазақстан ООД, - Жамбыл ООД, - Алматы ООД, - Алматы РОД - Алматы қаласындағы ҚОД - Қызылорда ООД, - Батыс Қазақстан ООД, - Маңғыстау ООД, - Атырау ООД, -М. Оспанов атындағы БҚММУ МО |
2 | Қарағанды облыстық онкологиялық диспансері | - Солтүстік Қазақстан ООД, - Астана қаласындағы ҚОД - Ақмола ООД, - Қостанай ООД. |
3 | Семей өңірлік онкологиялық диспансері | - Павлодар ООД, - Шығыс Қазақстан ООД. |
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 02 тамыздағы
№ 452 бұйрығымен
бекітілген Стандартқа
5-қосымша
Радиотерапиялық жабдықты пайдалануға қабылдау
және енгізу тәртібі
1. Жаңадан қондырылған радиотерапиялық жабдықтар монтаж бен жөндеу аяқталғаннан кейін дайындаушы зауыттың регламентіне сәйкес жабдықтардың барлық сипаттамаларын тексере отырып, қабылданады.
2. Сәулелік терапия бөлімшесінің жабдықтарына қызмет көрсету бойынша инженер (физикалық-техникалық қамтамасыз ету блогы) қондыру мен жөндеу процесіне жабдықтарды кезең-кезеңмен қабылдауға қатысады. В Түпкілікті қабылдау сынауларын жүргізуге жабдықтарға қызмет көрсету бойынша физик пен инженер қатысады.
3. Барлық жүргізілген тексерулер, олардың нәтижелері мен ерекшеліктеріне сәйкестігі белгіленетін жабдықтарды қабылдау-тапсыру хаттамасы ресімделеді. Хаттамаға аппаратты қабылдап алған физик қол қояды. Хаттама жабдықтардың және оның барлық сипаттамаларының ерекшелігіне сәйкестігін растайтын құжат.
4. Жабдықтардың сипаттамаларын қабылдау тексеруінің нәтижелері сапаны бағдарламасы бойынша одан әрі тексеру үшін негіз болып табылады.
5. Қашықтықтағы сәулелік терапия үшін қондырғыларды қабылдағаннан кейін клиникалық пайдалануға дайындау орындалады. Блоктың физикалық-техникалық қамтамасыз ету физигі жоспарлауды және сәулелік емді жүргізуді қамтамасыз ету үшін қажетті көлемде радиациялық будақтарды өлшеуді жүргізеді және мыналарды қамтиды:
тірек нүктесіндегі (буданы калибирлеу) сіңірілген доза;
терең дозалық бөлу;
будалардың бейіні;
радиациялық шығу коэффициенттері;
қалыптасатын нәрселерді өткізушілік коэффициенттері.
6. МАГАТЭ/ДДҰ дозаларын пошталық бақылау бағдарламасы арқылы радиациялық будаларды калибрлеуді тәуелсіз бақылауды жүргізу міндетті. Сондай-ақ мүмкіндігінше басқа дозиметрлік жабдықтарды пайдалана отырып, физик-сарапшының өлшемдерге тексеру жүргізуі тиіс.
7. Брахитерапия аппараттары үшін өлшеу аппараттың таңбасы мен түріне, радионуклидтік көз бен жоспарлау жүйесіне сәйкес жүргізіледі.
8. Өлшеу жүргізілген күн мен физиктің қолы қойылған хаттамалар сақталады және сапаны бақылау бағдарламасы бойынша жабдықтардың сипаттамаларын одан әрі тексеру үшін негіз болып табылады.
9. Физик осы өлшеулерді өңдейді және жоспарлаудың компьютерлік бағдарламасына (бұдан әрі - ЖКЖ) енгізеді, сәулелеу жоспарының қолмен есептеуі үшін қажетті кестелерді есептейді.
10. Деректерді жоспарлау жүйесіне енгізгеннен кейін ЖКЖ-ға (верификациялау) дозаларды есептеу дұрыстығын тексеру жүргізіледі. Өрістердің әртүрлі өлшемдерімен, гантрилердің бұрыштарымен, көп жапырақты коллиматордың сынатәрізді сүзгілерді қолдана отырып, коллиматормен су фантомы үшін жоспарлар есептеледі, тән нүктелердегі дозалар есептеледі. Одан кейін су фантомасында дозаларды өлшеу жүргізіледі және жоспарлау дәлдігі бағаланады.
11. Физик әдістемелік ұсынымдарға сәйкес және физиктер мен инженерлердің бар штаттарына, бар дозиметриялық жабдықтарға сәйкес радиотерапиялық терапияның сапасын бақылау бағдарламасын әзірлейді.
Барлық тексерулерді жүргізгеннен кейін радиотерапиялық жабдықтарды клиникалық пайдалануға рұқсат етіледі.
12. Радиотерапиялық аппараттарды клиникалық пайдалануға дайындауды жүргізу үшін қажетті уақыт (кемінде):
1) қашықтықтағы гамма-терапиялық аппарат – 10-15 жұмыс күні;
2) 1 фотондық будасымен төмен қуатты сызықтық жылдамдатқыш – 30 жұмыс күні;
3) 2 фотондық будасымен және 5 электрондық будасымен жоғары қуатты сызықтық жылдамдатқыш – 70 жұмыс күні. Егер жылдамдатқышта сәулелік терапияның күрделі қазіргі заманғы техникалары жоспарланса, онда осы техника бойынша ұсынымдарға сәйкес өлшеулер үшін қосымша уақыт қажет;
4) рентгенотерапиялық аппарат – 15-20 жұмыс күні;
5) брахитерапиялық аппарат – аппараттың түріне қарай 10-15 жұмыс күні.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 02 тамыздағы
№ 452 бұйрығымен
бекітілген Стандартқа
6-қосымша