Горизонтальды және суреттер енісінің қатысты нүктелерінің координаталар арасындағы тәуелділік.
14 суретті қарастыра отырып сурет еңісіндегі нүкте координатасынан горизонтальды суреттегі нүктелерге қатысты координаталарға өтудегі формулаларды шығарады.
P – сурет еңісінің жазықтығы;
P0 – гоизонтальды суреттің жазықтығы;
а – сурет еңісіндегі жергілікті жер нүктесінің М перспективті бейнесі;
а 0 – горизонтальды суретте жергілікті жер нүктесінің М перспективті бейнесі;
- P0 жазықтығындағы m 0 нүктесінің координата бейнесі;
14–сурет. Горизонтальды және суреттер еңісіне қатысты нүктелер координаталары арсындағы тәуелділік.
- жазықтықта нүктенің а координата бейнесі;
S – проекция центрі;
α, ω, χ – сыртқы бағдарлаудың бұрыштық элементтері;
бұрыштық бағдарлау элементтеріне тәуелді косинус бағыттауыштары;
Егер = 1,
Жергілікті жердің нүкте координаталарын және суретте олардың бейнелерінің координаталарының тәуелділік формуласын есептей отырып, суретте жергілікті жердің М нүкте координаталарын жазуғаболады
- сурет еңісі үшін
- горизонтальды сурет үшін
Теңдіктің оқ жағына теңестіріп мағынасын аламыз:
Шыққан формулаларды сурет еңісін горизонтальдыға ауыстырғанда қолдануға болады, яғни сыртқы бағдарлау элементтерін және проекция центрінің жағдайын сақтау шарты бойынша сурет еңісінің нүкте координаталарын горизонтальдыға трансформациялау.
6. Түсірістерді транформалау бойынша жалпы мағлұмат
Трансформациялау әдістерінің қасиеттері және мақсаты.
Барлық фотограмметриялық есептерді еңіс суреттеріне қарағанда горизонтальды суреттерде шешу оңай.
Горизонтальды суреттерді камералды жағдайда еңіс суреттерін трансформациялау жолымен алуға болады.
Трансформациялауда жергілікті жердің бедерінен шыққан (вызванный) бұрмалануды, трансформацияланатың нүктелердің жағдайына түзетулер еңгізіп кішірейтуге боады. Трансформациялау әр түрлі картографиялық проекцияларда ұсақ масштабты карталарды құруда және арнайы арналған фотодокументтерді құруда негізгі процесстердің бірі болып келеді.
Аэротүсіріс нәтижесінде алынған аэросуреттер суретке түсіру мезгілінде фотокамераның еңіс шартына байланысты бұрмалануы болады. Сондықтан аэросуреттің әр түрлі нүктелерінде масштаб бейнеленуі бірдей емес. Одан басқа ұшу кезінде суретке түсіру биіктігінің өзгеруіне байланысты аэросуреттер өз ара әр түрі масштабты боады. Егер осы себептерден шыққан бұрмалану өлшем мөлшерінен асатын болса онда ондай аэрофотосуреттерді түзету қажет және қажетті масштабқа келтіруді трансформациялаумен орындайды.
Суреттерді трансформациялау деген еңіс суретін горизонтальды суретке берілген масштабта немесе бейнеде құрылатын картаға қатысты проекцияға келтіреді.
Трансформациялаудың бірнеше әдістері бар:
1) аналитикаық
2) графикалық
3) фотомеханикаық
4) оптикалық
5) графомеханикалық
6) электрондық
Осы әдістердің әр біреуі берілген мәліметтерге байланысты трансформациялаудың 2 жағдайымен айырады:
1) сыртқы бағдарлау элементтерімен
2) тірек нүктелерімен
Аналитикаық әдіс. Бұрыштар еіәсінің әсеріне түзетулер еңгізуге және анықтауға мүмкіндік береді яғни еңіс суретіңде өшенген координаталардан гоизонтальды суреттегі координаталарға өту.
Анаитикалық трансформациялауда есептерді шешуде еңіс суретіңде координаталарды өлшеу үшін стерекомпаратор қажет. Есептеген өңдеу айырмашыықтарын ЭВМ де қолданып орындайды. Егер сыртқы бағдарлау элементтері белгісіз болса, онда трансформациялауды тірек нүктелері бойынша орындауға болады. Суреттерді трансформациялау үшін тірек нүктеерінің саның анықтау үшінеңіс суретіне формулаарды қолданады.Бір тірек нүктесі екі теңдеу және сегіз бегісізді құруға мүмкіндік береді. Трансформацияаудың элементтерін анықтау үшін кем дегенде төрт тірек нүктесі болуы тиіс.
Графикалық әдіс. Перспективті суретте негізгі нүктелерді және сурет сызығын анықтайды. Ватманда квадраттар торын сызады және сол квадраттар қатынасымен суреттегі бейнелерді планшетке көшіреді.
Фотомеханикалық әдіс. Суреттерді трансформациялау фототрансформатордың көмегімен орындалады. Сурет еңісіндегі бейнелерді объектив арқылы жобалап бейнелерді горизонтальды суретке қатысты экранда аспапты сол жағдайға келтіреді. Экранда алынған бейнелерді фотоқағазда фиксацияланады және химиялық өңдеуден кейін трансформацияланған горизонтальды сурет алынады.
Оптикалық әдіс. Горизонтальды суретке қатысты бейнелер планшетке сурет еңісін оптикалық жобалау жолымен алынады. Бұл бейнелердің детальдары картада бейнеленіп шартты белгілермен сызылады
Оптика – графикалық әдіс. Трансформациялық әдіс әр түрлі конструкциялы оптикалық проекцияларды қолдануда негізделген. Бейнелерді трансформациялау құрылатын планның негізіне (планшетке) жобаланады ал элементтер шартты белгілермен сызылады.
Электрондық әдіс. Оны арнайы фототрансформаторларда орындайды. Бейнелер экранға электронды-сәулелі трубкамен беріледі және одан приставканың көмегімен фотоқағазға немесе фотопленкаға суретке түсіріледі.
Оптика-механикалық әдіс. Бұл әдісте сурет еңісі камераның көмегімен трансформатордың камерасына трансформаторланады (ФТП, ФТМ). Ол кезде бейнелер ортаңғы проекция түріне горизонтальды суреттегі бейнелерге қатысты келтіреді. Сондықтан фототрансформаторға негізгі бөліктер болып жарық негізі л, кассета k, объектив S, экран Е кіреді. Трансформацияланған бейнелерді алу принципі бойынша трансформаторлар екі топқа бөлінеді: 1 және 2 родты трансформаторлар. Трансформаторларда суретке түсіру мезгілінде түйін сәулелерінің жиының 1-ші родты фототрансформатор деп атайды. 1-ші родты фототрансформатор әр түрлі трансформациялау коэффиценттерімен суреттерді трансформациялау үшін объективтер наборының жиынтығы болуы керек. Ондай жағдай жұмысты қиындатады. Қазіргі кезде 2-ші родты фототрансформатор қолданылады. Ол бір объективтің көмегімен әр түрлі коэффиценттермен суреттерді трансформациялауға мүмкіндік береді.
Фотомеханикаық трансформацияаудың геометриялық және оптикалық шарттары.
Экранның Е жазықтығында бейненің айқын және дұрыс аынуы үшін суретті трансформацияаудың геометрияық және оптикаық шарттары орындалуы қажет.
Бірінші родты трансформаторлардың экран жазықтығында бейнелердің геометриялық дұрыс алынуы үшін келесі шарттар орындалуы керек 17 сурет.
1. S центр проекциясы мен суреттің негізгі нүктесімен о байланыстыратын So кесіндісі сурет жазықтығына перпендикуьярлы болуы керек және оның фокустық ара қашықтығына тең.
2. PV сурет жазықтығымен E0V экраны арасындағы бұрыш сурете еңісінің ε бұрышына тең болуы керек.
18 – сурет. 1- родты трансформаторда бейнені алу схемасы.