Мен сені бәрінен де қызғанамын

 

Көрем сені қыраттардан,биіктерден,

Мен өзінді әлі күнге сүйіп келгем.

Қызғаншағың сені тіпті жасырады,

«Қазақ» дейтін қарапайым сүйікті елден.

Білмеймін неліктен қызғанамын,

Қызғанышпен айналама жүз қарадым.

Сендегі жүрек те білмеді ғой,

Көңілімнің мұнша бұлай қызғанарын

(Мен сені бәрінен де қызғанамын)

Мен сенің есіңдемін

Білемін бір маған өкпелісің,

Жанымды мазалайды өткен ісім

Бәрінен де бұрын сен білесің бе?

Сен менің өмірімнің көктемісің!

Кінәмді қаайталанбас кешірмедің,

Болып жүрсін онда жаным несін менің...

Көңіліннен әлдеқашан кеткенінмен,

Сеземін ғой,

Мен сенің есіңдемін.

МЕН СЕНСІЗ...

 

Мен өзіңмен кеткім келед жыраққа,

Қайда болсын мейлі тіпті Жұмаққа.

Бәрінде кешкім келед,тек сенімен,

Қарамаймын биік тау мен қыратқа

 

Қарамаймын себебі мен сүйемін шын

Өзгемен көрсем егер күйеді ішім

"Мен сенсіз" 1 секундта сүре алмаймын

Айтшы қалқам,сен мен сүйемісің?

 

Сүймесең де алдама мені де құр

Бар арманым болу ғой сенімен бір

Қаламасаң,қалқатай,қинамашы

Қаласаң қамқорлықпен сендіре біл!

 

"Мен сенсіз" бұл күнге жетпес едім

Асулардан алынбас өтпес едім

"Мен сенсіз" өмірді сүрмегенде

Шабыт берер гүлкөктемді күтпес едім.

 

Осы күні білмеймін күдіктенем,

Мың сұрақсың құралған тұнып терең.

Жамандықты бойыннан көре алмаймын

Жақсылықты ендігі тұрып терем.

 

Алдап мені кей сәтте сен арбайсың

Сүйем десем,жалған деп сене алмайсың.

Жүзінді көруге асыққанда...

Кездесуге тағы да келе алмайсың.

 

Мен сені түсіне алмай келем әлі

Көңіл де рас,қалды ғой сенен-дағы

Мені сүйген жүрегіннің дүрсілі де

Сезімге жүректегі сене алмады.

 

Екі арнаға бұрылайық қаласаң

Қуанар ем бақытына баласаң

Сен өзгені сүйед екенсің амал не?

Өзге үйде асыр салар бала сан

 

4 қабырға... Үңсіз ғана тілдес ем

Сенсіз қалай айтшы айым күн кешем?

Бір өзіңді әлі сүйіп келемін-

Ескертейін егер де сен білмесең!

 

Ойламаймын өзіңді ойлап тұрып

Бойынды жамылуда бойлап күдік

Мен сенсіз сұрапылға шыдап келем

Сен менсіз,жүрсің ғой ойнап-күліп.

 

*Мен сенсіз" осылай жалғыз қаламын ба ?

Жалғыздық әлемін жүрекке саламын ба?

Бәрі аян ғой бір Алла құдіретке...

Мүмкін сен сияқты бақытты боламын ба???