Суреттерді және жергілікті жер модельдерін бақылау әдістері.

Стероскопиялық әдістерге кіретін әдістер: мнимый марка әдісі, нақты (действительная) марка әдісі, анаглифиялық әдіс, поляройдты әдіс, бленд әдісі.

Мнимый марка әдісі қос суретті және модельді өлшеу үшін қолданады. Стереопараға 2 марка салынады – біреуін сол суретке, екіншісін оң суретке. Суреттерді және маркаларды стереоскопиялық қарастыруда , қарастырушы кеңістік модельін және екі марканың орнына біреуін көреді. Суретке түсірілген объектінің мнимый бейнесі пайда болады - стереоэффект және мнимая марка. Егер мнимая марканы көретін модельдің қандай да бір нүктесінде біріктіруге болса, онда нақты маркалар стеропараныңқатысты нүктесінде табылады.

Нақты марка әдісі модельді өлшеу үшін қызмет етеді. Стереоскоп көмегімен P1 және P2 қарастырады. Ол екі З1 З2 және З1¢ З2¢, қос айнадан тұрады. Қарастырушының (наблюдатель) көзінің алдында о1 мен о2 ішкі айналар 50% ке күмістелген. Соған байланысты қарастырушы тек қана модельді емес, сонымен бірге кеңістік модельінде орналасқан m нақты марканы да көреді. Суреттерді бағдарлау үшін суреттердің жылжуы болады. Қарастыршының басының орналасу жағдайына байланысты модельдің формасы өзгереді, себебі проекция центрі болып көздің түйін нүктесі болады. Осыған байланысты өлшем дәлділігі төмен.

Анаглифиялық әдіс модельді бақылау және өлшеу үшін қолданылады. Әдіс қос суреттің қосымша түстерге боялған бір бірімен бейнелердің біріктіруі мен қарастырудан тұрады. Бақылау үшін әр көзбен тек қана біріккен бейненің біреуін ғана көруге мүмкіндік беретін түрлі түсті көзілдірік қолданылады. Соған байланысты бақылаушы суретке түсірілген объекттің кеңістік модельін көреді. Модель марканың көмегімен өлшенеді.

Поляроидтар әдісі модельді бақылау мен өлшеуге мұрша етеді (позволяет). Екі біріккен бейненің бөлініп екі бөлек бақылауға поляризация жарық жолымен жетеді. Жарық тербелістері көлденен болып келетінің жарықтау электромагниттік теориясынан белгілі. Жарық сәулелер жүйеден өтіп ассиметрия қасиетімен екіге бөлінеді.

Бленд әдісі модельді бақылау және өлшеу үшін қызмет етеді. Оның қасиеті экранда сол және оң суреттердің біріккен бейнесі шығады, ал әр бір көзбен тек қана бір бейнені бақылауды жобаланатын камералармен қарастырушының көзінің алдында орналастырылатын айналатын блендтармен қамтамасыз етеді. Бленд әдісімен ақ қара және де түрлі түсті суреттерді өңдеуге болады. Өлшенетің столдың экранында болатын марканың көмегімен модельді өлшейді.

 

4. 14. Аэрофотограмметрияда қолданылатын координаталар жүйелері

Нүктелердің өз ара жағдайын анықтау үшін жазық және кеңістік координата жүйелерін қолданады. 9-суретте көрсетілгендей алты координата жүйесі бар.

1.0ху – суреттің ортаңғы нүктесінде жазық тік бүрышты координата жүйесі 0–суреттің негізгі нүктесі.

Х осьі 1-2 сызыққа параллельді, ал у осьі у’ осьіне перпендикуьярлы, сонда суретте m координата нүктесі х=0m1, y=0m болады.

2. Практикада барлық өлшемдер 0’x’y’ координата жүйесінде жүргізіледі. Бұл жүйеде x’ жүйесі 1-2сызықтарымен біріккен, ал у осьі у’ осьіне перпендикульярлы, сонда 0’ – негізгі нүкте, ал m координата нүктелері x’=0’m’; y’=0’m’ тең болады. Өте дұрыс жағдайда 0 мен 0' нүктелері бірігуі керек, яғни x’y’, xy,өлшенген координаталардан өткізіп 0’x’y’ параллельді х0у0, шамаға өткізуді орындайды, сонда х=х’-x0, y=y’-y0. х0у0 – 0’x’y’ координата жүйесінде негізгі нүкте координаталары – оны АФА колибровка кезінде орындайды (добиваются).

3. Sxyz – кеңістік координата жүйелері, мұнда S – объективтің нүкте координатасының басы. Ось х || х суретіне, у || у суретіне, ось z координата жүйесі оң болатындай қылып негізгі сәуле бойынша бағытталған. m нүкте координаталары мынаған тең болады: m = х’-x0, у= у’-у0, z=-f.

суреттің барлық нүктелеріне z координата жүйесінде мынадай болады:Sxyz=-f.

4. ОГ ХГ УГ – жергілікті жер геозиялық координата жүйесі, шағын жер учаскесінің нүктелерінің өз ара орналасуын анықтау үшін қолданады.

5. АХУZ - фотограмметриялық координаталардың шатты жүйесі, суретке түскен жергілікті жердің қандай да бір нүктесі басы болып келеді. Бұл жүйені қолдану себебі Sxyz тен ОГ ХГ УГ ZГ -ге өту –те қиын. Алдыменен нүктелердің өз ара орналасуын АХУZ те анықтап алу оңай.

 

 

9–сурет. Аэрофотограмметрияда қолданатын координата жүйелері.

 

6. SХУZ – фотограмметриялық координата жүйесі, кеңістікте еркін таңдалуы мүмкін, тек сурет координаталары мен фотограмметриялық жүйелер арасындағы байланыс оңай болуы керек. Фотограмметриялық жүйенің басы суретке түсіру ортасымен, жергілікті жерде суретке түсіру ортасының проекциясымен немесе жергілікті жердің қандай да бір нүктесімен сәйкес келуі керек.