Дәл осылай жүре берсем арман-ай!

Тұнар көкте түнде-сезім,таңда-сыр

Тек өзінсін нұр беретін жанға асыл.

Біздер жайлы жазып алып уақыт жыр,

Біздер жайлы сыр шертеді әр ғасыр.

Санамызды шырмаса да сан күдік,

Өмірінді өзгертемін жар қылып.

Қолыңыздан қысып ұстап жібермей,

МАХАББАТЫМ осы дейін мәңгілік!

 

 

Жалған ба деймін...

Жауапсыз қалып жатыр сұрақтарым,

(Тыңдайсын да оқисын бірақ бәрін...)

Ақ сенімім қарайып бара жатыр,

Жалған ау деп қоямын ұнатқаның.

Жалған ба еді,сезімін бойыңдағы,

Сөзінді айт жасырма,ойындағы.

Сүйіп тұрып,өзгеріп кететіндей,

Жүрегіннің сол шығар тойынғаны.

Арманымды жалғап ең армандарға,

Бой бермеп ем,ақыл ой салғандарға.

Бірақ сол бір арманға жете алмадым,

Қызығып қала бердім барғандарға.

Бақытымның уақыты тым аз екен,

Көңіл-күйсіз күндерім біраз екен.

Шын сүйгенім үшінде жаным сені,

Бақытыңды Алладан сұрап өтем.

Еш дамылсыз қимылдап сағаттарым,

Уақыт сырғып барады талап бәрін.

Түнге ұқсаған күндерден шаршап кеттім,

Күтіп жүрмін тағы да таң атқаның.

Екі дүние бақвтвн беріп саған,

Жамандықтан сақтап жүрсін Жаратқаным.

 

Жалғызым

Жалғыздықтың жаман-ау жан азабы,

Жалғыздық тек жалғызға қарасады.

Жалғыздық,ей,еркіме жібер мені!

Жалғыздық тек Құдайға жарасады.

Жалғыздығым жүректен желдей ұшып

Жаратқаным жаңа өмірге жол ашады.

Жалғанда жалғыз қалған қиын екен,

Жүректі күтет жарқын болашағы.

Жаңа өмірім ендігі бұл күндегі,

Жалғызым,жан гүліммен жалғасады.

 

Жан гүлім...

Жасқа толтыр жанарынды тұмшалап,

Жатыр дейсің бар жоғынды кім санап.

Бақыттысың сені ойласа бір адам,

Қия бермевс Тәңір саған мұнша бақ.

Өткеріп ап табиғаттың мезгілін,

Қысын,жазын тек өзім деп сез гүлім.

Көктем келді қарашы,көктем келді,

Мына өзіммен әсем бақты кез бүгін.

Айналаға таратшы жан-нұрынды,

Түбегейлі өзгерттің тағдырымды.

Жамандықтан қорғап жүрші,о,Жаратқан.

Жалғандағы-жұбанышым,жан гүлімді.