Жұбаныш жырларын арнайық!!!
Күнімен мұңдасып,сырласып,
Жанымды жатыр жыр жұлқылап.
Мен саған боп жүріп шын ғашық,
Бір сәтте ұмытам мүмкін ақ.
Барымды сондықтан бағала,
Толтырмай әрдайым жанға мұң.
Шүкір деп Жаратқан Аллаға,
Атса ғой өзінмен таңдарым.
Арманға асығып бүгін біз,
Қалықтап,құстайын самғайық.
Танытып әр уақыт жылы жүз,
Жұбаныш жырларын арнайық!!!
Жырақтама
Сен болмасан мұн басар жиі еңсені,
Өзін болып алдын білем күй өлшемі.
Жүрегімнің түкпіріне сақтап алып.
Ақ періштем мәңгіге сүйем сені.
Көздерін мөп-мөлдір бұлақтайын,
Өзіне аялдап,тұрақтайын.
Хабарсыз кетсем егер,мен өзінмен,
Көкейінде мыңдаған сұрақ дайын
Бәрібір де өзіне сыр ақтарам,
Сенбейсін-ау сен мейлі бірақ маған.
Сені бұлай сүюді доғармаймын,
Өтінем жанымнан жырақтама.
Жырым менің
Жұдырықтай жүрекке сыя білген,
Мұратым ең,сен менің,қиялым ең.
Жүзіме қарауға ұялсаң да,
Сүйем деп айтшы өтінем ұялыңмен.
Ауылға кетіп ара қашық еттің,
Дей алман қашықтықты хасірет тым.
Ақ экранның ар жағында отырып ап,
Бір мені күлімкөзім ғашық еттің.
Сырласумен өтетін ед(і) түнім менің,
Күміс айна күлкінмен күлімдедің.
Өзінді көруге асыққанда,
Рас айтам,қобалжыдым дірілдедім.
(өзін болдың жарым емес,жырым менің)
Кейіпкерім өмірдегі сен ғанасың
Өткен күндер сағыныштан у ала мұң,
Сансақ ой санамды дуалады
Саған деген сандық сезім соншалықты,
Онлайн болсан-дағы қуанамын.
Махаббаттың жағалауын бойлап барам,
Көңілдегі серпінісім жоймапты алаң.
Саған ұқсас пішін көрсем асығып мен,
Ханшайымым осы шығар деп ойлап қалам.
Көңілім қара өлеңнен жырақтаса,
Сағынышым сарғаяды жылапта аса.
Мен сені сүюді доғармаймын,
Мейлі сендік жүрек мені ұнатпаса...
Махаббаттан масайып шайқаламын,
Сыяды өзегіме жай талабым.
Сүйем еп барша әлемге жар салып мен,
Келе берет қайта-қайта қайталағым.
Тапты жүрек жырымның тең данасын,
Өміріме орныққан кермаралсын.
Қара өлең жазсам егер бір сен үшін,
Кейіпкерім өмірде сен ғанасың!
Келші өтінем
Мына сенсіз арайланбат ақ таным,
Бір өзіңе арналады тәтті әнім!
Саған деген сезімім бар жүректе,
Әсем гүлін терсем деймін бақтардың.
Ұйқы да жоқ,ойлай алмай жатпадым,
Еске алдым сол бір дәурен шақтарды.
Жанарыма мұң тізіліп,қапты ғой
Жалғыз саған бар сырымды ақтардым.
Жүрегіме ауыр батты жаққан мұң
Уайымдадым... Бірақ-бірақ жақпадым,
Тоқсан қыздан таңдаған сәулем сен,
Бұл өмірде,бақытымсың тапқаным
Имандысын... Қылықтысың... Мақтадым,
Сендей асыл бұ жалғаннан таппадым.
Келіссеңіз қалқатайым қиылған
Болыңызшы ең аяулы баққаным.
Үмітімді өзге көзден жақпадым,
Сүйгеніме еш айыпты тақпадың.
Қыңыр мінез қырсықтықпен сен әлі,
Дегенімді мына менің қақпадын.
Жауабынды айтқын келсе күтемін,
Жаралылар жүретін мен бақтамын!
Келші өтінем...