13-тақырып Кәсіби бәсекелестік. Бәсекеге қабілетті азаматтар – Қазақстанның болашағы. Қазақстан-2030. Етіс категориясы.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Етістерді қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

КӘСІБИ БӘСЕКЕЛЕСТІК

ХХІ ғасырда тәуелсіз Қазақстанның болашағы білім мен ғылымда. Елбасы өзінің Жолдауында білім беру мәселесіне айрықша мән берген. Мемлекетіміздің инновациялық стратегиясын жүзеге асыруды – болашақтың бағдарламасы деп атаған. Қазақстанның халықаралық бәсе­кеге қабілеттілігін арттырудың мақсатты міндеттері бұл әлемдік сапа стандарттарына сай бәсекеге қабілетті білімді қамтамасыз ету талаптары болып табылады.

Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында да, жаңа технологияларды енгізу, компьютерлендіру бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға жол ашуда. Жоғары білімді дамытудың негізгі мақсаты мамандар даярлау сапасын арттыру, инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады.

Ұлы Абай­дың адамның үш қасиеті “нұр­лы ақыл, ыстық қайрат, жылы жү­рек” де­ген пайымы осы заман­дағы ба­­сым­дықтарды – ғылым және бі­лім­ді /ақыл-парасаттылық ас­пект/, инновациялық жүйені /қыз­­меттік аспект/, ұлттың рухани әлеуеті мен мәдениетін /құнды­лықты аспект/ дамытудың қажетті шарттары болып табылады.

Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі – бұл әрбір қазақстандықтың, барша қоғамның және мемлекеттің бәсекеге қабілет­ті­лігі. Әрқайсымыз да бәсе­ке­лес­тікті үйренуіміз және бәсеке жағ­да­йында жеңімпаз бола білуіміз керек.

Бәсекеге қабілетті интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды

Тапсырмалар:

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

2. Мына сөз тіркестерін есте сақтаңыз: халықаралық бәсе­кеге, ұлттық бәсекелестік, еліміз егемендік алып, нұр­лы ақыл, ыстық қайрат, жылы жү­рек

3. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеп беріңіз.

4. Осы тақырыпта сұқбаттасыңыз.

5. Ұлы Абайдың «Адамның үш қасиеті» туралы сөздерін әңгімелеп беріңіз.

6. Берілген сөз тіркестерін аударыңыз: қоғамдық мәртебе, тұлғаны қалыптастыру, жан- жақтылығын және кәсіби шеберлігін талап ету.

7. Сіз кәсіби бәсекелестікке дайынсыз ба? Өз пікіріңізді айтыңыз.

8. Төмендегі етістіктерден бұйрық рай жасап, жіктеңіз: үйрену, білу, анықтау, талап ету, мүмкіндік беру.

9. Сөз тіркестерін бұйрық райға айналдырып, сөйлемдер құраңыз: қазақша үйрену, жақсы оқу, білім алу, өмірді сақтау.

10. Білім, еңбек, оқу туралы қандай мақал-мәтелдер білесіз?