Жалғыз аэросуреттің бағдарлау элементтері.
Жергілікті жердің өз ара орналасуының, проекция орталығының және фотоснимоктың өзгеруінен суретте бейнелер өзгереді. Сондықтан сурет бойынша жергілікті жердің нүкте координаталарын анықтау үшін суретке қатысты проекция центрінің жағдайын және суретке түсіру моментіндегі кеңістіктегі сурет жағдайын білу керек.
10– сурет. Ішкі бағдарлау элементтері.
Сурет жазықтығына қатысты проекция орталығының жағдайын анықтайтын шамалар ішкібағдарлау элементтері деп атаады. Оларға f фокустық ара қашықтық шамалары және о'х'у координата жүйесінде х0 т мен у0 негізгі нүктелердің координаталары кіреді.
Ішкі бағдарлау элементтері суретке түсіру моментінде болған жобалайтын сәулелер түйінін қайта келтіруге мүмкіндік береді. Ол үшін суретте х' және у' ослтерін құру керек, х0 және у0 координаталары бойынша о басты нүктені салу керек, одан сурет жазықтығына перпендикульярды қайта келтіріп f ара қашықтығын салу керек. Жобалайтын сәулелер түйінін алу үшін S нүктесін суреттегі нүктелердің бейнелерімен біріктіру керек (10 сурет).
Ішкі бағдарлау элементтері АФА қателіктерімен юстировкалауда анықтайды, суреттегі өлшемдердің ең аз қателіктерін оның паспортына жазады.
Проекция орталығының жағдайын және жергілікті жерде қабылданған координата жүйесіне қатысты суретке түсіру моментіндегі сурет жазықтығын анықтайтын шамаларды сыртқы бағдарлау элементтері деп атайды
Сыртқы бағдарлау элементінің екі жүйесін қолданады 11-сурет.
Оларға мыналар кіреді::
Х0, Y0, Z0 — проекция центрінің координаталары (суретке түсіру моментіндегі объективтің алдыңғы түйін нүктесі);
ε —суреттің еңіс бұрышы — Z осьі мен басты сәуле арасындағы бұрыш;
t — түсіріс бағытының сызық бұрышы — X осьі мен негізгі вертикалдың жазықтық ізі арасындағы бұрыш;
æ — So басты сәуле айналасында суреттің өз жазықтығында бұрылу бұрышы— у осьі мен vv негізгі вертикал арасындағы бұрыш;