Кеңістіктік фототриангуляцияның проектін құру
Кеңістіктік фототриангуляцияны жасау жұмысының басын проект құрудан бастайды.Проектті құру,жұмысты жасау үшін қажетті материалдарды жинаудан басталады.Фототриангуляция қандай түрде жасалатынына байланысты әдіс таңдалады.Әдісті қолда бар приборлар мен материалдарға байланысты таңдайды.Бастапқы материал ретінде жергілікті жердің аэросуреттерінің негізінде алынған суреттер мен негативтер қолданылады.Сонымен қатар бұрынғы жылдардағы материалдарды:ескі карталар,фотопландар,түсірістер және т.б. қолдануға болады.
Содан соң,түсірістерге геодезиялық жолмен немесе пландық және биіктік координаттары бар фотограмметриялық жиілету (сгущение) жолымен алынған тірек нүктелерін түсіреді.Кеңістіктік фототриангуляцияны жасау үшін кем дегенде бес тірек нүктесі керек.Олар маршруттың басында екеу және соныңда екеу,ал ортасында 30 суретте көрсетілгендій біреу болып орналасу керек.Тірек нүктелерінен басқа байланыстырушы және бақылаушы нүктелердің орнын белгілейді.Байланыстырушы және бақылаушы нүктелерді,жабынды зонасында белгілеп,картаны құруда нүктелердің орналасу орнын қанағаттандыратындай етіп орналастырады.
30 сурет-маршруттық фототриангуляциядағы тірек нүктелерінің орналасу схемасы.
Планшетте километрлік торды бөліп,оған координата бойынша тірек нүктелерін орналастырады.
13. Геодезиялық және фотограмметриялық координаталар арасындағы байланыс
Жергілікті жер түсірісінде қолданылатын координата жүйелері.
Жергілікті жер фотограмметриясында объект нүктесі орны SXYZ немесе 32-суретте көрсетілген OxгYгZг тік бұрышты координат жүйесі арқылы анықталады. SXYZ координат жүйесі –оң . Оны әдетте объект нүктесі орнын оқуда қолданады және ол фотограмметриялық деп аталады. Бұл жүйелердің координаталық остерінің басы мен бағыты еркін алынуы мүмкін. Біздің жағдайымызда басы S фотографиялау нүктесімен орнатылады, ал жазықтығы ХУ горизонтальды орналастырады.
OxгYгZг координат жүйесі – сол, жергілікті жерді картографиялауда қолданылады және геодезиялық деп аталады. Бұл жұйеде XгYг жазықтығы әрқашан горизонталды, Хг осі солтүстікке, ал Уг осі шығысқа бағытталған.
32-сурет. Тік бұрышты кеңістіктік координата жүйесі.
Фотограмметриялық координата жүйесінің басы фотографиялау S нүктесінде орналассын дейік, ал Х және У координата остері Хг және Уг остеріне параллель болсын. Сонда жергілікті жердің геодезиялық координат А нүктесін мына формуламен анықтауға болады:
Xг = Xгs + Y
Yг = Yгs + X (6)
Zг = Zгs + Z,
Мұнда Xгs, Yгs, Zгs – S фотографиялау нүктесінің геодезиялық координаты,
X , Y , Z - жергілікті жердің фотограмметриялық координата нүктесі.
14. 4 сұрақпен бірдей
15. Трансформаторда түсірістерді трансформалау