20 сурет – Түсірісті зона бойынша трансформациялау
Фотопланды монтаждау кезінде транформацияланған зона ғана қолданылады.
Бағыттаушы нүктені әдетте әрбір зонаға емес, тек біреуіне ғана анықтайды. Мысалы, бастапқы болып саналатын ортаңғы зонаға бағыттаушы нүкте анықталады. Бұл жағдайда басқа түсіріс зоналары қандай да бір кесіндінің көмегімен трансформацияланады. Мысалы,түсірістің байланыстырушы координаттық белгілері.
Трансформация кезінде кесіндінің бастапқы зонасының проекциясы l-ге тең болсын, сонда трансформация кезіндегі шектесіп жатқан зона - . Мұнымен шектес зона аз болады да,
аумағы оң болады. Егер шектес зонаның трансформация кезіндегі жазықтықтың биіктігі азайса және теріс болса, егер бұл биіктік бастапқы зонаның трансформация кезінде жазықтықтың биіктігінен көп болса онда:
H1 және H2 —бсатапқы және шектес зоналардың трансформация кезіндегі жазықтығына байланысты түсіру биіктігі,
Но H2=H1-2hпр, сондықтан
L аумағы тірек нүктелері мен бағыттаушы бірігу проекциясында нүктелердің орны ауысқан соң масштабты инвенсор көмегімен өзгереді.
Бұл тәсіл кезінде бейненің масштабының өзгеруіне байланысты негативтің қисықтығы өзгереді және соның салдарынан бейнеде бұрмалаушылықтар пайда болады. Дегенмен зоналардың аз болуына баыланысты бұрмалаушылықтар білінбейді.
Зона бойынша трансформациялау фотоплан монтажын қиындатып жіберетіндіктен зоналардың саны 3-тен аспағанда ғана қолданылады.Зоналардың саны көп болған жағдайда трансформациялаудың оптикалық тәсілі қолданылады.
Трансформациялаудың ең нақты әрі қолайлы әдісі болып саңылау трансформайиясы болып табылады. Ол қыратты және таулы аймақтардың фотопланын құрғанда өте қолайлы.
16. Сыртқы бағдарлау элементтері
Проекция орталығының жағдайын және жергілікті жерде қабылданған координата жүйесіне қатысты суретке түсіру моментіндегі сурет жазықтығын анықтайтын шамаларды сыртқы бағдарлау элементтері деп атайды
Сыртқы бағдарлау элементінің екі жүйесін қолданады 11-сурет.
Оларға мыналар кіреді::
Х0, Y0, Z0 — проекция центрінің координаталары (суретке түсіру моментіндегі объективтің алдыңғы түйін нүктесі);
ε —суреттің еңіс бұрышы — Z осьі мен басты сәуле арасындағы бұрыш;
t — түсіріс бағытының сызық бұрышы — X осьі мен негізгі вертикалдың жазықтық ізі арасындағы бұрыш;
æ — So басты сәуле айналасында суреттің өз жазықтығында бұрылу бұрышы— у осьі мен vv негізгі вертикал арасындағы бұрыш;
11 – сурет. Сыртқы бағдарлау элементтерінің бірінші жүйесі.
Екінші жүйеде де алты сыртқы бағдарлау элементтері бар. Олардың үшеуі сызықтық, үшеуі бұрыштық. (12 сурет)
Сызықтық шамаларға проекция орталығының координаталары S Х0, Yо, Z0, жатады, ал бұрыштыққа:
α — сурет еңісінің бойлық бұрышы — Z осьі мен XZ жазықтығына негізгі сәуленің проекциясы арасындағы бұрыш ;
ω— сурет еңісінің көлденен бұрышы — негізгі сәле мен оның проекциясымен XZ жазықтығының арасындағы бұрыш, ол Y осьі мен негізгі сәуле арқылы өтетін жазықтықта орналасады;
æ — негізгі сәуле айналасында өзінің жазықтығында суреттің бұрылу бұрышы — у осьі мен У осьі мен негізгі сәуле арқылы өтетін жазықтықтағы іздің бұрышы.
12– сурет. Сыртқы бағдарлау элементтерінің екінші жүйесі.
Сыртқы бағдарлау элементтері ұшу кезінде суретке түсіру моментінде анықталуы мүмкін, бірақ ірі масштабты картаграфиялауға жетіспейтін дәлділікпен. Сондықтан оларды анықтау үшін суретте танылған түсірілген жергілікті жердің бірнеше нүктелерінің геодезиялық координаталры болуы керек.
17. Түсірістерді трансформациялау элементтері