Кетпейікші бірімізден жырақтанып

 

Қалған соң бір менен жырақ қалып,

Түнімен жатқан шарсын жылап та алып.

Мына мені кінәсіз деп тапсаңдағы,

Бәріне себепші мен бірақ та анық

 

Мазасыз күйге енесің сұраққа алып,

Махаббатты сезініп бір апталық.

Өзін үшін кейде бәрі жалған бейне,

Мән бермейсін жатсам да құлап,талып.

 

Жүрмін ғой жанымнан жыр ақтарып,

Жүрмін ғой жанына сыр ақтарып.

Қайғы мен қуанышты көру үшін,

Кетпейікші бірімізден жырақтанып.

 

 

Кетпеймін бір елі жаныннан да.

 

Сезімінді қайтейін ардақтаған,

Көңілімді күйге бөлер қалмапты адам.

Сен кетсең егер де күте тұр деп,

Үй-күйі жоқ қоқыстағы жан боп қалам.

 

Жүресін бір түсімде,бір өңімде,

Назынды айтып мынау гүл өмірге.

Сағынышын сарғайып,бойындағы,

Мені тосып елеңдеп,жүр едің бе?

 

Жүрегін жүрегіме бағынған ба?

Жанартаудай атқылап жарылған ба?

Теніз тасып,жер жыртылып кетсе де шын,

Кетпеймін бір елі жаныннан да.

 

 

Кінәлі мен шығармын

Алдама мені дегенім үшін,

Бір сен деп уайым жегенім үшін,

Өмірге сендік кіргенім үшін,

Кінәлі мен шығармын.

 

Мазаңды сенің алғаным үшін,

Көргің кеп үйіне барғаным үшін,

Бір сенің айым арманың үшін,

Кінәлі мен шығармын.

 

Секундтап сені ойлағаным үшін,

Көркіне сенің тоймағаным үшін,

Қазбалап бәрін қоймағаным үшін,

Кінәлі мен шығармын.

 

Аңсап сені күткенім үшін,

Көзімнен жас төккенім үшін,

Керемет ғажап көктемін үшін,

Кінәлі мен шығармын.

 

Таусылмас сұрақ қойғаным үшін,

Айтылмай қалған ойларын үшін,

Атыңды жүректен ойғаным үшін,

Кінәлі мен шығармын.

 

Санама естелік түйгенім үшін,

Досыннан қызғанып күйгенім үшін,

Бір сені құлай сүйгенім үшін,

Кінәлі мен шығармын.

 

Еркелетіп күлгенім үшін,

Тек сен деп мен жүргенім үшін,

Жарым деп сені білгенім үшін,

Кінәлі мен шығармын.

 

Кінәлі мен...

 

Кінә ма ойлағаным мына сені,

Осы өлеңім өзіңе ұнаседі.

Жүрегімде есімін сақталған ғой,

Басқа жерде жаным-ау тұрмас енді.

 

Қаламассың сені ойлап,мұң кешуді,

Аңсап келем бетпе-бет тілдесуді,

Бойында бір сиқыр барма айтшы

Шығардың ғой ғашығым сен есімді

 

Ұнамасам қалайда мен ұнармын

Кеште болсын әз жаныңды ұғармын.

Бәрі-бәрі айтып келмес жаным -ау

Бәріне солай кінәлі мен шығармын