Дайын әке күтпегейсің әзір менен.
Өзінді еркелетіп бала сынды,
«Кішкентайым» деп отырмын қазір де мен!
Естелігім қинайды
Жүрек жырым мына өзіңе ұнай ма екен?
Оқығанда көздерің жылай ма екен?
Сен жылама,сен күлші қол жетпесім
Ал мен болсам сені ойлап жылайды екем!
Жанарыма тізіліп мұң шақтары,
Көгімнен күлімдеп те күн шықпады.
Қапасқа қамалып отқандаймын,
Ауызымнан бірде-бір үн шықпады.
Санама жинап алып тәтті мұңды,
Еске алдым жаным-ау пәктігіңді
Сен жайлы жаза берсем менде бұлай
Бола қоймас материкке атым үлгі
Ойымнан кетпейсін минутқа да,
Естелікті қоямын жиып қана.
Басқа жанға қолымды соза алмаймын,
Сенсің ғой бір мен үшін биік қана.
Сан мың адам бұл өмірден табат бақты,
Шын сүйгендер жауабын алат накты.
Мына бізге келер болсақ өткен күнім,
Бір болсын деп Тәңірім жаратпапты.
Шын сүйгендер қосылмайды сенбейміз,
Сенбейміз де қиналамыз терлейміз.
Жазымыштың жазғанына көнгендей
Тағдырға да жаным төтеп бермейміз
Таңғы ой немесе құштарлық
Қылығына қабақ шытып күйіп тынам,
Сонда да бетіннен мен сүйіп тұрам.
Қолымнан келсе егер кішкентайым,
Аспандағы айдан сені Биік қылам.
Сарқылмас сезімімнің сыңарысын,
Кеудемнен орын алған Сүйікті жан.
Бар ойың мені ойлап жылау ғана,
Не болды деп ұялам сұрауға да.
Аяқ асты сайқымазақ боп кетемін,
Әзілдерім өзіне ұнауда ма?
Күлгенің күміс айна керемет қой,
Қараймын құштарлықпен құмарлана.
Сенен басқа қызық емес барлығы да,
Өзін-ақ бөлейсің ғой жанды нұрға.
Алладан сен үшін Жәннәт сұрап,
Кіргім келед таңғажайып тағдырына.
Ертегіге шырмалған саңсақ оймен,
Атырдым ғой,алтыным таңды мына.
(Шын махаббат қандай боларын біз,
Көрсетейік,қалқатай барлығына.)
Түнгі арман
Ойларым түнекке шырмалған,
Күй шертіп көңілде тым мұңлы.
Мазалап тағы да түнгі арман,
Жүрекке тәтті мұң тұңдырды.
Арманым қанатын қағады,
Жете алмай биікке тым алыс.
Сағыныш жаулайды сананы,
Көңілге табалмай жұбаныш.
бір келіп,қайтадан кетесің,
Оралмас жандардай ғойып боп.
Мендегі сезімді не етесің?
Жүректе мен сүйген айып жоқ.
Бір жанды бақытқа баларсың,
Бірақ та,бірақ мені емес.
Бір маған арман боларсың,
Мақсатым бірақ сен емес.
Кеудемді басады қорқыныш,
Жоқтығын жанымнан сезілед(і)
Өзінсіз жоқ менде ұмтылыс,
Осы шақ ең әлсіз кезім ед(і)