Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта көрсетілген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы есепке жатқызатын қосылған құн салығының сомасы деп танылады.
Әлеуметтік салық.
Мыналар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады:
1) дара кәсiпкерлер;
2) жеке нотариаттар мен адвокаттар;
3) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары;
4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар;
5) тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын құрылымдық бөлімше арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар.
2. Мынадай салық төлеушілер әлеуметтік салық төлеушілер болып табылмайды:
1) арнаулы салық режимін:
патент негізінде;
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін қолданатындар;
Салық салу объектісі.
Төлеушілердің өздерін қоса алғанда, жұмыскерлердің саны оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және жеке нотариаттар мен адвокаттар үшін салық салу объектісі болып табылады.
Салық мөлшерлемелері.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 9,5 пайыз;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 11 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеледі.
Жер салығы.
Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және тиісті санаттарға тиесілі болуына қарай қарастырылады.
Жердің белгілі бір санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленедi. Елдi мекендердің жерлерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнген:
1) тұрғын үй қорын, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, елдi мекендердің жерi;
2) тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер.
3. Жердің мынадай санаттары салық салуға жатпайды:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi;
2) орман қорының жерi;
3) су қорының жерi;
4) босалқы жер.
Төлеушілер:
1) жеке меншiк құқығында;
2) тұрақты жер пайдалану құқығында;
3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығында салық салу объектiлерi бар тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.
Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін жер салығын өз бетінше төлеуші деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жер учаскесi салық салу объектiсi болып табылады.
Жер салығын айқындау үшiн жер учаскесiнiң және (немесе) жер үлесінің алаңы салықтық база болып табылады.
Салық төлеушілер жер салығының сомаларын салықтық базаға тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы өз бетінше есептейдi.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi салықтық кезең iшiнде есептеуге және төлеуге мiндеттi.
1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл жер салығын есептеу үшiн салықтық кезең болып табылады.
Мүлік салығы.
Мыналар мүлік салығын төлеушілер болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар дара кәсiпкерлер;
3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер;
Салық салу объектісі.
1. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттардың бөліктері;
2. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлер үшiн техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын және осы Кодекстің 201-бабының 9) тармақшасына сәйкес негізгі қаражат болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi деп танылады.
Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, заңды тұлғалар мүлiк салығын салықтық базаға 1,5 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейдi.
Мүлік салығын салықтық базаға 0,5 пайыз мөлшерлеме бойынша мына төлеушілер есептейді:
1) дара кәсіпкерлер;
2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар.
1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл мүлiк салығын есептеу үшiн салықтық кезең болып табылады.
2.2 Заманауи салық жүйесіндегі салық төлеушілер кабинетінің маңыздылығы мен шарттары
Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы салық жүйесін ұйымдастырудың экономикалық және заңи принциптерінің кешені экономикалық - әлеуметтік тұрғыдан өнімді және икемді салық жүйесін құруды көздейді, сондай-ақ салық әкімшілігінің ұтымды жүргізілуін және салықтық құқықтық қатынастардың фискальдық тиімділігінің заңдылық шегінде дамуын негіздейді.