Қайта оралшы,қалқа қыз

 

Ойлаймын,сені жаным сағынамын,

Өзін едің,мәңгілік сағым әнім.

Сенсіз менің жүрегім,қаңырап тұр,

Жаным-ау қайтып келші жалынамын.

Күмәндәнба,сүйіп өтем,мен мәңгілік,

Атыңды жырға қосам,ән де қылып.

Сағындырмай сұлуым қайта орал,

Алдыңнан қарсы алайын таңдай күліп.

Мен сені сақтап жүрмін жүрегімде,

Сол жүрек болар мәңгі тірегімде.

Егер жаным жүрегіме адал болсаң,

Бақытты қылып өтер едім бұ өмірде

 

Қарашы

Еліктейсің ерке өскен таралып,

Жанмын менде жоқ ішінде таласы.

Мені жиі сағынтасың ол анық,

Сәл жымиып тағы бір сәт қарашы.

Кірпігіне байланғандай ғұмырым,

Болсамдағы Хан Тәңірдің тұлғасы.

Сейілсе ғой кеудемдегі күдігім,

Күлімдеген көздерінді жұмбашы.

Ерке өскен еліктің бір лағындай

Ыңтықтырып мына мені барасың,

Ет жүрегім тұрғанын да жарылмай,

Тағы да сен жалт бұрылып қарашы

 

Маған бақыт сен жүрсең бақыттырақ.

 

Сен жайлы саңсақ ой басымда көп,

Миым аз ед(і),қазір тіпті ақылда жоқ.

Ұмыту сені жаным мүмкін емес,

Ұмытпа деуге саған қақым да жоқ.

 

Қыран жүр,құйып өлең қанатынан,

Сейілмей тұр сезімнен қара тұман.

Шырт ұйқыда жатқанда бар тіршілік,

Сені ойлаумен көз ілмей таң атырам.

 

Сүремін солай өмір жалғастырып,

Қара түн қасымда отыр молдас құрып.

Мендегі өмір күнделікті осылай ғой,

Жүремін күн мен түнді алмастырып.

 

Сүрініп кетер сезім қашып құлап,

Келмес енді бір менен қашық тұрат.

Сорлы жүрек маған енді қажеті жоқ,

Маған бақыт сен жүрсең бақыттырақ.