1.2 Қар көшкіні қауіпі бар аймақтар

 

Қар көшкіні қауіпі бар аймақ – адамдардың өмірі мен денсаулығына, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін немесе келтіруі мүмкін қар көшкіні қауіпі бар таулы аймақ.

Қар көшкінінің тууына ықпал ететін маңызды факторлар қалың қар мен таудың тік баурайлары болып табылады. Қар көшкінінің алуан түрлі қалыптасу жағдайының нәтижесінде олардың түрі мен көлемінің айтарлықтай айырмашылықтары бар. Қар көшкіні тау баурайындағы қардың салмағы оның беріктігінен асып кеткен кезде пайда болады. Қазақстаңдағы қар көшкіні қауіпі бар аймақ 95 мың км2 жуық аймақты алып жатыр, жоғарғы және орташа қар көшкіні қауіпі бар аймақ – 25 мың км2 жуық. Олар негізінен еліміздің таулы аймақтарының шығыс және оңтүстік – шығыс аймақтарында орналасқан. Республикада жаңа жауған қардан пайда болатын және қаркынды жылымық кезінде пайда болатын қар көшкіндері саны жағынан көптеп кездеседі.

Апаттық қар көшкіні құбылыстарының арасынан атап көрсетуге болатыны 1966 жылдың наурыз айындағы оқиғаны айтуға болады, 1ле Алатауының солтүстік баурайындағы көшкінді қардың жиынтық көлемі 110 млн. м3 құрады. Аса үлкен, 300 мың м3 болатын қар көшкіні Кіші Алматы өзенінің бассейінінде байқалды. 1951 жылғы кезеңнен Іле Алатауындағы қар көшкінінен 91 адам зардап шегіп, оның ішінде 56 адам қаза тапқан.

1974 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зубовский елді мекенінде қар көшкінінен бір мезгілде 30 адам қаза тапқан. Қазақстанда қар көшкінінен қорғау бойынша нақты жұмыстар жүргізіледі.

Қар көшкініне қарсы қорғаныс — қар көшкіні тектес процесстердің тууының алдын алуға бағытталған, сондай-ақ атқарушы билік немесе өзін -өзі басқару органдарын және халықты қар көшкіні қаупі туралы дер кезінде хабарлаңдыруға бағытталған күзету – шектеулі және инженерлі - техникалық іс – шаралардың жиынтығы.[4]

 

Қорытынды

Елді мекендердегі тасқын кезіндегі қауіпсіздік көп жағдайда оның алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі.

Республика аумағындағы көптеген тасқындардың тасқын судан болатындығы белгілі болып отыр. Ескерту жұмыстарының тұтас жүйесі бар: судың басылуы күтілетін аумақтағы тасқын судың арнасын бұру; су қоймасы, бөгет, тосқауыл тұрғызу, жағаны биіктету және су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу, ғимараттар мен үйжайларды судан оқшауландыру қондырғысын қою, қысқа бұталы ағаштар отырғызу, жүзу және құтқару құралдарын жасау және даярлау.

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынның шараларын алдын ала іс шараларын қабылдауға күнделікті мониторинг жүргізіп, «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне талдау жұмыстары жүргізіледі. Алдын ала болжам бойынша, 2011 жылы Шығыс Қазақстан облыстарының сулары көтерілуі мүмкін. Алдын ала дайындықтарын пысықтауға, жергілікті органдар мен аймақтарда көктем кезіндегі су тасқынына профилактикалық дайындығын жалпы қарастыруға Төтенше жағдайлардың комиссиясының жиналыстарын өткізеді.

Тасқын судың алдын алу үшін еліміздің әкімшіліктері, мемлекеттік ұйымдары, шаруа қожалықтары, жекеменшік ұйымдары, жекелеген тұрғындар келесідей қорғану іс-шараларын жүргізу қажет:

· көлік жолдарындағы нөсер ағызғыларды тазалау, жол көпірлерінің маңына еріген сулардың жиналуын қадағалап, мұз кептелулерден, қар мен бұталардан, тұрмыстық қалдықтардан үнемі тазартып отырулары қажет;

· әрбір жекелеген азамат үй маңынан өтетін арықтар мен каналдарды тұрмыстық қалдықтардан, күл-қоқыстан, бұталардан және де аулаларын қардан тазартып отыру қажет;

· меншіктік түріне қарамастан техникалардың санын түгендеп және олардың су тасқыны кезеңіне дайындығын тексеріп отыру қажет;

· тасқын су қаупі бар аймақта орналасқан елді мекендердегі тұрғындардың құрал-саймандары үнемі дайындықта болуы қажет қажет;

· тасқын су қаупі төне қалған жағдайда тиісті ұйымдарға дер кезінде хабар берулері қажет.[2]

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.http://studopedia.info

2. https://stud.kz

3. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. ІІ кітап / ТЖ және АҚ Республикалық курстары.- Алматы, 2008

 

4. Халықтың су тасқаны қауіпі және ол кезіндегі іс-әрекеті туралы жаднама. ҚР ТЖА, Алматы қ., 2007, 265б.