Көктен жерге,жаным-ау,түсір мені.

Ех,Аруна қыз,Аруна қыз...

...Баяндап неғыламын бастан бәрін,

Қаламаймын көзіннен жас тамғанын.

Өзінмен бірге өткім келіп жүр ғой,

Өмірдің өлшеусіз баспалдағын.

Көрсетпеймін бақытты басқаға анық,

Отырмайсын жанарынды жасқа малып.

Жүрегім бір мемлекет болса егер,

Қалар едім жүрегіңді Астана қып.

Сезімімді жасыра алмаймын ішімдегі,

Болмаса екен бір сұмдық түсімдегі.

Қиялдың әлемінде қалықтап жүрм(ін),

Көктен жерге,жаным-ау,түсір мені.

Ұялының бетін жиі ақтарған ем,

Санама символ болып жатталған ең.

Есімінді жүрекке ойып алып,

Өшпесін деп мәңгіге сақтаған ем.

Ал жарайды,айдай сұлу,Аруна қыз,

Ажарына сенің бір табынамыз.

Сәл көрмесек қамығып шынында да,

Сары уайымға салынып сағынамыз.

(Сені сүйген жүрекке басынды иіп,

Салма өтінем ешқашан жаныма мұз)

Ех,Аруна қыз,Аруна қыз...

 

Бағын жанса,сол да маған қуаныш

Мұңымды шақпадым да шаға алман,

Болмашы бөгделерге шағала арман.

Қаңқу еткен қазға сен ұқсамашы,

Көрінер көзге бірден жағалаудан.

Ессіз күйге жол берес шынында да,

Ақыл ойы толық саналы адам.

Маңдайыма бақыт нұрын жазбаса да,

Бар бақты берсінші саған Аллам!!!

Арманға асау жүрек қанықпаған,

Ұшқыр ой көкте жиі қалықтаған.

Біреу мені бақытты етсе деймін.

Біреуге бақыт сыйлап жарытпағам.

Сан күдікке шырмалған сана сендік,

Сезімімді кеудемдегі әлі ұқпаған.

Жүрем әркез мен саған бақыт тілеп,

Айтып жүрсін ел сені бақытты деп.

Ал мендегі жүректің бұл жарасын,

Өршіте ме жаза ма уақыт білед(і)

Жаным еш таңқалмашы өтінемін,

Ел мен атап жүрсе бақытты деп.

Бақыттымын бұл өмірде

 

...Шырын сезім шаттықта тербетіле,

Мен бір жалғыз ғашықтай жер бетінде

Сезімім дерт болса егер,жалғыз емі,

Сенің күліп қараған келбетінде.

 

Өзгелердей жүрмесекте бірге біз,

Сан өлеңде біз әйтеуір біргеміз.

Жақындатып тұрған күншіл кеудені,

Құламасын сезімдегі іргеміз.

 

Жүрегіме төріне мекендедің,

Сенсіз өткен күндерім бекер менің.

Сыздап жатқан жүректі қолыма алып,

Құстай ұшып қасыңа жетер ме едім?

 

Күн көзі нұрымен шашылғанда,

Қос жүрек лүпіл қағып қосылғанда.

Бәр тәтті ертегідей күй кешеді,

Біз сияқты жаным-ау ғашық жанда

(Бақыттымын бұл өмірде расыменде,

Өзіндей қамқоршы асыл барда)