Әмбебап стереоқұралдарды тағайындау және жiктеу.
Әмбебап құралдарды жобалау әдісі бойынша, фотограмметриялық қағиданың жүзеге асуы бойынша, үлгінің өлшемі мен дәлдігі бойынша бөлуге болады.
Жобалау әдісі бойынша ажырату:
Оптикалық аспаптар – суреттер арқылы жобалаушы сәулелердің байланысын қалпына келтіруге септігін тигізетін екі немесе одан да көп камерасы бар аспаптар. Түсіріс суреттері жергілікті жердің үлгісі құрастырылатын көлденең экранда жобаланды.
Механикалық аспаптар. Бұл аспаптарда жобалаушы сәулелердің рөлін кардан орталықтарының айналасында айналатын өте дәл тетіктер мен сызғыш атқарады.
Оптикалық-механикалық аспаптар. Бұл аспаптарда жобалаушы сәулелердің байланысы оптикалық жолмен қалпына келтіріледі, алайда үлгіні құрастыру мақсатында өте дәл тетіктер қолданылады.
Негізгі бөлшегі стереокомпаратор, ЭСЕМ (Электрондық Сандық Есептеуіш Машиналар) және координатограф болып табылатын аналитикалық әмбебап стереоаспаптарда фотограмметриялық белгілеу аналитикалық әдіспен жүзеге асырылады.
Фотограмметриялық белгілеу қағидасының шарты бойынша, белгілеудің үш түрі бар: үшбұрыш қағидасы (26-сурет), қос үшбұрыш қағидасы (27-сурет) және үшбұрыш + параллелограм қағидасы.
26-сурет. Үшбұрышты белгілеу сызбасы
Фотограмметриялық белгілеу – шыңдары жобалаушы камера объективтерінің түйін нүктелері және анықталатын нүкте қызметін атқаратын, үшбұрыш құрастыру әдісі арқылы жүзеге асырылады.
Екі үшбұрышты белгілеу жағдайында конструктивтік есептеумен таңдалатын көлденең еркін К мөлшері екінші сурет проекциясының ортасымен түзу жалғасы бойымен бір бағытта араласпайды.
Жергілікті жердің үлгісі шыңдары жобалау нүктесімен сәйкес келетіндей параллель алынған жағдайда, сол жақ сәулелердің сәйкесінше оң жақ сәулелермен қиылысуның нәтижесінде пайда болады. Осы орайда, фотограмметриялық белгілеу үшбұрыш+параллелограм қағидасы негізінде жүзеге асырылады.