Аэротүсірістерді трансформациялау элементтері – фототрансформаторда аэротүсірістің орналасуын анықтайтын биіктіктер.

Барлық фотограмметриялық есептерді еңіс суреттеріне қарағанда горизонтальды суреттерде шешу оңай.

Горизонтальды суреттерді камералды жағдайда еңіс суреттерін трансформациялау жолымен алуға болады.

Трансформациялауда жергілікті жердің бедерінен шыққан (вызванный) бұрмалануды, трансформацияланатың нүктелердің жағдайына түзетулер еңгізіп кішірейтуге боады. Трансформациялау әр түрлі картографиялық проекцияларда ұсақ масштабты карталарды құруда және арнайы арналған фотодокументтерді құруда негізгі процесстердің бірі болып келеді.

Аэротүсіріс нәтижесінде алынған аэросуреттер суретке түсіру мезгілінде фотокамераның еңіс шартына байланысты бұрмалануы болады. Сондықтан аэросуреттің әр түрлі нүктелерінде масштаб бейнеленуі бірдей емес. Одан басқа ұшу кезінде суретке түсіру биіктігінің өзгеруіне байланысты аэросуреттер өз ара әр түрі масштабты боады. Егер осы себептерден шыққан бұрмалану өлшем мөлшерінен асатын болса онда ондай аэрофотосуреттерді түзету қажет және қажетті масштабқа келтіруді трансформациялаумен орындайды.

Суреттерді трансформациялау деген еңіс суретін горизонтальды суретке берілген масштабта немесе бейнеде құрылатын картаға қатысты проекцияға келтіреді.

Трансформациялаудың бірнеше әдістері бар:

1) аналитикаық

2) графикалық

3) фотомеханикаық

4) оптикалық

5) графомеханикалық

6) электрондық

Осы әдістердің әр біреуі берілген мәліметтерге байланысты трансформациялаудың 2 жағдайымен айырады:

1) сыртқы бағдарлау элементтерімен

2) тірек нүктелерімен

 

18, 19, 20 сұрақтардың жауабын таба алдамым!!!