Өзінмен бір көріп өткерермін.

Өле-өлгенше сені қалқам сүйіп кетем,

Бар болмысын бір мен үшін биікке тең.

Жүрегіммен жаныммен сені мәңгі,

Қол жетпейтін шындардай биіктетем.

Санамда сар-сағыныш,есте белгің,

Қалмап па еді жаным біз кешпеген мұң.

Біздегі еш бояусыз махаббатты,

Бұл жалғанда жарығым ескерер кім?

Өтінемін,кері тартып,жоқ демегін,

Сезіміме куә ғой көкте де күн.

Қу тағдырдың қайғысы мен қуанышын,

Өзінмен бір көріп өткерермін.

 

Өмірлік жолдас,тірегін болуға дайынмын.

 

Сағынып сені,қаһарлы қыс пен күз өткен,,

Осылай мен де көктемді бүгін күзеткем.

Мінезін шатақ болса да маған бәрібір,

Алаңдамашы өзім-ақ оны түзетем.

 

Жоқ болса менің жасаған ешбір айыбым,

Сөзімнін білші өтінем сенен байыбын.

Айтарым саған,сүйген аруым,Аруна,

Өмірлік жолдас,тірегін болуға дайынмын.

 

 

Өтірік өлең(ащы дәрі емдейді ғой жараны да)

Бұрылмай кетіп ең бұрындары,

Сендік сезім болғаны ма құбылмалы?

Мені ұмытып өзгені сүйсеңдағы

Үміт жібін үзбей мен тұрмын әлі.

 

Тағдыр сені құлатпасың жылатпасың

Жаңа досын жаным саған сын артпасың.

Жек көремін екіжүзді жандарды мен

Сендей жанды енді еш ұнатпаспын.

 

Саған жасар таусылды амалым да

Қарамасаң қарама жанарыма...

Жалғыздығым жылатса жылатсыншы,

Ащы дәрі емдейді ғой жараны да!

 

Періште қыз

Аяулым жаным менің,

Мәңгіге қалап едім

Періштем қолдап жүреді.

Өзіннің қылығына

Қарадым тым құбыла

Әрдайым нұрын төгеді!

Сен... Періште қыз

Бір соғар жүрегіміз

Арманға алып ұшар

Махаббат тілегіміз

Әнім боп әуелесең

Бір болар тілегіміз

Қараймын келбетіне

Ән салам тербетіле

Періштем тағы өзіңе

Қара көз қоңыр шашын

Қиылған қара қасын

Елжіреймін жаным сөзіне

 

 

Сағыныш...

 

Сағынармын сезім мен санам барда,

Жазымышқа қарсы тұрар шамам бар ма?

Ақ ниетпен қалайын ақ жол тілеп,

Қолымнан келер басқа амал бар ма?

 

Боп едің жыр-сыңарым,жанашырым,

Берер ем бұл өмірдің бар асылын.

Сағыныштан отына маздап жүрмін,

Мәлім ғой расыменде саған сырым.

 

Жүре алмаймын маңдайыннан сүйіп алып

Осы шығар бал сезімнін күйігі анық.

Ақ тойына келермін қонақ болып,

Жылтыраған костьюм-шалбар киіп алып.

(естелікті санамдағы жыйып алып)

 

 

Салмашы жанға еш қаяу-мұң

 

Шығасың кейде бұртиып,

Бір затты дұрыс емес деп.

Қабағыннан сенің бұлт үйіп,

Менімен бәрін кеңес деп.

 

Айтармын бәрін саған-ақ,

Сөкпеші мені аяулым.

Артпашы бәрін маған-ақ,

Салмашы жанға еш қаяу-мұң.

(сомдайық рөлін біз кейде,

Қозы мен сұлу Баянның)