1870жылғы 5сәуірде көтерілісшілер Александровск фортына шабуылдады.
1870жылғы мамырда Маңғыстауға Кавказдан әскери топ жеткізіліп,көтеріліс талқандалды.
Әскери министр Милютиннің«бұларды келістіріп жазалау керек» деген нұсқауына сәйкес Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский көтерілісшілерді 3ай бойы қудалады1870жылғы желтоқсанда И.тіленбайұлы,Д.Тәжіұлы,И.Көлұлыбастаған 3000 шаңырақ Хиуа хандығына өтіп кетті.Бұл көтерілістердің тарихи маңызы:тұңғыш рет қазақ жұмысшыларының күреске қатысуы;ХІХғ. 70-80ж.Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.
1869жылғы наурыз-маусымда 30000 шаруа феодалдарға қарсы 41рет шабуылдады.Көтерілісшілерге қарсы подполковник Рукиннің,граф Комаровскийдің,генерал-губернатор Веревкиннің жазаушылар тобы жіберілді.
Ақсүйектер опасыздығынан көтеріліс талқандалды.Жеңілу себептері:қарудың аздығы,ауызбірліктің болмауы,ақсүйектер опасыздығы,шаруалардың түпкі мақсаттарын жете түсінбеуі.
1870 жыл-Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі.
Көтерілісшілер жетекшілері:Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы.Көтерілістің себебі:40мыңдық шаңырақтан тұратын Адай руы екі жылда 160000 сом салық төлеуге тиіс болды.Көтеріліске түрткі болған оқиға:жазалаушылардың адайлықтардың мекендеріне жақындауы.
1870жылы 16наурызда Маңғыстау приставы подполковник Рукин тобы «Ережелерге»қарсылық білдіріп көшуге бел байлаған адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты.
Бозащы түбегінде 200көтерілісші жазалаушыларды қоршап алып талқандады.Рукин атылып өлді.Қозғалыс бүкіл Маңғыстауға таралып,Николаевск станциясы мен Александровск фортының балық аулау кәсіпшіліктеріндегі жұмысшылар қосылып,көтерілісшілер тобы 10000-ға жетті.
1870жылғы 5сәуірде көтерілісшілер Александровск фортына шабуылдады.
1870жылғы мамырда Маңғыстауға Кавказдан әскери топ жеткізіліп,көтеріліс талқандалды.
Әскери министр Милютиннің«бұларды келістіріп жазалау керек» деген нұсқауына сәйкес Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский көтерілісшілерді 3ай бойы қудалады1870жылғы желтоқсанда И.тіленбайұлы,Д.Тәжіұлы,И.Көлұлыбастаған 3000 шаңырақ Хиуа хандығына өтіп кетті.Бұл көтерілістердің тарихи маңызы:тұңғыш рет қазақ жұмысшыларының күреске қатысуы;ХІХғ. 70-80ж.Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.
44. ХIХ ғ. екінші жартысы мен ХХғ. басындағы Қазақстандағы Ресей империясының қоныс аудару саясаты.
Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуының себептері, мақсаты, барысы. Жетісуда егіншіліктің дамуына XIX ғасырдың 70–90 жылдарында Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендер ықпал етті. Қоныстандыру екі кезеңде болды. Бірінші кезеңде 1877 жылы Тоқмақ ауданына (Солтүстік Қырғызстан) шэньси дүнгендерінің бір тобы келді, 1881–1883 жылдары, Санкт-Петербург шартына сәйкес, Іле өлкесінен ұйғырлар мен дүнгендердің негізгі көпшілігі қоныс аударды. Қоныстанушылардың жаңадан 5 болыс: Жаркент және Кетпен (қазіргі Панфилов ауданының аумағында), Ақсу-Шарын (Ұйғыр ауданында), Малыбай (Шелек ауданында), Қарасу (Еңбекшіқазақ ауданында) болыстары құрылды. Жетісуда ең жақсы жерлер казактардың пайдасына тартып алынып қойғандықтан, ұйғырлар мен дүнгендер қолдан суландырылмайынша егіншілікке онша жарамды болмаған учаскелер алды. Облыстың село халқын жерге орналастыру жөнінде 1882 жылы Жетісу облыстық басқармасы белгілеген ережелер негізінде дүнгендер мен ұйғырлар әрбір еркек адамға 10 десятинадан жер алуға тиісті еді. Алайда 1885 жылы қоныстанушыларға үлесті жер бөліп беру қолға алынған кезде, әрбір еркек адамға 4–5 десятинадан ғана жер бөлініп беріліп, 1892 жылдың 1 қаңтарынан бастап оброктық алым – салық салынатын болды. Селодағы және қаладағы ұйғыр мен дүнген халықтары өздерінің әкімшілігі, мешіті және оны басқаратын дінбасы бар қауымдарға бөлінді. Қоныстанушылардың кедейленген бөлігі алғашқы кездерде өздеріне берілген үлесті жердің шағын учаскелерін ғана игере алды. Соның нәтижесінде қауымдар ішінде өзінше бір арендалық қатынастар қалыптасып, қауымның кедей мүшелері өздерінің үлесті жерлерін немесе олардың едәуір бөлігін қауымның әлді мүшелеріне беріп отырды, ал өздері «арендаторларға» күнделікті жұмысшылар (мердігерлер) ретінде өнімнің бір бөлігін алатын болып жалданды. Бұл үлесті жерлер формальды жағынан әлі де бұрынғы иелерінің атында болып қалғанымен, іс жүзінде олар жаңа қожайындардың толық иелігіне көшетін. Сөйтіп, қауымдардың жоғары бай топтары, дінбасылар және дүнген, ұйғыр қауымдарының селолық әкімшілігінің өкілдері қауымның көптеген мүшелерінің үлесті жерлерін өз қолдарына шоғырландырып, ірі жер иелеріне айналды. Қауымдық жерлердің село байларының қолына шоғырлануына дүнгендер мен ұйғырлардың шет кәсіпке кетуі де себепші болды. Алған жерлері құнарсыз болып, жұмыс көлігі мен ауыл шаруашылық құралдары болмаған кедейлер алым-салықтар төлеу жөніндегі жеңілдік берілген мерзім біткеннен кейін мүлдем күйзелді, өздерінің үлесті жерлерін жаппай тастап, қалаларға жалдама жұмысшы және ауыл шаруашылық батырақтары болып табыс іздеп кетті. Дүнгендер мен ұйғырлар өздерімен бірге Жетісуға жасанды жолмен суландырылатын егіншіліктің қалыптасқан дәстүрлерін әкелді. Дәнді дақылдар ішінде бидай басым болып, жердің жартысынан астамына бидай егілді. Ұйғырлар сондай-ақ мақта өсірумен және ішінара жібек құртын өсірумен де айналысты. Дүнгендер мен ұйғырлар май дайындау үшін зығыр мен күнжіт, қыша екті. Кейіннен темекі өсіріп, оны жергілікті рынокта тиімді етіп өткізе бастады. Жетісуда қоныс аудару қоныстандырушыларға да әсер етпей қойған жоқ. Егер бұрын ұйғырлар мен дүнгендер шаруашылығында ағаш сабандар мен басқа да добал құрал-саймандар қолданылып келсе, енді олар темір соқаларды, тырмаларды, сеялкаларды, т. б. пайдаланатын болды, жаңа ауыл шаруашылық дақылдарын: сұлы, темекі, картоп, помидор және басқаларын егуді игерді. Байырғы халықтар – қазақтар мен қырғыздардың әсерімен дүнгендер мал шаруашылығымен айналыса бастады. Ұйғырлар мен дүнгендердің тарихи тағдырлары Ресейдің бір бөлігі ретіндегі Қазақ өлкесі халықтарының тағдырымен тығыз астасып кетті.
45. ХХғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайы.
1905 – 1907 жж. бірінші орыс революциясының Қазақстанға әсері. Қазақстан еңбекшілерінің 1905–1907 жылдардағы ереуілдері орыс халқының революциялық күресімен тығыз байланысты еді. 1905 жылы ақпанда Орал, Перовск, Түркістан, Шалқар теміржолшылары өздерінің экономикалық жағдайларын жақсарту талабын қойған ереуіл жасады. 1904 жылы пайда болған Сібір социал-демократиялық одағы, оның Омбы, Орынбор, Саратов комитеттері Қазақстан жерінде революциялық жұмысты күшейте түсті. 1905 жыл Қазан айындағы Бүкілресейлік ереуілдің әсерімен Қазақстанның барлық қалаларында шерулер, митингілер мен жиналыстар болып өтті. Перовскідегі, Оралдағы, Қарқаралыдағы, Павлодардағы манифестациялар неғұрлым ірі болды. Оларды орыстар арасынан және қазақтардан шыққан жергілікті зиялылар ұйымдастырды. Қарқаралыдағы 1905 жылғы 15 қарашадағы үлкен саяси митингке қазақтардан, татарлардан, орыстардан және басқаларынан тұратын 400-дей адам қатысты. Олар патша өкіметіне қарсы бірқатар талаптар қойды, отаршылық әкімшілікке қарсы күресуге шақырды. Кейіннен Қарқаралы оқиғасының басшылары қуғынға ұшырады. А. Байтұрсынов Орынборға, Ж. Ақбаев Якутияға жер аударылды. Патша өкіметі 1905 жылы 17 қазанда елдегі революциялық қозғалысты басу мақсатында арнайы манифест қабылдады. Бірақ бұл жоғары мәртебелі манифест жұмысшы қозғалысын бәсеңдеткен жоқ, қайта кейбір жерлерде күшейте түсті. Қазақ жұмысшылары мен шаруалары патша өкіметіне орыс жұмысшыларымен және қоныстанған шаруалармен қол ұстаса отырып қарсы шықты. Қазақ шаруалары ең алдымен жер, су үшін, теңдік, бостандық пен тәуелсіздік үшін күресті. 1905 жылы жазда Семей, Торғай және Орал облыстарында жер үшін толқулар болды. Мәскеудегі желтоқсан қарулы көтерілісінің әсерімен 1905 жыл 11 желтоқсанда Успен руднигіндегі жұмысшылардың ірі ереуілі өтті. Ереуіл барысында орыс жұмыскері Петр Топорнин мен қазақ жұмысшысы Әлімжан Байшағыров басқарған «Орыс-қырғыз одағы» құрылды. Жұмысшылар өздерінің жалпы жиналысында қабылдаған талаптарын «Петиция» ретінде рудник басшысы Н. Фелльге тапсырды. Оның бірде-бір пункті қабылданбағандықтан «Орыс-қырғыз одағының» шақыруымен рудникте ереуіл басталды. Рудник кеңсесі үстіне қызыл жалау көтерілді. Успен руднигі жұмысшыларының ереуілі 1905–1907 жылдары Қазақстанда болған революциялық қозғалыс тарихында көрнекті орын алады. Яғни, ол өлкеде революциялық қозғалыстың ең жоғарғы шарықтаған кезі деп саналады. 1906 жылы 6 қаңтарда патшаның арнаулы жарлығымен Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағына соғыс жағдайы енгізілді. Солтүстік Қазақстанға Меллер-Закомельскийдің жазалау экспедициясы әкелінді. 1905–1907 жж. болған революциялық қозғалыстармен байланысты Қазақстан жұмысшыларының кәсіподақ ұйымдары бой көтерді. Алғашқылардың бірі болып Оралдағы теміржолшылардың кәсіподағы (1905 ж. қараша) құрылды, оған Н. Смуров, Н. А. Покатилов және Н. И. Ульянов басшылық жасады. 1905–1906 жж. Орынбор-Ташкент теміржолшыларының кәсіподағы ең ірі ұйым болып саналды. Оның 6 мың мүшесі болған. 1905 жылы желтоқсан айында I Мемлекеттік Думаны шақыру туралы патша үкіметінің жарлығы шығып, оған Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде 4 қазақ сайланды. Олар: Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов, Б. Құлманов. 1906 жылы тамыз айында II Мемлекеттік Дума шақырылды. Оған Қазақстаннан 14 депутат сайланды, оның алтауы қазақ халық өкілдері болды. Олар: Ш. Қошығұлов – Ақмола облысынан, Х. Нұрекенов – Семей облысынан, Б. Қаратаев – Орал облысынан, А. Бірімжанов – Торғай облысынан, Т. Аллабергенов – Сырдария облысынан, М. Тынышбаев – Жетісу облысынан. Ұлттық қозғалыстың Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов бастаған жетекшілері халықтың азаттық қозғалысын конституциялық монархия, либерал –демократиялық реформалар жүргізу үшін күреске бағыттағысы келді. 1905 жылы қазанда ұлттық интеллигенция өкілдері Оралда бес облыстағы қазақтардың делегаттарының съезін өткізіп, онда олардың ұлттық мүддесін қорғауға тиісті Ресейдің конституциялық-демократиялық партиясының филиалын құрмақшы болды. 1906 жылы сәуір-мамыр айларында Семейде қазақтардың екінші съезі болып өтті. Қазақ еңбекші бұқарасының 1905–1907 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысы көп жағдайда ұйымдаспаған түрде өтті.