«Салық төлеуші Кабинетінің» web-қосымшасы арқылы ескертпені/хабарламаны ұсыну.

«Салық төлеуші кабинеті» web-қосымшасы ерекшеліктерінің бірі – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті web-ресурстарында салық төлеушінің жеке ақпараттық кеңістігінің болуы. Салық төлеушіде «Салық төлеуші кабинеті» web-қосымшасы арқылы бүкіләлемдік ғаламтор желісіне кіруге мүмкіндік бар кез-келген өзіне ыңғайлы орыннан, салық органдарымен ұсынылатын қызметтер туралы электрондық түрде ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

Салық төлеуші үшін «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасын тағайындауы электрондық түрде салық есептілігінің формасын құру және Салық есептілігін өңдеу жүйесінің - СЕӨЖ клиенттік қосымшасынсыз салық есептіліктерін тапсыру бойынша жұмыстарды автоматтау, жиналатын және өңделетін ақпараттардың шынайылығын өсіру, салық органдарына ұсынатын ақпараттың жеделдігін және салық төлеуші үшін салық органдары жұмысының анықтылығын жоғарылату болып табылады.

«Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы салық төлеушілерге қосымша келесі web-сервистарды үсынады:

· Тіркеу деректерін ұсыну.

· Жеке есеп-шотын ұсыну.

· Нақты жеке есеп-шотын ұсыну.

· Жеке есеп-шоты бойынша үзіндіні ұсыну.

· Салықты және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді ғаламтор арқылы төлеу.

· Ескертпені/хабарламаны ұсыну.

o Камералды бақылау ескертпесі.

o Салық органымен саналған мүлік салығы және жер салығы сомасы туралы ескертпе.

· Салық арызын беру мүмкіндігін ұсыну:

1. таратылуға байланысты құжатты тексеру жүргізу туралы;

2. салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді алу үшін;

3. салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды және айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге;

4. салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы;

5. салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы.

· Cалық тексерісі нәтижелерін шағымдау мүмкіндіктерін ұсыну.

· Салық төлеушінің тіркелген салық салу объектілері туралы ақпарат ұсыну.

· Салық оқиғалары күнтізбесін ұсыну.

Электронды құжаттар алмасу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісім жасаған салық төлеушілерге барлық түрдегі хабарламалар электронды түрде Салық төлеуші кабинетіне жіберіледі.

Салық кодексінің 608 бабына сәйкес мұндай хабарламалар жөнелтілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң ұсынылды деп есептелінетінін ескертеміз, сондықтан салық төлеуші хабарламаны орындауға міндетті 30 жұмыс күнді есептеу алтыншы жұмыс күнінен басталады.

Салық төлеуші кабинетіне кіру үшін ғаламтор-шолуды қосу қажет және http://cabinet.salyk.kz. мекен-жайын көрсету қажет. Салық төлеуші кабинетіне кіру үшін 2 нұсқа бар:

· Жеке компьютерден кіру - жеке компьютерден кіруге арналған Салық төлеуші кабинетіне кіру нұсқасы.

· Бөтен компьютерден кіру - жалпыға ортақ компьютерден кіруге арналған Салық төлеуші кабинетіне кіру нұсқасы. Салық төлеуші кабинетінен шыққан кезде тіркеу сертификатын заңсыз пайдаланудан қорғау үшін «шығу» сілтемесі арқылы тіркеу сертификатын жою жүргізіледі.

Салық төлеуші кабинетімен жұмыс жасау үшін алдымен ғаламтор-шолуда ГОСТ тіркеу куәлігін орнату қажет.

Салық төлеуші кабинетінің ақпараттық бетінде тиісті сілтемеге басқан кезде көруге болатын Жөнге салу жөніндегі нұсқаулық, үйрететін бейнероликтер, Салық төлеуші кабинетінде жұмыс жасау үшін пайдалы сілтемелер ұсынылған.

Салық төлеуші кабинетіне кірген кезде салық төлеушінің тіркеу куәлігі мәліметтерінің құрамы бойынша Салық төлеуші түрі анықталады. Кейін Салық төлеуші аталған түрі үшін қол жеткізетін серверлерді автоматты жөнге салу жүргізіледі.

Сізге өз түріңізді таңдау қажет. Тиісті жолаққа жалау орнатумен Салық төлеуші талап етілетін түрін таңдаңыз және «ОК» батырмасын басыңыз.

«Жеке кабинет»/алынған хабарламалар (салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер берешегі туралы хабарламалар) немесе «Сервистер» бөлімінің «Хабарламалар/ескертпелер» бөлімшесіне кіру арқылы хабарламаны алу туралы ақпаратты көруге болады.

 

 

2.3 Кәсіпорындарға салық салу

 

Салық жүйесінде кәсіпорын қызметінің маңызы ерекше, өйткені бюджетке төленетін салықтардың ерекше маңызды бөлігін кәсіпорындардың төлейтін салықтары құрайды. Осыған байланысты кәсіпорын қызметіндегі қаржылық нәтижелердің және кәсіпорын табыстылығының көрсеткіштерінің кәсіпорын қызметіндегі маңызының зор екендігін байқаймыз. Ал салық жүйесіндегі кәсіпорын қызметінің маңыздылығының зор екендігі және кәсіпорындардың салық қызметінің алдындағы міндеттемелерінің мәні мен ерекшеліктері осы бөлімде кеңінен қозғалады. Кәсіпорындарға салық салуды қоғамдағы өндірістік қажеттіліктерге сай келеді, және кәсіпорындарға салық салудың экономикалық маңызы зор.

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайында салық салу біршама салық жүйесіне әсер етеді. Себебі, әрбір кәсіпорын белгілі бір қызмет түрін көрсету немесе өнім түрлерін өндіре отырып белгілі бір көлемде табыс ала отырып, кәсіпорын мемлекетке салық көздерінен салық төлеуге тиісті.

Салық кезеңінің қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары барлық табыстар жөнінде декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.

Корпорациялық табыс салығын төлеу және түпкілікті есеп айырысуды декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімінен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

Корпорациялық табыс салығын төлеу мерзімдері.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары негізінде сақтанушылар мен қайта сақтандырушылардан алынуға жататын сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыстар бойынша корпорациялық табыс салығын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен дейін төлейді.

Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу.

Акционерлік қоғамдар, мекемелері мен тұтыну кооперативтерінен басқа, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес коммерциялық емес ұйым мәртебесі бар, өз қызметін қоғамдық мүддені көздеп жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сай келетін:

- осындай қызметіне орай табыс алу мақсаты жоқ;

- алынған таза табысты немесе мүлікті қатысушылар арасында бөлінбейтін ұйым комерциялық емес ұйым деп аталады.

Коммерциялық емес ұйымның сыйақы, грант, кіру және мүшелік жарналар, қайырымдылық көмек, өтеусіз берілген мүлік, өтеусіз негіздегі аударымдар мен қайырмалдық түрінде алған табыстарына жоғарыда аталған шарттар сақталған жағдайда, салық салынбайды.

Жоғарыда аталған шарттар сақталмаңан жағдайда, коммерциялық емес ұйымның табыстарына жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынады.

Жоғарыда көрсетілмеген табыстарға жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынады. Бұл кезде коммерциялық емес ұйым салық салудан босатылған табыстар бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек-бөлек есеп жүргізуге міндетті.

Бәрімізге белгілі ел аумағындағы телекоммуникация саласында аймақаралық және жергiлiктi телефон байланысында монополист компания болып табылатын және ақпарат пен интернет, сымсыз байланыс желiлерiнде жоғары бәсекеқабiлеттi компания болып табылатын жалғыз ұлттық компаниямыз бұл “Қазақтелеком” АҚ.

Ұлттық байланыс операторының құрылу тарихы Қазақстан телекоммуникацияның өзіндік саласының қалыптасу және даму тарихымен тығыз байланысты.

Қазақстан телекоммуникациясының жеткізу нүктесі, 1862 жылы Верный мен Пішпек қалаларын байланыстырған телеграф желісі болды. Сол кезеңде Қазақстан қалалары мен жалпы барлық өңірін қоршаған ортамен тез байланыстыратын жалғыз тиімді құрал болды. Келесі жылы телеграф желісі бойынша байланыс Верный қаласы мен Жетісу – Жәркент, Лепсі, Сергиополь, Қапал уездік қалалары арасында, ал содан кейін батыста – Ташкентте және солтүстікте – Семей мен Омбыда орнатылды.
Сол кезде көпшілікке қолжетімді бола бермейтін телефон байланысы да дамып келе жатты. Революцияға дейінгі кезеңде Қазақстан телефон абоненттерінің жалпы саны мыңнан аспайтын еді. Өзінің желілік торабы бар қалалық телефон станциялары Верный, Қызылорда, Қостанай, Семей, Орал, Павлодар, Петропавловск қалаларында болды. Мысалы, Петропавловскідегі станцияны 1909 жылы Ericsson фирмасы жөндеген болатын. Станцияда жергілікті қоректендіру жүйесімен сол фирманың коммутаторы қолданылды. Абоненттік желі ретінде әуе арқылы болат сымдар қолданылды, ал желілер бір сымды болды және көшелердің арасында бағандарға ілінді. Кейбір басқа қалаларда Siemens фирмасының (осы күнге дейін “Қазақтелеком” АҚ серіктестерінің бірі болып табылады) жабдықтары пайдаланылды.

Сөйтіп, империя кезеңінде Қазақстанда телекоммуникацияны дамыту үшін негізі салынды. Кез келген төңкеріс кезінде (ал ондайлар Қазақстан қалаларында азаматтық қозғалыс кезінде аз болған жоқ) жеңіп шыққан жақ байланыс торабын басып алуға тырысқаны белгілі.

Қазақстанның байланысы мен телекоммуникациясын дамыту үшін кеңес кезеңі ерекше табысты болды. Кеңес үкіметі нақты орнағаннан кейін бүлінген телеграф пен телефон шаруашылығын қалпына келтіру мәселесі қозғалды, оларсыз Қазақстанның елеулі аумағында болып жатқан экономикалық және саяси үдерістерді дұрыс басқару мүмкін емес еді. Ең алдымен, дұрыс телеграф байланысын қалпына келтіру қажет болды.

КСРО жалпы нашар материалдық жағдайына қарамастан, телеграф байланысы біртіндеп қалпына келтірілді, көнерген Морзе жүйесінің аппараты қазіргі заманның әріп басушы құрылғыларымен біртіндеп ауыстырылды. Телеграфты ауыстыру жылына 1,3 миллион жеделхатқа жетті. Күндізгі және түнгі уақыттағы шұғыл жеделхаттардың жаңа түрлері пайда болды.
Ақырындап телефондандырумен байланысты жағдай жақсы жағына қарай ауыса бастады. Үкімет қолдан жасалған бес коммутатор сатып алуға қаражат бөлді, желі шаруашылығына арналған метиз шығаруды ұйымдастырды, еліміздің әр түрлі қалаларынан жөнделген жабдықтардың бірнеше жиынтығын алды. Телефон станциясы қалаларда ғана емес, сондай-ақ аудан орталықтарында да орнатылды.

«Қазақтелеком» АҚ Компаниялар тобының стратегиясы тұрақты бизнесте көшбасшы ұстанымдарды сақтауға, шоғырланған операторды кезеңмен құруда ұтқыр бизнесті дамытуға, телекоммуникациялық салалармен шектес нүктелік дамыту үшін негізгі бизнеспен синергияларды пайдалануға бағытталған. Бұл ретте ұқсас компаниялар үшін орташадан жоғары деңгейде бизнестің операциялық тиімділігін сақтауға және күрделі салымдарды арттыруға мақсат қойылады.

Қазақстан нарығында және шет елде өз акционерлері үшін құнды құратын инфокоммуникация нарығындағы ірі аймақты шоғырланған оператор ретінде:

Стратегияның негізгі жағдайлары

Стратегияның негізгі мақсаты болып Топ құнының ұзақ мерзімді артуы болып табылады. Алға қойған мақсатқа жету Топтың ішкі және сыртқы қызметіндегі қажетті бағыттарды келісімделген дамытумен қамтамасыз етіледі.

Топтың негізгі мақсатына жетуге тікелей үлесті төменде көрсетілген нарықтар синергиясын іске асырумен бекітілген және келісілген ҚР инфокоммуникацияның шешуші нарығындағы жетекші позицияларды қалыптастыру және бекітудің стратегиялық бағыттары болып табылады:

2020 жылға қарай ұтқыр байланыстың жоғары бәсекелестік нарығында Топ өз позициясын нығайтуды жоспарлап отыр және осы бағытта қазіргі заманға сай технологиялар негізінде ұтқыр байланыстың қазіргі заманға сай қызметтерді ұсыну бойынша шешуші бағдарламаларды жүзеге асыруды, сәйкесті шеткі абоненттік құрылғыларды ендіруге ықпал ету арқылы тұтынушылық сұранысты ынталандыруды және ұтқыр кеңжолақты қатынау нарығында өзіндік құнын төмендетуді қарастырып отыр.

Жетекші аналитикалық агенттіктердің болжамы операторлардың контент және қосымшалар нарығында 2014 жылдың аяғында өсуге одан әрі тенденциясын сақтай отырып кірістер үлесін 20-25% дейін елеулі арттыруды белгілейді. Контент және қосымшалар нарығында жеміске жетудің жолы қазіргі кезде едәуір артып отырған ақылы теледидар қызметі болып табылады. Б