«Сайлау алдындағы бағдарлама» атты жоба

Студенттік топ бірнеше кіші топтарға бөлініп, жеке-жеке партия бағдарламасын жасауға болады. Партияның негізгі идеясына байланысты олар: оңшыл, солшыл, орталық, консерваторлық, революциялық, оппозициялық, т.б. болуы мүмкін. Бұл партиялар өз бағдарламаларында негізгі міндеттері туралы немесе қысқаша 2-3 мәселе төңірегінде өз бағдарламасын жасайды. Жобаға сайлаушылар да қатысып өз дауыстарын белгілі бір партияға берулеріне болады. Мәселені көтергенде оның шешілу жолдарын өз әлдерінше ұсынуға болады. Сонымен қатар, партияның аты, ұраны, нысаны болуы шарт.

Осы тақырыптағы жобамен қатар келесі тақырыптарды да таңдауға болады, бұл топтың жеке дайындығы мен таңдауына байланысты: «Саясаткермен кезедсу», «Біздің президент қандай болу қажет?», «Сот отырысы», «Парламент отырысы», «Министрлер кеңесі».

6. Заңдық құжаттармен немесе көркем әдебиеттермен жұмыс

Бұл жұмыс түрінің негізгі мақсаты, студенттердің бойында аналитикалық қабілеттің қалыптасуын қадағалау. Бұл жұмыс ерекше дайындықты қажет етеді. Құжаттың немесе әдебиеттің ерекшелігін таба білу қажет.

Заңдық құжаттармен (заң, декларация, конституция және т.б.) жұмыс жасағанда келесі сұрақтарға жауап бересіз?

    1. Бұл құжат қандай тарихи жағдайда қабылданды?
    2. Құжаттың жазылу тарихи туралы не білесіз? Авторлары кімдер?
    3. Қоғамның қай саласына қатысты жазылған?
    4. Құжаттың ерекшелігі, жазылу стилі туралы не айта аласыз?
    5. Қандай идеяны, позицияны ұстанады? Осы құжат негізінде оны жазғандардың сенімдері туралы не айтуға болады?
    6. Бұл құжат тарихта қандай рөл ойнады?
    7. Бұл құжаттың қазіргі таңдағы маңызы туралы не айта аласыз?

Көркем әдебиеттермен жұмыс жасау: Бұл әдебиеттің ерекшелігі авторлар көбіне айтқысы келген жеке ойларын астыртын кейіпкерлердің іс-әрекеттері арқылы, сөздері арқылы, қандай да оқиға арқылы жеткізеді. Сондықтан негізгі міндет автордың ойын кейіпкердің ойынан ажырата білу немесе осы әдеби шығарма арқылы автордың ойын анықтай білу қажет. Осыған байланысты келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

      1. Қандай тарихи оқиғалар шығарманың негізін құрады?
      2. Неліктен автор тек осы оқиғаларды алды?
      3. Оқиғаларды баяндай отырып автор қандай көзқарасты ұстанады?
      4. Қай кейіпкерлер автордың позициясына жақын?
      5. Қаншалықты автордың айтар ойы бұгінгі күнде маңызды?
      6. Егер бұл оқиға қазіргі кезде болған болса сіз қалай аяқтар едіңіз?