12-тақырып Біздің университет. А.С.Сағынов – академик, ғалым. Біздің институт. Етістіктің рай формасы.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Етістіктің райларын мысалдар келтіре отырып, түсіндіру.
2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
4. Интернетті пайдалана отырып, университеттің тарихына шығарма жаздыру.
БІЗДІҢ УНИВЕРСИТЕТ
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (ҚарМТУ) Қазақстан Республикасының тарихымен және өмірімен тығыз байланысты жоғары оқу орны.
Университеттің құрылуы Қазақстанның көптеген өнеркәсіп салаларының қарқынды дамуымен, әсіресе көмір өнеркәсібімен байланысты. 1953 жылы күзде Қарағанды қаласында тау-кен институты ашылды. ҚарМТУ ректоры болған адамдар: Нұрмұхамедов Юнас Қадырұлы (1953-1955), Сағынов Әбілқас Сағынұлы (1955-1987 ж.ж.), Лазуткин Александр Григорьевич (1987-1994), Пивень Генадий Григорьевич (1994-2008 ж.ж.). ҚарМТУ-дың қазіргі ректоры Ғазалиев Арыстан Мәуленұлы – профессор, химия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі.
Университетте әскери кафедра, Республикадағы ең ірі кітапхана бар. ҚарМТУ 1976 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен, 2005 жылы Швейцарияның Женева қаласында алтын медальмен марапатталды.
ҚарМТУ – Қазақстанда және шетелде кеңінен танымал, көп бейінді оқу-білім және ғылыми кешені даму үстіндегі еліміздің беделді жоғары оқу орындарының бірі.
Біздің жоғары оқу орнымызда алпысыншы жылдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев жалпы ғылыми пәндерден білім алды. Университет мұражайында Қарағанды политехникалық университетінің студенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған экспозиция мұқият сақталуда. 65 мыңнан астам біздің түлектеріміздің арасында – белгілі саяси қайраткерлер, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары, Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге Ресей, АҚШ, Израил, Германия, Францияда және әлемнің басқа елдеріндегі ғылыми мекемелердің басшылары, мәдениет және білім беру саласының майталман үздіктері бар.
Университет Қазақстан Республикасындағы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлар шығаруды жүзеге асырушы және Болон конвенция талаптарына, ҚР мен әлемдік қауымдастықта қабылданған үш деңгейлі білім беру: бакалавриат – магистратура – докторантура бағдарламасына толық шамада жауап бере алатын ірі техникалық жоғары оқу орындарының бірі.
2008 жылы Университет Қазақстанда алғашқы рет оқу сапасы менеджменті жүйесінің ICO 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне ресертификаттық аудиттен өтті және «Русский регистр» мен IQ NET сертификаттарын алды. ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығы жыл сайын жүргізетін жоғары оқу орындарының тәуелсіз рейтингінде ҚарМТУ республикадағы барлық техникалық жоғары оқу орындарының арасынан құрметті орынға жыл сайын ие болады. Университет - Қазақстандағы «Электрондық Университет» мәртебесі бар алты жоғары оқу орынның бірі.
2008 жылы ақпанда ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚР ҰҒА академигі Арстан Мауленұлы Ғазалиевтің бастамасы бойынша оқу процесінде қазіргі заманғы білім беру технологияларын енгізу үшін ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Электрондық оқыту технологиялары орталығы (ЭОТО) құрылды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үш тұғырлығы» атты тілдер орталығы құрылды, ол орталықта әрбір ниет білдірушілер оқытудың қазіргі заманғы әдістемесі мен құралдары арқылы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгере алады.
2008 жылы 19 маусымда Университет дамуының Кешенді Бағдарламасына сәйкес Қазақстандағы алғашқы инновациялық білім беру концорциумы «Корпоративті университет» құру туралы Келісімге қол қойылды, оның мүшелері - Қазақстанның және Ресей Федерациясының ғылыми және өнеркәсіптік кәсіпорындары. ҚР Білім және ғылым министрі Ж.К. Түймебаевтың айтуынша Орталық Қазақстан өңірінде Корпоративті университеттің құрылуы, тұтастай алғанда, Қазақстандағы және Қарағанды өңіріндегі қазіргі заманғы әрі өзекті техникалық білім беру болып табылады.
Университет мамандар даярлаудың сапасын және олардың халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі Мемлекеттік Бағдарламаға сәйкес жетекші шетел жоғары оқу орындарымен шығармашылық ынтымақтастықта қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асыруда.
ҚарМТУ – ірі ғылыми орталық. Университетте өткізілетін халықаралық, республикалық, өңірлік ғылыми-техникалық конференциялар академиялық таңдаулы топты, жас аспиранттарды, магистранттарды, студенттерді, өңірдегі, республикадағы, ТМД елдеріндегі және шетелдегі ірі кәсіпорындардың мамандарын топтастырады.
Университет оқу стандарттарын әзірлеу және инновациялық кәсіпорындар құру бойынша ТЕМПУС халықаралық жобасына қатысады.
Словакия мемлекеттік университетімен, Циттау – Гертлитц институтымен (Германия), Болтон университетімен (Ұлыбритания), Рочестерский технологиялық институтымен (АҚШ), Кошица қаласындағы Техникалық университетпен (Словакия), Қолданбалы ғылымдар техникалық университетімен (Вильдау қ., Германия), Томск политехникалық университетімен (Ресей), Урал мемлекеттік техникалық университетімен (УГТУ - УПИ) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Біздің университет тек білім және ғылым саласындағы табыстарымен ғана емес, сонымен бірге әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру дәстүрімен де танымал, мысалы: «Студент қатарына қабылдау», «Политбой», «Брейн - ринг». Біздің «КТК» командамыз «Астана» КТК аймақтық Лигасының дипломанты болып табылады. Көптеген жылдар бойы көркемөнер үйірмелері, студенттік бірлестіктер жұмыс істейді: «Орфей» және Француз пьесасы студенттік театры, «Жастар» театр студиясы; дебат клубы; Қазақстан студенттерінің Альянсы (ҚСА); студенттік өзін-өзі басқару; «Жасыл ел» СҚО; «Акниет» қайырымдылық ассоциациясы; қайырымдылық ассоциациясының мақсаты балалар үйлеріне, мүгедектерге, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарға моральдық және материалдық көмек көрсету болып табылады.
Біздің студенттеріміз спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысады: ҚР ЖОО Универсиадасы, «Президенттік миля», «Денсаулық сағаты», спорттың 15 түрінен факультеттер арасындағы спартакиада; спорттың 6 түрі бойынша Ректор Кубогы, «Сергектік және денсаулық» Спартакиадасы. Соңғы жылдары университетте халықаралық дәрежедегі 2 спорт шебері, 18 спорт шебері, 20 спорт шеберіне кандидат, 259 спортшы – разрядшылар жаттықтырылды.
Ректор А.М. Ғазалиевтің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаев өнегесінде қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың инновациялық моделі әзірленді және табысты енгізілуде.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді түсініп оқыңыз.
2. Жаңа сөздерді аударыңыз.
3. Мәтінге қатысты сөз тіркестерін жазыңыз.
4. Сан есімдерді сөзбен жазыңыз және түрлерін ажыратыңыз.
5. Жалқы зат есім және жалпы зат есімдерді теріп жазыңыз.
6. Тәуелдік жалғауы бар сөз тіркестерін теріп жазыңыз. Мысалы: оқу орны,
7. Мәтінді аударыңыз, мазмұндаңыз.
8. Мәтін бойынша жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрастырыңыз.
9. Мына сөздерге жіктік жалғауларын жалғаңыз: инженер…, кандидат…, оқытушы…,
профессор…, ғалым…, түлек…, ректор…, академик…, студент… .
Ә.С. САҒЫНОВ - АКАДЕМИК, ҒАЛЫМ
Әбілқас Сағынұлы Сағынов 1915 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауылында туған. 1939 жылы Днепропетровск тау-кен институтын "Пайдалы кен орындарын қазу" мамандығы бойынша оқып, үздік бітіріп шығады.
Институтты бітірген соң, 1948 жылға дейін Қарағанды көмір бассейнінің шахталарында учаске бастығы, шахты директоры, техника бөлімінің көмір тресінің басшысы болды. 1948 жылдан 1951 жылға дейін басқарма бастығы, "Қарағанды көмір тілігі" тресінің бас инженері қызметтерін атқарды.
Сағынов Әбілқас Сағынұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. Социалистік Еңбек Ері, Қарағанды тау-кен институтының (1953-1958 ж.ж.) ректоры, Қарағанды политехникалық институтының ректоры (1958-1987 ж.ж.) болды.
1955 жылы Ә.С.Сағынов 1958 жылы политехникалық болып ұйымдастырылған Қарағанды тау-кен институтының ректоры болып тағайындалды. Оның басшылығымен институт Қазақстанның өнеркәсіптік аймақтары үшін мамандар даярлайтын жоғарғы категориядағы Жоғарғы Оқу орнына айналды.
Оқу, ғылым саласындағы жоғарғы нәтижелері үшін Қарағанды политехникалық институты Жоғарғы үкіметтік марапаттауларға ие болды. 1976 жылы Еңбек Қызыл Ту Ордені, 1972 жылы Мерейтойлық Құрмет белгісі, Қазақстан Республикасы Алтын Құрмет кітабына екі рет жазылған, Ауыспалы Қызыл Ту орденімен тоғыз рет және бірнеше Құрмет Грамоталарымен марапатталған.
Қазақстан Республикасы халық шаруашылығын, Жоғарғы білім беруді дамытудағы, білікті мамандар даярлаудағы еңбектері үшін Ә.С.Сағыновқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ә.С.Сағынов Мемлекеттік сыйлықтардың екі мәрте лауреаты, екі рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, Халықтар достығы орденімен, медальдармен, грамоталармен марапатталған.
Біздің Республикамыздың жетекші ғалымы болғандықтан, Ә.С.Сағынов Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының толық мүшесі болып сайланды.
Ә.С.Сағынов - 200 ғылыми мақаланың, 18 монографияның авторы.
Ә.С.Сағынов 2006 жылы қыркүйек айында қайтыс болды.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқыңыз, қысқаша мазмұнын айтыңыз.
2. Мәтінге сұрақ қойып, сұраққа жауап беріңіз.
3. Ә.С.Сағынов атындағы көрме туралы айтып беріңіз.
4. Мына сөздерге жіктік жалғауларын жалғап, жіктеңіз. доктор, бастық, ғалым.
5. Морфологиялық талдау жасаңыз: басшылығымен, шахталарында, ғылымдарының.
6. Мәтіннен септік жалғаулары жалғанған сөздерді теріп жазыңыз. Қай септік жалғауы екенін ажыратыңыз.
7. Мына сөздерді септеп шығыңыз: мамандар, университет, шахта.