Фотосұлба деп жоспарлы түсірістерден құрылған жергілікті жердің фотограмметриялық бейнесін атаймыз.
Фотосұлба - өзгертілмеген пландық аэрофотосуреттердің пайдалы ауданының жалпы нүктелері немесе бастапқы бағыттар бойынша монтаждау нәтижесінде алынған жергілікті жердің фотографиялық бейнесі. Фотослұлбаны жасап шығару аэросуреттерді далалық дайындауды және өзгертуді қажет етпейді, сондықтан аэрофототүсірістен кейін қысқа мерзімде жасалуы мүмкін. Фотосұлба дәл өлшеулерді қажет етпейтін әр түрлі іздестіру кезінде жергілікті жерді зерттеу үшін пайдаланылады. Фотосұлба масштабы аэрофототүсірістің масштабына тең болады. Бастапкы бағыттар бойынша құрастырылған фотосұлба дәлдігі бойынша контурлар арқылы құрастырылғаннан жоғары болады да, дәлденген фотосұлба деп аталады, бірақ оны жасап шығаруға әдеттегіге қарағанда көп уақыт кетеді.
Фотосхема деп пландық түсірістерден құралған жергілікті жердің фотограметриялық түсірісі аталады. Жазық жердің фотосхемасын жақындатылған фотографиялық план ретінде қарастыруға болады. Фотосхемлар далалық дешифрлеудің шолу мәліметтері, рельефті түсіру, геологиялық және географиялық зерттеу және инжинерлік жобалық жұмыстар кезінде қолданылады.
Егер арақашықтықты және ауданды өлшеу кезінде үлкен дәлдік қажет болмаса фотосхемалар пайдаланады. Олар маршрутты және көпмаршрутты болады.
Түсірісті монтаждаудың екі тәсілі ажыратылады:
1. Алғашқы бағыт бойынша, бұл тәсіл өлшеу жұмыстыры кезінде қолданылыды.
2. Контуры бойынша, бұл тәсілді фотосхема рекогносцировка, дешифрлеу жұмыстарында қолданылады.
Фотосхемаларды құруда келесі процесстерді жүзеге асырады:
1. Түсірістің монтажы.
2. Түсірістің қимасы.