Кеңістіктік фототриангуляцияның мәні және классификациясы
Кеңістіктік фототриангуляция суреттердің көмегімен топографиялық карталар, пландар, фотопландар және жергілікті жер туралы басқа да құжаттарды құру үшін пландағы орны мен биіктік өсімшелерін анықтауға мүмкіндік береді.
Кеңістіктік фототриангуляцияның негізігі міндеті-далалық геодезиялық жұмыстарды неғұрлым азайтып, оларды камералды жұмыстармен алмастыру.
Кеңістіктік фототриангуляция топографиялық емес жұмыстарды шешу үшін ,мысалы,ұшақ және басқа да ұшатын объектілердің траекториясын,жылдамдығын,басқа да параметрлерін және қозғалыс тәсілдерін бақылау үшін қолданылады.
Кеңістіктік фототриангуляцияның мақсаты бір немесе бірнеше маршруттарға тиесілі суреттердің көмегімен жергілікті жердің моделін құру және оның геодезиялық координаттар жүйесіне сай бағыт табуы.
Жергілікті жердің моделін құру үшін қолданылатын маршруттар санына қарай, кеңістіктік фототриангуляцияны бір маршрутты, маршрутты немесе көп маршрутты деп бөледі.
Маршрутты фототриангуляция бір маршрутқа тиесілі суреттердің көмегімен жасалады.Сонымен қатар,маршрутта модельдің геодезиялық координаттар жүйесіне қатысты бағыт (ориентир) табуы үшін тірек нүктелелері болуы керек.
Көп маршрутты немесе блоктық фототриангуляция екі немесе одан да көп суреттердің көмегімен жасалады.Бұл триангуляцияны құру үшін әрбір маршрутты тірек нүктесімен қамтамасыз етудің керегі жоқ,бүкіл блок үшін бірнеше тірек нүктесі жетерлік.Сол себепті блоктық триангуляция маршрутық триангуляцияға қарағанда далалық геодезиялық жұмыстарды неғұрлым қысқартуға мүмкіндік береді.Әсіресе қолайсыз жерлерді және қолжетімсіз жерлерді картографиялауда оның маңызы артады.
Қолданылатын техникалық құралдардың түріне байланысты,кеңістіктік фототриангуляцияның екі түрін ажыратады –аналитикалық және инструментальды немесе аналогтық.
Аналитикалық фототриангуляция әрбір жұп суреттің өлшенген координаталық нүктелеріне байланысты есептеледі.Қазіргі заманғы аналитикалық фототриангуляция жоғары дәлдікті автоматтандырылған стереокомпараторлар мен электронды есептеуіш машиналарды қолданудың негізінде жасалған.
Аналотық фототриангуляцияның негізінде жеке дара немесе әрбір маршрут шегінде жалпы модельдерді құрастыруға мумкіндік беретін әмбебап стереоприборларды қолдану жатыр.
Сонымен қатар,ұшу кезінде тіркелген суреттерді сырттан бағдарлау (ориентирование) элементтерін қолданбай және суреттерді сырттан бағдарлау (ориентирование) элементтерін қолданып жасалатын фототриангуляция деп бөледі.
Фототриангуляцияда суреттердің бағдарлау элементтерін және суретке түсірген кездегі биіктік айырмашылықтары мен проекция центрлерінің координаттары сияқты қосымша мәліметтердің қолданылуы,далалық геодезиялық жұмыстарды неғұрлым азайтуға септігін тигізеді.
Қолданылуына байланысты,фототриангуляцияны каркастық және толықтырушы деп бөледі.
Каркастық фототриангуляция көбінесе толықтырушы маршруттардың бойымен фототриангуляциялауға қажетті тірек нүктелермен қамтамасыз ету үшін,толықтырушы маршруттарға перпендикуляр салынған маршруттар бойымен орналасады.Толықтырушы фототриангуляция топографиялық карталарды құруда стерео жұптарды өңдеу үшін,әрбір стерео жұпты тірек нүктелерімен қамтамасыз етеді.
Аналитикалық фототриангуляцияның аналогтықтық фототриангуляциядан артықшылығы:
-өлшеу нәтижелерін өңдеудің қатаң әдістері және суреттерді өлшеу үшін презициондық стереокомпараторларды қолдану барысындағы жоғары дәлдік;
-барлық есептеу процесстерін автоматтандыратын электрондық есептеу машиналарын қолдану барысында пайда болатын жоғары өнімділік;
-көп қырлылық (универсальность)-суреттердің элементерінің бағдарлану мағынасы мен форматына шектеудің қойылмауы.
Аналитикалық фототриангуляция әсерін математикалық түрде көрсетуге болатын барлық систематикалық қателіктерді есепке алуға мүмкіндік береді.Мұндай қателіктердің қатарына фотокамера объективінің дисторсиясы,Жердің қисықтығы,атмосфералық рефракция,суреттердің біркелкі және біркелкі емес деформациясы және т.б.
Анологтық фототриангуляцияда жүйелі қателіктерді болжау мүмкіндіктері шектеулі.Мысалы,шамамен барлық әмбебап (универсальные) стереоприборлар суреттердің біркелкі емес деформацияларының әсерін жоюға мүмкіндік бермейді.
Аналитикалық фототриангуляцияда суреттердің абайсызда болған деформацясының әсерін азайтуға мүмкідік бар.Оған шыны пластинкада жиілігі 1-2 см болатын,аэрофотоаппараттағы бақылау торына (сетка),жарық сезгіш фотопленканың жабыстырылуы арқылы қол жеткізуге болады.Экспозиция кезінде бақылау торы (сетка) суретпен беттеседі.Бақылау торының айқасу (перекрещивание) координаталары жоғары дәлдікпен анықталады.Суретте бақыланып отырған нүктенің координаталары мен жақын орналасқан айқасулардың қаншалықты беттескенін,яғни абайсызда болған деформациядан бөлек кішкене бөліктерді өлшейді.
Ерекше жағдайларда аналогтық фототриангуляцияны аналитикалықпен байланыстырады.Әмбебап стереоприборларда тәуелсіз модельдерді жасап,электронды есептегіш машиналардың көмегімен сол модельдерді жалпы бір модельге біріктіріп,оны сырттай бағыттыайды.