Фотосурет ортаңғы проекция ретінде.

Суретте бейне тіксызықты жобаланатын сәулелермен нүктеден S проекция орталығына құрылады.

 

 

6 – сурет. Аэросуреттің ортаңғы проекциясы.

 

6-суретте А,В,С – жергілікті жер нүктелері, Рн –негатив жазықтығы немесе жәй негатив. Ол S жобаланатын орталықтан кейін Sо арақашықтығында орналасқан, Рп – позитив жазықтығы немесе жәй позитив, ол S орталығы мен түсірілетін зат арасында орналасқан. Рп жазықтығы Рн жазықтығына параллельді.

а,b,c нүктелері Рн жазықтығымен АS, BS, CS жобаланатын сәулелердің қиылысу іздері және А,В,С жергілікті жердің ортаңғы проекция нүктелері болып келеді. а1,b1,c1 нүктелері сол секілді тек қана Рн жазықтығымен АS, BS, CS жобаланатын сәулелердің қиылысу іздері болып келді және және А,В,С жергілікті жердің ортаңғы проекция нүктелері болып келеді. о және о1 нүктелері S проекция орталығынан Рн және Рп жазықтықтарына жүргізілген перпендикульяр негізі болып келеді. Sо арақашықтығы Sо = Sо1 = f, мұнда f фотоаппараттың фокустық ара қашықтығы.

Рн және Рп орналасу шартына қарай негативті және позитивті бейнелер конгруэнтті екенің көруге болады, яғни бір бірінің үстіне салынғанда сәйкес келеді және өз ара тек қана кері орналасуымен ажыратылады. Аэрофототүсіріс камерасында оптиканың бірінші заңына байланысты

 

1/H + 1/f = 1/f объективтің болғанда

 

Н суретке түсіру биіктігі объективтің фокустық ара қашықтығынан әлдеқайда үлкен, яғни 1/Н нольғе жақын, ал камераның фокустық ара қашықтығы объективтің фокустық ара қашықтығына тең болуы керек, сонда камераның f объективтің f теңболады, яғни фотокамера шексіздікке фокустаңған.