Бақытынды бір Алладан сұрап өтем.

Үлбіреген жанымды мұңға малып,

Қара,әне,кетуде жылдар ағып.

Өткінші сәт өкіндіріп кетеді екен,

Өлшеп берген шаттығын бұлдап алып.

Оң басқан қадамым сорға басқан,

Мен бейбақпын атырап жолда адасқан.

Мен кіршіксіз шақты аңсап кеттім бе екен?

Сарқылмас сезімді қорғамастан.

Қиялға кейде қалқам ерік берем,

Елесіннің соңыннан еріп келем.

Қу өмірден азапты көрмегейсің,

Сен көрмеген азапты көріп келем.

Әр пендеге бұ жалған сынақ екен,

Толассыз жаңбырдайын сұрақ екен

Қарама көңіліме өтінемін,

Бақытынды бір Алладан сұрап өтем.

 

Басқаның мен бағы болмаймын да.

 

Елітіп қалған жандай балдай мұңға,

Жалғыздық әлеміне торлаймын ба?

Іңкəрлік сыйлаған сол есіміне,

Тамшы үзіп соңғы өлеңді арнаймын ба?

Ақын жаны кейде сәби,тастамашы

Тастасаң,жетімдей боп қалмаймын ба?

Сен мені қиналмайд(ы) деп ойлаймысың?

Жүрмін ғой жанға жара салмай мұнда.

Өзінсін Арунам-бақ сыңарым,

Басқаның мен бағы болмаймын да.

 

Бәрінен де бұрын сен қайтер едің,болашақ енеме ұнап қалсам...

 

Таулар да жарасқандай асуымен,

Сен де менің дәл сондай асылым ең.

Анамды таныстырғым келіп жүр ғой,

Теңдесі жоқ өзіндей ғашығыммен.

 

Арамызда жоқ-ау бөгет қамалдар да,

Өзінді сүйіп тұрған жанды алдама.

Өзінмен үйленгім де келіп жүр ғой,

Үйленіп,үй болуға шамам барда.

 

Қорқам кейде,таусылмас сұраққа алсаң,

Сүрінбей өтер едім сынаққа алсаң.

Бәрінен де бұрын сен қайтер едің,

Болашақ енеме ұнап қалсам...

 

 

Ғашық болдым бір аруға...

 

Айтайын саған ашығымды,

Болдың ғой маған жан асыл үлгі.

Көргенде сені,

Сүйгенде сені,

Тапқандай болдым жанашырымды.

 

Сөзінде сенің байқалды үнің,

Бойында жоқ екен ешқандай мінің.

Көзіннен көз алмай,

Ештене сезе алмай,

Өзіңмен өтсе ғой мың айлы түнім.

 

Ұнайды маған ұялғаның,

Өзің деп әркез қиялдадым.

Көз ілмей түнде,

Сағынып күнде,

Есіме сенің жиі алғанмын.

 

Жүрегім сен деп арнайды әнің,

Өзіңсіз өмір сүре алмайм жаным.

Жүзіне қарап сан,

Бақытқа баласан,

Тек семен атса ғой арайлы таңым.

 

Арманға айналдың аңсаған,

Бақыттан баршаға жар салам.

Айтайын шынымды,

Түсінші бұнымды,

Ғашық боп қалдым мен саған.

 

Келісім берсең әрине қуанам,

Нәп-нәзік жүректен әлі де туад ән.

Ауырсан тымаумен,

Жай жағдай сұраумен,

Жанарды еріксіз жасқа мен бұлағам.

 

Ин Ша Аллаһ бір сені қайтадан табармын,

Жылатпай жұбатпай бақытқа балармын.

Дәл сендей арумен,

Имандай қарумен,

Шарлаймын махаббат аралын.

Тәрбиелеп қыз ұлды,

Боламыз біз үлгі,

Аттанып арманға атымен АЛЛАНЫҢ!.

 

Ин Ша Аллаһ Арманыма жетемін