Не көрсекте,бір көреміз,біз жаным

 

Көрсекте біз қаншама бір қиындық,

Шыдап баққан,бәрінен де күйімді ұқ.

Сәл шыдашы осыдан сен көресің,

Әлі бізді үлгі етеді дүйім жұрт.

 

не көрсекте бәрін де еңсереміз,

шегінеміз,шегінуге келсе негіз.

Қиындықты ысырып ап бұл өмірден,

Махаббаттың айдынында теңселеміз.

 

Көнеміз,қарсы тұрып дауылға да,

Қарсы жауып,тоқтаусыз жауынға да.

Басыма түскен істен қорақпаймын,

Сендей асыл,қамқоршы бағым барда.

(Сенде ендеше қорықпашы ештенеден,

Тірегін,мына өзіннің жаның барда.)

 

 

Ой тамшылары

***

Мен өзінді сүйемін өміріммен,

Кете көрме,кетпегін,көңілімнен.

Тек өзіне арнадым тағдырымды,

Кетпесін деп,көріктім,көңілімнен

***

Жан-жүйеме болғайсын сен директор,

Дәл өзіндей бұл әлемде сирек гүл.

Махаббаттың майданында жас жүрек,

Жараланып бүгіндері күйреп тұр.

***

Бәрін көрмей,бәрін білмей жүрсемде,

Мына менің махаббатым бір сенде.

Жалындаған от сезімім сөнбейді,

Асылым-ау,ертеңгі күн өлсемде.

***

Сен орнатқан мен қазір түнектемін,

Мұңға батып жүргенде үдеткенің...

Бар қайғымды бір сәтке ұмыта алсам,

Қаламас ем жүректі жүдеткенің...

***

Өтеді уақыт,өтеді жылдар қас-қағым,

Өзгердім жаным,өткенді артқа тастадым.

Бағындыру үшін келісемісін жарығым

Менімен бірге арманның биік асқарын.

***

Қылықтым,

Тек сені ойлаумен жүріппін.

Кетсе де төбемнен құрып күн,

Келмейді сені еш ұмытқым.

***

Ит өмірді жүрсің ғой көре біле,

Бір келіп бір кетудін керегі не?

Көрінгенге күлімдеп жүрген бейбақ,

Түкіргенін бар шығар өлеңіме.

***

Аңсағаным,

Көріп ек біз бірге таң самалын.

Мен өзіне қолқамды салар едім,

Егер де бір менің болса амалым.

***

Атырамын оңашада таң сағымын,

Тілеп ұдай: «жұлдызым жанса бүгін».

Нелер себеп боп кетті,нелер себеп,

Апыр-ау,осылай аңсауымның!

***

Бағыма балап келем,

Айналам тірегіне.

Кетпеші жырақ менен,

Байландым жүрегіне.

Бағыма күн боп тудың,

Көңілдін күйі бөтен.

Өмірге жыр боп тудың,

Өзінді сүйіп өтем!

Сен кешір мұңлы бір мен бе?

Өңінде хәлді сұрар кім?

Адасып жүріп түндер де,

Түсіне кірген шығармын.

Бақыттымын бүгін мен,

Айта алман бәрін баяндап.

Ерекше шыққан үніне,

Елжіреп кетем аялдап.

Түн уағында мазалайды ой алаң,

Осылайша тәтті ұйқымнан оянам.

Тұра сала суретіне жүгірем

Қашан,қай кез келбетіне тоялам

 

Кей сәттерде қорқа соғам дірілдеп,

Сен шығасың бірден маған күлімдеп.

ақындыққа сенбес ата-анама

Таныстырам сізді жаным жырым деп