Күдіктенбе деймін саған,демек менен
Қазынамсыз тереңдегі қазылмаған,
Айқын ғой,қуанышын,назың маған.
Бұның бәрін бастамасы деп білемін,
Әлі көп қой сен туралы жазылмаған.
Сезіміннен сенім атты тұмар тағам,
Қалайша мен өзіне сың арта алам.
Сен тұрғанда бөлшегі боп жүрегімнің,
Өзгеге мен қалай құмарта алам?
Сылтауынды айтпа маған ойдан құрап,
Айтарында,асылым,ойлан бірақ.
Кей кезде бос сөйлеп кетсем де мен,
Ол әдетті бүгінде қойғам бірақ.
Қабағынды түйсен егер түнек дер ем,
Сол түнекте мен жиі күн өткерем.
Қаталдын қаһарына шыдап бірге,
Өзінді мен әрдайым демеп келем.
(Күдіктенбе деймін саған,демек менен)
Күт мені вокзалда отырып
...Бірақ та...
Таусылмас толассыз сұрақтар.
Сен мұнда,ордада қалғанда,
Мен жүрем жаным жырақта.
(Жүрер ме ең менсіз сен өзі,
Қайғынын бәріне де шыдап та.)
Күткейсін бір мені елеңдеп,
Сезімді күтемін сенен тек.
Біздегі жарасқан жүректер,
Қай кезде бақытқа бөленбек.
(Алланың разылығы үшінде,
Айтар ем сені жақсы көрем деп)
Көрінер бәрі өтірік,
Жүрсем де сен деп өтініп.
Сезімге сенбей өтсең де,
Көзімнің бірақ отын ұқ.
(Келемін сәл қалды шыдашы,
Күт мені вокзалда отырып.)
Күте берем
Қаламын кейде мен босқа ойланып,
Жүрек мендік бара жатыр тасқа айналып.
Өмірімнің өрнегі ширетіліп,
Өзінсіз күндерін бастай ма анық?
Білмеймін бастарын,бастамасын,
Өзін де бір жүрегімді басқарасын.
Егерде өз алдыма ел болсам мен,
Өзінсің сол елдің астанасы.
Жүрегімнің түкпіріне мекендедің,
Сені құлай сүюім бекер ме еді?
Құлағына сырға сап ап кетемін,
Күте-күте шаршадым жетер енді.
Сарылып отырамын түнекте мың,
Жарамас-ау жанымды жүдеткенің.
Саған деген сағыныш жырларымды,
Жарығым-ау өтінем күл етпегін.