Жанымды түсінетін жан сұрағам.
Миллионнан бірі етіп таңдағанмын,
Бір көргеннен жанымды баурап алдың.
Көзқарасы өзге қыз,қиылып-ақ,
Жүрегімді мына менің жаулап алдың
Уақыт өте мені де түсінерсің,
Таңырқап,керемет кісі дерсін.
Ешкімге қарамаймын деп ап жүріп,
Жүрегіне есімімді көшірерсін.
Ұнайды бар қылығын жалпы маған
Өзіне сәл де болса талпына алам.
Жаратқаннан сұмпайы әйел емес,
Жанымды түсінетін жан сұрағам.
(Жанымды түсінетін жар сұрағам)
Жанымыз бір
Арманымсың аласұрған ак таңда,
Сені іздеймін гүлдер толы бақтарда.
Жанарымнан ыстык жастар сырғиды,
Бар мұңымды бір өзіне шаққанда.
Қиялдаумен әр түнімді өткізем,
Есіміңді жазам кейде ақ қарға.
Мына менің лүпіл қаққан жүрегім,
Жан-жарым-ау сенен бақыт тапқан ба?
Тағдырымның тұтқыны боп өтер ем,
Сені салса мына менімен қақпанға.
Сені ойлау әдет болып кетіпті,
Жан баласы түнгі ұйқыда жатқанда.
Ерекшесің,ерексің ғой өзгеден,
Көңіл шіркін тек өзінді іздеген.
Саған деген сезімімді айталман,
Мағынаға толы әсем сөзбенен.
Сенің мынау ажарына құмартып,
Өз алдында әлі талай өзгерем.
Сен де мені мен сүйгендей сүйесің,
Балдай тәтті тіліннен мен сезген ем.
Қызыққа бөленерміз бірдей жүріп,
Шығарсың-ау алдымнан күндей күліп.
Сымбатына амалсыз бас иемін,
Танытасын үнемі гүлдей қылық.
Саған деген сағынышты сезермедің?
Әз жанымды аяулым күлмей ұғып.
Жаным менің қалайша алар тыным,
Өткіземін сені ойлап дала түнін.
Дүрсілдейді жүрегім сағыныштан,
Сезесің бе бірдей боп соғатынын.
Жымындысқан жұлдыз да күндер ғашық,
Келмесін басқалай енді алмасып.
Түн жарымда жел ұрса терезенді,
Мен бе екен деп қарашы перденді ашып.
Сырлассам сенімен көз ілмеспін,
Алмастыра алмас ау өзінді ешкім.
Қандай ғажап сыбырлап сөйлегенің,
Күлкіннен керемет сезім кештім!
Жүрексінем
Күтеді бізді қосылмас,жолдар бір алаң,
Жүрек сендік еттең де емес,қоладан.
Естелікпен өмір сүрем амал не?
Тек бақытты болса екен сол адам.
Бағдарына бағамшыл тілекшің ем,
Сені ойлап түн жарымда көп өксігем.
Көргенде сені кейде қарсы алдымнан,
Бірдене деп айтуға да жүрексінем.
ЖҮРЕКТЕСІҢ
Ғашық жаным,өзімді-өзім тергеймін,
Шыным осы сенбе мейлісен мейлің!
Өзге жандар жайлы айтып не керек,
Бәрібір мен бос сөзіне сенбеймін.
Досы болдым төрт қабырға бөлменің,
(Шырын дәмді татпағалы шөлдедім).
Мені бәрі күндей берсе,күндесін,
Өзін барда жарқыным-ау сөнбедім.
Менің көзім бір сен үшін жаралған,
Сиқыр айна артық күллі жанардан.
Сағынғанда тас қараңғы түнде де,
Суретінді айнытпаймын мен сала алам.
Құшағына тамылжимын жылынам,
Сені ойлап әр төбеге ұрынам.
Тамылжыған сенің даусын сияқты,
Бұл фәниде естімедім сұлу ән.
Кеше ғана сондай ғажап ән едің,
Бір өзінсің ақ сүйріктей әдемім.
Бүгіндері музам болдың тым жақын,
Тек түнімде жолдайтын шабыт-сәлемін.
Мен сен үшін түсем отқа,жалынға,
Уәде берем болам мәңгі жаныңда.
Шалдықсам да бір шипасыз ауруға,
Тек айтарым сары уайымға салынба
Лаулап кетем,қызғанамын өзгеден,
Өз ісімнен түршігеді өз денем.
Сені туған анаңды да ренжітпейм(ін),
Алаңдама,ардақтым-ау сөз брем.
Мөлдір көзін алғаш маған қиылған,
Жалғызыдғым сол бір сәтте тиылған.
Құдайымды ұлы еткендей елігім,
Сенің сұлу ажарына сыйынам!
Сүйіктім-ау сұм жалған жүдетпесін,
Нәзік жүрек сезімді күл етпесін.
Мен өзінді мәңгі сүйіп өтем шын,
Себебі сен сыңарым ЖҮРЕКТЕСІҢ!!!