Құлшылықтакөбірек ынта таныту

`Айша (оған Аллаһ разы болсын) былай деген: «Рамазан айында Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа уақыттарға қарағанда көбірек ынта-ыждағат танытатын, ал рамазан айының соңғы он күнінде ол осы айдың басқа күндеріне қарағанда да көбірек ынта-ыждағат танытатын» (Муслим 1175).

Абу Һурайра былай деп баяндайтын: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) рамазан айында адамдарды түнгі нәпіл намаздарын оқуға ынталандыратын, бірақ бұны оларға үзілді-кесілді бұйырмайтын (яғни парыз етпейтін). Алайда ол: «Рамазан айының түндерін Аллаһтың сыйына иман келтіріп және үміт етіп, намаз оқумен өткізген адамның бұрынғы күнәлары кешіріледі», — деген» (әл-Бухари 37, Муслим 759).

`Амр ибн Мурра әл-Жуһани: «Бірде Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір адам келіп: “Уа, Аллаһтың елшісі! Мен Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ екеніне, әрі сіз Аллаһтың елшісі екеніңізге куәлік беретінімді, намаз оқитынымды, зекет беретінімді, ораза ұстайтынымды және рамазанның түндерін намаз оқып өткізетінімді білесіз бе?!”, — деді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: “Кім осыларды ұстанған күйінде қайтыс болса, Жәннатта шыншылдар мен шаһидтер арасында болады», — деп баяндайтын (әл-Баззар, Ибн Хузайма, Ибн Хиббан. Хадис сахих. Қараңыз: “Сахиху-т-тәрғиб” 1/419).

Аллаһтың разылығына ұмтылатын, шәһидтің сыйын қалайтын тақуа мұсылманға бұдан артық не керек?!

·

·

·

·

Рекомендованные статьи