Механикалық әмбебап стереоаспаптардың ұстанымдық сызбалары.

Фотограмметриялық белгілеуді механикалық тәсілмен жүзеге асыратын екінші топ әмбебап стереоаспаптарын екі топқа бөліп қарастырамыз.

Фотограмметриялық белгілеуді орындайтын алғашқы топ аспаптарында (стереоавтограф, технокарт и топокарт Цейсса, Ф.В. Дробышевтың фото картографы) жазық механизм қолданылады.

Екінші топ аспаптарында (Г.В. Романовскийдің стерепроекторы, Ф.В. Дробышевтың стереографы, Вильданың автографы, Сантонидың стереокартографы және т.б.) фотограмметриялық белгілеу кеңістіктік механизм көмегімен жүзеге асады.

Проекциялардың ортасына сәйкес келетін S1 және S2 нүктелерінің айналасында R1 және R2 иінтіректері айналып жүр (28-сурет). Олардың қысқа иықшалары автографта бақылаушы жүйемен байланысқан, ал ұзындары М көпіршесінде орналасқан базистік құрылғының кардандары арқылы өтеді. Көпірше өзара перпендикуляр орналасқан үш бағдарлаушымен қозғалысқа ие. Ол қозғалыстар нүктенің координатасын анықтауға және карта құрастыруға мүмкіндік беретін есептегіш құралмен есепке алынады және планшетте бекітіледі. Камералар суреттерді өзара бағдарлауға және үлгіні сыртқы бағдарлауға қажетті барлық қимылдарға ие.

Стереопроектор және стереограф афтографтан басты айырмашылығы: бұл аспаптағы суреттер әрқашан горизонталь кеңістікте орналасады, ал олардың көлбеу бұрыштарының ықпалы коррекционды механизмнің көмегімен есепке алынады. Стереопроектор мен стереографтың бұл ерекшелігі автографқа қарағанда әлдеқайда қарапайым жүйемен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Бұл топ аспаптарында фотограмметриялық белгілеу үшбұрыш+параллелограм ұстанымы бойынша жүзеге асады. Алайда Сантонидың стереокартографы екі үшбұрыш ұстанымы қолданылады.

Жазық және кеңістіктік механисдерді дайындауға және дәлдеме жасауға үлкен талап қойылады.

 

 

 

28-сурет. Механикалық әмбебап стереоаспаптардың ұстанымдық сызбасы.

Оптикалық-механикалық әмбебап стереоаспаптардың ұстанымдық сызбалары.

Үшінші топтағы әмбебап стереоаспаптарда жобалаушы сәулелердің байланысы оптикалық негізде жасалады, ал жергілікті жердің үлгісі жазық және кеңістіктік механизмдердің көмегімен жасалады.Осыған сәйкес үшінші топ аспаптарын екі топқа бөліп қарастырамыз.

Мысалыға, алғашқы топ аспаптарының қатарына Нистридің фотостереографын жатқызамыз. Мұнда байланыстар жобалаушы камералардың көмегімен жасалады, ал үлгі R1 және R 2 иінтіректері арқылы пайда болады. Иінтіректер жобалаушы камералардың алдынғы түйін нүктелердің айналасында айналып жүреді және сәулелердің бағдары бойынша қондырылады.Иінтіректермен бақылаушы жүйе тығыз байланысты. Осы орайда бақылаушы жүйе микроскобының визирлік осі иінтірек осьтері мен суреттердің қиылысу нүктелерінен өтеді. Иінтіректердің төменгі шегі М көпіршесінде орналасқан базистік құрылғының кардандары арқылы өтеді.

Көпірше өзара орналасқан үш перпендикуляр бағытта қозғалады. Ол қозғалыстар нүктенің координатасын анықтауға және карта құрастыруға мүмкіндік беретін есептегіш құралмен есепке алынады және планшетте бекітіледі. Жобалаушы камералар суреттерді бағдарлау үшін қозғалысқа түседі. Фотограмметриялық белгілеу үшбұрыш+параллелограм ұстанымы бойынша жүзеге асады.

Екінші топ аспаптарына А. Н. Лобановтың стереопланиграфын жатқызамыз. Бұл аспапта сәулелердің байланысы бақылаушы жүйе қызметін атқаратын стереоскоптың көмегімен орындалады. Бақылаушы көздерінің алдыңғы түйін нүктелері проекция орталығы болып табылады. Сурет ұстағыштар Р1 және Р2 суреттерін бағдарлауға қажетті қозғалыстарға ие. Бағдарлаудан соң Е горизонталь жазықтығымен байланыс нәтижесі ретінде аспапта екі түрлендірілген сурет пайда болады. Осы суреттер арқылы жазық механизм көмегімен карта құрастырылады.

 

 

12. Кеңістіктік фототриангуляция міндеттері және классификациясы