Менің сені тапқаным қандай бақыт!
Жүрсен егер бұрқыраған шай қайнатып,
Жыр оқысаң,өмір мен елді ойлантып.
Байлықпенен маңсаптың қажеті жоқ,
Менің сені тапқаным қандай бақыт!
Қандай бақыт? Расында кезіккен күн,
Мен өзіңдей асылға кезікпедім.
Жанымды жадыратып сала бердің,
Бұған дейін жалғыздыққа төзіп келдім.
Қандай бақыт-біз бақытты болғанымыз,
Сол бақытпен орындалар арманымыз.
Бір Алла қаласа егер жарық айым,
Сәбиге толар ләйім жан-жағымыз.
Қандай бақыт-жүрекпен сүйгеніміз,
Қызғаныштың отына күйгеніміз.
Жүрекпенен сүйген мені жарқыным ау,
Тек бақытты,тек ғажап күйге еніңіз.
Мәңгілікке махаббатым сүйем сені!!!
Өртеніп кейде,өрт болып жанады өзегім
Ұмыттың бәлкім,ұмыттын мені сеземін
Тағдырдың жазғаны осы ғой,деумен мен іштей,
Бәріне жаным,бәріне солай төземін.
Тағдырдың жолы,параллель емес бұралаң,
Көзімді жасқа,сені ойлап қалқам бұлағам.
Өзінмен бірге,мәңгілік бірге болуды,
Көк Тәңірден жалынып,жаным сұрағам!
Анықтап алмай,сын артпа маған өкпелеп,
Қалтықсыз сеніп,жасыңды сен төкпе тек.
Сезіне білмейтін сендегі құттай жүректі,
Жарқыным менің жүрегім енді жек көрет.
Балдәурен шақтар,жан-жарым енді өткенде,
Бара да алмаспыз аңсаған сон-оу бөктерге
Бір сенің шашын ба деп қалатын боппын шынында,
Бетімнен кейде самал жел есіп өткенде.
Тағдырдан таппадық біз тұрақтылық,
Қатал өмір қойды ғой жырақ қылып!
Артыннан амалсыз бақ тілеймін,
Жәудіреген жанарыммен жылап тұрып.
Сарылып түсіремін жиі еңсені,
Көңілімнің боп кеттін күй өлшемі.
Басқаның бағы боп кетсең де сен,
Мәңгілікке махаббатым сүйем сені!!!