Аэрофототопографиялық түсіріс әдістерінің классификациясы .
ФОТОГРАММЕТРИЯ
Сұрақтары:
1. Фототопографиялық түсірулер (съемка) түрлері мен әдістері
2. Орталық проекцияның оптикалық негіздері
3. Түсіріс(cнимок) және нысанның үлгісін бақылау және өлшеу
4. Аэрофотограмметрияда қолданылатын координаталар жүйелері
5. Аумақтың сәйкес нүктелерінің координаталары мен олардың фототүсірістегі бейнелеріндегі координаталары арасындағы тәуелділік
6. Түсірістерді транформалау бойынша жалпы мағлұмат
7. Стереожұп нүктелерінің координаталары мен параллакстары
8. Фотопландардың міндеттері, құрастыруы және дәлдігі
9. Фотосұлбалардың міндеттері, құрастыруы және дәлдігі
10. Аумақтың нүктелерінің координаталары және олардың түсірістер жұбындағы бейнелерінің координаталары арасындағы тәуелділік
11. Универсал стереоаспаптар міндеттері және классификациясы
12. кеңістіктік фототриангуляция міндеттері және классификациясы
13. Геодезиялық және фотограмметриялық координаталар арасындағы байланыс
14. Жер бетілік фотограмметрияда қолданылатын координаталар жүйелері
15. Трансформаторда түсірістерді трансформалау
16. Сыртқы бағдарлау элементтері
17. Түсірістерді транформалау элементтері
18. Түсіріс көлбеулігіне байланысты түсіріс нүктелерінің ығысуы
19. Аумақтың бедеріне байланысты түсіріс нүктелерінің ығысуы
20. Жалқы түсірістің бағдарлау элементтері
1. Фототопографиялық түсірулер (съемка) түрлері мен әдістері
Фототопография – жергілікті жердің бөлек нүктелердің координаталарын анықтайды және суреттер бойынша топографиялық карталарды құрады.
Аэрофототопографиялық түсіріс әдістерінің классификациясы .
Объекттің формасын, размерін және жағдайын анықтау үшін оны 2 нүктеден суретке түсіру қажет. 1- сурет стр 5
Жергілікті жердің А және В нүктелер бейнесін S1 мен S2, а1, в1, а2, в2 нүктелерінен суретке түсіріп алынған. О объектісінің Р1, Р2 – қос суреттері. Сонда әр қос қатысты сәулелер а1 S1 мен а2 S2, , в1 S1 мен в2 S2 қиылысатын болады. Соған байланысты объекттің моделі пайда болады. В қашықтығын өзгертіп модельді қандай да болсын керекті масштабта алуға болады. Сондықтан В = S 1 S 2 тең болып суретке түсіру базисі деп аталады.(базис фотографирования). Қос суреттерді қолдану негізінде объекттерді өлшеу әдісі стереофотограмметриялық деп аталады.
Бір суреттің қасиеті негізінде объекттерді өлшеу әдісі фотограмметриялық деп аталады..
Топографиялық картаны құрудың негізгі процесстеріне кіретін жұмыстар:
- ұшу-түсіріс жұмыстары (летно -съемочные работы)
- далалық геодезиялық жұмыстар,
- фотографиялық және фотограмметриялық жұмыстар.
Бұл процесстердің барлық комплекстері жергілікті жердің картасын құру үшін қолданылып фототопогрфиялық түсіріс деп аталады..
Техникалық құралдара байланысты суретке түсірудің 4 түрі болады.
1. Жер фототопографиялық түсірісі (Наземная фототопографическая съемка) Жер бетінің нүктесінен жергілікті жерді фототеодолитпен суретке түсіру негізделген.
2. Аэрофототопографиялық түсіріс- самалетте немесе вертолетте орнатылған аэрофотоаппаратпен жергілікті жерді суретке түсіру қарастырылады.
3. Біріккен (Комбинированная).- фототеодолиттік және аэрофототопографиялық түсіріс. Бұл тәсілде суретке түсіру фототеодолитпен және аэрофотоаппаратпен 2 рет қайталанады.
4. Космостық түсіріс – бұл түсірісте суреттер жасанды спутниктерден және ұарыштық кемелерден алынады.
Аэрофототопографиялық түсіріс үшін 2 әдіс қолданылады:
- біріккен (комбинированный) бір талды суреттің қасиеті қолданылады және картаның контурлық бөлігін алуға мүмкіндік береді, ал бедерді далада мензульдық түсіріспен немесе ескі карта мәліметтерімен салуға мүмкіндік береді.
- стереофотограмметриялық – қос суреттің қасиеттері қолданылып жергілікті жердің контуры мен бедерін камералды шартта алуға мүмкіндік береді. Бұл картогафиялаудың негізгі әдісі. Картаны құруда стереофотограмметриялық әдістің 2 тәсілі бар. Универсалды және дифференциалды.
Универсалды тәсіл – аспапты қолданып қос суретті өңдеуде барлық процесстерді орындауға мүмкіндік береді, яғни суретті кеңістікте (пространстве)бағдарлап,Балтық жүйесінің координатасына келтіріп контурмен рельефті салады.
Дифференциалды тәсіл - 2 аспапта картаны құру есептерін шешеді.
2. Орталық проекцияның оптикалық негіздері
Жобаланатын ортаңғы сәулелермен бейнелерді құру әдісі проекция орталығы деп аталады, ал бейненің өзі ортаңғы проекция деп аталады.