27-сурет. Екі үшбұрышты белгілеу сыхбасы.
Дәлдігі бойынша әмбебап аспаптар бірнеше топқа бөлінеді. Бірінші топ – фотосурет нүктелерінің координаталарын есептеу үшін 10 мкм ортаквадраттық қателікті қамтамасыз ете алатын құрылғылар. Екінші топ – 20 мкм болса, үшінші топ – 50 мкм ортаквадраттық қателікті қамтамасыз ете алатын аспаптар. Аналитикалық аспаптарда ортаквадраттық 5 мкм-ден аспауы тиіс.
Экраннан айқын бейне алу үшін, екі шартты орындау қажет:
1. Объективтен суретке дейінгі арақашықтық f және экранға дейінгі қашықтық D оптиканың негізгі теңдеуін қанағаттандыруы қажет;
2. Суреттің жазықтығы. Басты объективтің жазықтығы мен экранның жазықтығы бір түзудің бойында қиылысуы қажет.
Оптикалық әмбебап стереоаспаптардың ұстанымдық сызбалары.
Фотограмметриялық белгілеуді (үшбұрыш, үшбұрыш+параллелограм, екі үшбұрыш) оптикалық тәсілмен жүзеге асыратын әмбебап стереоаспаптарды үш топқа бөліп қарастыруға болады.
Алғашқы топты қос проекторлар мен мультиплекстер құрайды. Бұл топ аспаптарында суреттер камераның көмегімен экранға бір бірінің үстіне қойылатындай проекцияланады. Сәулелердің байланысы өзара бағдарланады. Нәтижесінде, жергілікті жердің оптикалық үлгісін аламыз.
Екінші топ аспаптарына стереопланиграф, топофлекс Цей, Ф.В. Дробышевтың фото картографы және т. б. жатады. Бұл аспаптарда әрбір сурет камераның көмегімен өлшеуіш маркамен қамтылған жеке экранға проекцияланады. Жергілікті жердің үлгісі параллель жүргізілген сол жақ байланыс сәулесінің сәйкесінше оң жақ байланыс сәулесімен қиылысуының нәтижесінде пайда болады.
Үшінші топ аспаптары суреттерді құрастыруға және жергілікті жердің оптикалық жорамалдық өлшемелеріне негізделген.
Өлшеулер дәлдігі бойынша алғашқы топтың оптикалық аспаптары екінші топ (қос проекторлар) немесе үшінші топ (мультиплекстер) аспаптарына қатысты, екінші топ – бірінші топқа, ал үшінші топ – үшінші топқа тікелей қатысты.