42 ХIХ ғ. 60-90 жылдардағы Қазақстандағы әкімшілік –саяси реформалар.
Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысы... 1861ж Орынбор губернаторы қызметін уақытша атқарған генерал А.П.Безак Катениннің саяси бағытын жалғастырып, әскери министр Милютинді Орта Азия хандықтарына қатысты әскери шараны қолдау қажеттігіне сендірді. А.П.Безак Сырд өзені бойымен Ресей шекарасын құрудағы өзінің ұсынысын дәлелдеп, әскери қимыл/дың Орынбор мен Сібір линиясын тез арада қосуға бағытталуын айтты. А.П.Безак тек Түркістанды басып алумен шектелмей, Орынбор мен Сібір линиясын қосатын жер Ташкентті де басып алуды ұсынады. Бұл тапсырма/ды жүзеге асыруды ол Ресей үшін бірнеше пайдамен байланыстырды . Ресейдің Оңт Қаз-ы экспансиясы және де Ақмешітті, Түркістанды, Әулие-Атаны, Шымкентті қорғаушы/ды талқандауы ерекше қатыгезділікпен жүргізілді. Шымкент алынғаннан кейін орыс үкіметінде Орта Азияға қатысты әскери және саяси шара/ бойынша қарама-қайшылық күшейді. Континенттегі халықаралық жағдайдың шиелінісуін ескеріп, А.М.Горчаков Орт Шығ-ы Ресейдің бірдей саяси бағытын жүргізу қажеттігіне сенді. 1864 ж қарашада Сыртқы істер министрлікпен бірігіп патшаға ортаазиялық аймақтағы қимылдардың нақты бағдарламасы көрсетілген, арнайы баяндаманы дайындады. Орт Азиядағы орыс үкіметінің экспансиялық саясатын ақтап, екі министрлік те оның сипатын Ресейге бағынышты территориядағы көшпенді/дің шапқыншылық/ынан елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «қорғаныс» бағытында көрсетті. Сол уақыттағы баяндамада төмендегі жайт сенімді айтылған: басып алынған аймақта Ресей позициясын күшейту қажеттілігі, алдағы шапқыншылық/дан бас тарту, Орта Азиялық билеушілермен адал қатынасты сақтауға және о/ға орыс/ жағынан «ықпалдастықты» күшейту. 1864ж 21 қарашада екі министрліктің жоспарын патша мақұлдап, Орта Азиялық мәселе бойынша үкіметтік бағдарлама маңызға ие болды. Алайда ақырында Орынбор мен Омбыда жергілікті әкімшілік орган/ әскери топ/ Петербург кабинетінің «үнсіз келісуімен бірнеше рет бұл бағдарламадан бас тартып отырды». Ташкенттің болашақтағы құқықтық мәртебесі жөнінде көпке созылмаған пікір сайыс/дан кейін 1866ж жазда ІІ Александр оны Ресей құрамына қосу туралы ереже шығарды. Бір жылдан соң 1867ж шілде айында қайта құрылған Жетісу мен Сырд облыс/ы кірген орталығы Ташкент қаласы болған Түркістан генерал-губернаторлығын құру туралы заң жариялайды. Оңт Қаз-а Ресейдің мем-к әкімшілік жүйесінің тарауы мен оны үлкен этникалық империя құрамына қосуға дайындалды. Содан бері Қаз-н Ресейдің отарлық шебіне айналды1867-1868 жж. «Уақытша ереже» енгізілуіне қарсы Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтардың көтерілістерінің барысы және нәтижесі. Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс (1868–1869 жж.) «Уақытша ереженің» енгізілуі Орта жүзде қарсылыққа кездеспеді, сөйтіп көтеріліс негізінен Кіші жүзді қамтыды. Зерттеуші Н. А. Середа Орал облысындағы ашу-ызаның себебі «халық пен реформаларда» емес, қазақтарды сұлтандар арқылы басқару әдісінде деп білді. Көшпелі халықтың ашу-ызасын туғызған факторлардың бірі үкіметтің фискалдық саясатының қатайтылуы еді. Оның үстіне қатардағы көшпелілер мен ауқатты отбасылар бірдей міндеткерлік атқарды. Мұның өзі патша өкіметінің қазақ қоғамының артықшылықтары, топтары жөніндегі қамқоршылық саясатының көрінісі болды; салықтар мен басқа да міндеткерліктердің күрт көбейтілуі Орал, Торғай облыстарында халықтық бой көрсетулердің басталуына түрткі болды. Патша «Уақытша ережені» мақұлдағаннан кейін үкіметтің бірден дерлік жүзеге асырыла бастаған салық саясатына қазақтардың наразылығы 1868 жылғы қарашаның аяғына қарай қарулы қарсылыққа ұласты. Нашар қаруланған, бірақ жер жағдайын тамаша білген көтерілісшілерге қарсы қимылдаған шағын казак шолғыншылары олардың тегеурінін әлсірете алмады. Жазалаушылардың неғұрлым ұйымдасқан қимылдары 1869 жылдың көктемінен басталады. Наурыз айының басында Орынбордан Жем ауданына екі жүздік казак отряды жіберілді. Бірақ далада келе жатқан кезінде отряд үкіметтің әлі де реформа енгізуге батылы бармай отырған Қобда және Елек өзендерінің бойында қимыл жасап жүрген «қазақтар қарақшыларының» шабуылына ұшырады. Көтерілісшілердің бұл тобы біріне Ханғали Арсланов сұлтан, екіншісіне Ықылас Досов басшылық еткен екі жасақтың біріккен күші болғаны анықталды. Көтеріліс Орал облысының солтүстік-батыс аудандарын, атап айтқанда, бұрынғы халық көтерілістері бойынша да отаршылдыққа қарсы қозғалыстарға белсене қатысқаны аңғарылған жауынгер табын, шекті руларының қоныстарын кең қамтыған. Бұл жолы да табындар реформадан кейінгі кезеңдегі отаршылдыққа қарсы күреске елеулі үлес қосты. Маңғыстаудағы көтеріліс (1870 ж.) «Уақытша ереже» Маңғыстауда 1870 жылы енгізілді. Патша әкімшілігі Маңғыстаудың негізгі халқы – адай руы «Уақытша ережені» күрессіз қабылдамайды деп қауіптенді және оны жүзеге асыру үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды күтті. Маңғыстау приставы подполковник Рукин дала тұрғындарының қиын жағдайымен санаспай, адайлардан 1869–1870 жылдар үшін шаңырақ алымын жаңа тарифке сәйкес дереу енгізуді талап етті; көптеген жергілікті тұрғындар, соның ішінде Бозашы түбегінің балықшы жатақтары Рукиннің талабын орындаудан бас тартты. Адайлардың жайлауға көшуін күштеп тоқтатуға тырысқан Рукиннің ойланбай жасаған әрекеттері жер-жерде көтерілістің басталуына себеп болды. Көтерілісшілердің жетекшісі Иса Тіленбаев қалың бұқараға басшылық етуде шеберлік және жазалаушылармен келіссөздерде дипломатиялық әдептілік танытты. Көтерілісшілер сәуір айының басында Николаев станицасына, Александровск фортына шабуыл жасады, алайда олар сәтсіздікке ұшырады. Патшалық өкімет орындарын көшпелілердің батылдығы қорқытты, мұның өзі оларды қосымша әскери көмек сұрауға мәжбүр етті; Кавказдан тың күштердің келуі күштердің арақатынасын өзгертті. Қозғалысты басуға басшылық жасау қолына шоғырландырылған граф Кутаисов «ең жабайы, дөрекі және жауынгер қазақтарды» тыныштандырудың өз жоспарын ұсынды. Графтың жоспарында «елдің ішіне тереңдей еніп, онда жергілікті адайлар өздерінің көшуі үшін қажет болған кезде айналып өте алмайтындай бекіністерді алдын ала басып алып», сол арқылы олардың шегінетін жолына кедергі жасау, «бағынуға мәжбүр ету» көзделді. Орыс отрядтарының алуы үшін қолайлы бекіністер ретінде Кутаисов Маңғыстаудың Киндері шығанағынан және Үстірт қыратының солтүстік бөлігінде, Орынбор даласымен «көршілес» жатқан Сағым алқабынан жүз шақырым жердегі Бесақты шатқалын таңдап алды. Графтың жоспары сәтсіздікке ұшыраған жағдайда Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы Н. А. Крыжановский жергілікті тұрғындардың Үстіртке, «бейбіт ауылдарға өздерінің шегіне кірер жолын жауып тастауды ұсынды». Қозғалыс жетекшілерінің Хиуа хандығына оның тарапынан сырттай қолдауды қамтамасыз етуге үміт артып делегация жіберуі жергілікті өкімет орындарын тағы да мазасыздандырды. Оның үстіне патша өкіметі оңтүстік аймақты басып алғаннан кейін Хиуаның Ресей сияқты құдіретті әскери державамен жанжалға баруы екіталай болатын. 1870 жылдың желтоқсанында қозғалыстың жетекшілері Досан Тәжиев, Ержан, Ертімбет Құловтар, Иса Тіленбаев және олардың көптеген серіктері 3 мың шаңырақпен Хиуа хандығының шегіне өтті. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – қазақ шаруалары өз қатарларын берік біріктіруге қол жеткізе алмады, мұның өзі саны жөнінен болмашы жазалаушы отрядтардың халық қарсылығының негізгі ошақтарын тұншықтыруына мүмкіндік берді; қазақ шаруаларының рулық тар өрістері мүдделері отаршыл империяның әскери құрамаларының өзінің ұйымдасуы жағынан едәуір кем түскен көтерілісшілер жасақтарындағы тұрақтамаушылықты туғызды. Көтеріліс шағын сипатта болғанымен, оның географиялық шеңбері тым ауқымды болды – бүкіл дерлік Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстанның бір бөлігі қазақ шаруаларының бой көрсетулерімен қамтылып, «Уақытша ереженің» жүзеге асырылуын қиындатты.
43.1868-1869жж.Орал,Торғай облыстарындағы және 1870ж.Маңғыстаудағы қазақ көтерілістері.
1867-1868жылдардағы реформалар отаршылдық езгіні тереңдетті:
-Жерді патша үкіметінің мемлекеттік меншігі етіп жариялады.
-Жаңа бекіністерді көптеп салды.
-Салықтар көбейтілді(шаңырақ және земство салығы).
Осы ауыртпалықтар қазақ шаруаларын азаттық күреске көтерді.
1868 жылдың желтоқсаны мен 1869 жылдың қазаны аралығы –Орал мен Торғайдағы көтеріліс отаршылдыққа қарсы және антифеодалдық сипатта болды.
Көтеріліс жетекшілері:Сейіл Түркібайұлы және Беркін Оспанұлы.Көтерілісті басқаруға артықшылықтарынан айырылған ру басылары қатысып,кейін көтерілістің бұқаралық,таптық бағытынан сескеніп ауытқыды.Көтерілісшілердің талаптары:еркін көшіп-қонуды сақтау;жер сатуды тоқтату;уезд бастықтарын бекіту шарттарын жою;салықты жою.
1869жылғы 6мамырда Жамансай көлі маңында 20000 көтерілісші фон Штемпель тобын 7күн бойы қоршап,жазалаушылар шайқаспай әскери шепке қайтып кетті.
1869жылғы наурыз-маусымда 30000 5аруа феодалдарға қарсы 41рет шабуылдады.Көтерілісшілерге қарсы подполковник Рукиннің,граф Комаровскийдің,генерал-губернатор Веревкиннің жазаушылар тобы жіберілді.
Ақсүйектер опасыздығынан көтеріліс талқандалды.Жеңілу себептері:қарудың аздығы,ауызбірліктің болмауы,ақсүйектер опасыздығы,шаруалардың түпкі мақсаттарын жете түсінбеуі.
1870 жыл-Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі.
Көтерілісшілер жетекшілері:Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы.Көтерілістің себебі:40мыңдық шаңырақтан тұратын Адай руы екі жылда 160000 сом салық төлеуге тиіс болды.Көтеріліске түрткі болған оқиға:жазалаушылардың адайлықтардың мекендеріне жақындауы.
1870жылы 16наурызда Маңғыстау приставы подполковник Рукин тобы «Ережелерге»қарсылық білдіріп көшуге бел байлаған адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты.
Бозащы түбегінде 200көтерілісші жазалаушыларды қоршап алып талқандады.Рукин атылып өлді.Қозғалыс бүкіл Маңғыстауға таралып,Николаевск станциясы мен Александровск фортының балық аулау кәсіпшіліктеріндегі жұмысшылар қосылып,көтерілісшілер тобы 10000-ға жетті.