«Мен ақынмын!» облыстық шығармашылық байқауы туралы ереже

Михаил Аверин атындағы Солтүстік Қазақстан

облыстық әдеби бірлестігі

Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық

әмбебап ғылыми кітапханасы

 

«Мен ақынмын!» облыстық шығармашылық байқауы туралы ереже

Михаил Аверин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әдеби бірлестігі, Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша білім басқармасы көркем сөз шеберлігіне ие талантты адамдарды әрқашан қолдап, ұлы ақынды еске алуға лайықты жобаны бастайды.

1. Жалпы ереже.

1.1. «Мен ақынмын!» Облыстық шығармашылық байқауының ережесі облыстық ақындар байқауын (бұдан әрі – байқау) ұйымдастыру мен өткізу тәртібін реттейді.

1.2. Байқауды ұйымдастыру мен өткізуді Михаил Аверин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әдеби бірлестігі жүзеге асырады.

1.3. Байқау Дүниежүзілік поэзия күніне орай өткізіліп отыр.

1.4. Байқауға қатысушылар – жасы шектеусіз Солтүстік Қазақстан облысының ақындары.

2. Байқаудың мақсаты-облыстың ақындық дарынды тұрғындарын қолдау, оларды жалпы әдеби үдеріске тарту.

3. Байқаудың міндеттері:

· авторлардың шығармашылық әлеуетін ынталандыру; олардың ақындық шеберлік деңгейін арттыру;

· ақындарды мазмұнын терең, түпнұсқа түрінде өлең шығаруға бағыттау;

· "Отражения" көркем-әдеби альманахының үшінші шығарылымына қатысу үшін авторларды таңдау.

4. Байқаудың өтетін уақыты: 2023 жылғы 30 қаңтар – 15 наурыз аралығында.

5. Байқауды ұйымдастыру және өткізу.

5.1. Байқау еркін тақырыпта өткізіледі. Орыс немесе қазақ тілдеріндегі жұмыстар қабылданады.

5.2. Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы облыс аудандарында байқау туралы ақпараттың таралуын қамтамасыз етеді.

5.3. Қатысушылар арасында келесі жас топтары ерекшеленеді: 1) 16 жасқа дейін, 2) 16 - 25 жас, 3) 25 жастан жоғары.

5.4. Байқауға қатысу тәртібі.

5.4.1. Байқау қашықтан өткізіледі.

5.4.2. Қатысушы сайысқа өз шығармасының бір өлеңін ұсынады. Өлең 8-ден 40 жолға дейін болуы керек (мәтіндер аталған стандарттан тыс қарауға қабылданбайды).

5.4.3. Қатысушылардың өлеңдері lito.sko@yandex.kz электрондық поштасына жіберіледі немесе WhatsApp +7 7051995612.

5.4.4. Байқаудың өлең мәтінінің алдында көрсету қажет:

- байқауға қатысушының аты-жөні;

- қатысушының жасы (толық жас саны);

- қатысушының оқу немесе жұмыс орны;

- байланыс телефоны;

- өлең атауы (егер бар болса).

5.5. Сайысқа қатысушылардың жұмысын бағалау:

5.5.1. Қазақ тілінде берілген өлеңдерді бағалау үшін қазылар алқасы құрамына кірді: Марал Оспанова, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, 4 өлең жинағының авторы; Нургуль Окашева, поэт, член Союза писателей Казахстана; Аманжол Загыпар, поэт, педагог.

5.5.2. Орыс тілінде ұсынылған өлеңдерді бағалау үшін келесі құрамда қазылар алқасы құрылды: Василий Коноплев, филолог, ақын және прозашы, 9 кітаптың авторы, орыс тілді жазушылардың Халықаралық ассоциациясының мүшесі; Михаил Гвоздев, ақын, жазушы, 3 кітаптың авторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі; Кирилл Филонов, писатель, автор 2 книг, член Союза писателей Казахстана, член Союза писателей России, член Союза журналистов Казахстана; Оксана Ефремова,

 

5.5.3. Мәтінді бағалау критерийлері:

- авторлық идеяның тереңдігі мен бірегейлігі;

- композицияның аяқталуы және өлеңнің ырғақты ұйымдастырылуы (поэтикалық өлшемі, рифма);

- мәнерлілік құралдарын меңгеру;

- эмоционалдық және эстетикалық әсер ету күші.

5.5.4. Қазылар алқасы сайысқа қатысушылардың өнерін осы Ереженің өлшемдеріне сәйкес 5 балдық жүйе бойынша бағалайды. Ең жоғары балл саны – 20.

5.6. Ең көп балл жинаған қатысушылар байқаудың жеңімпаздары болады.

6. Жеңімпаздарды марапаттау:

6.1. Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталады. Олардың сайыстық өлеңдері Михаил Аверин атындағы Солтүстік Қазақстан әдеби бірлестігінің альманахында "Отражения" (үшінші шығарылым) жарияланатын болады.

6.2. Әр жас тобында қазақ және орыс тілінде 1, 2, 3 орын алған ақындар байқаудың лауреаттары, ал 4 және 5 орын алғандар – сайыстың дипломанттары.

6.3. Байқау жеңімпаздары Дүниежүзілік поэзия күніне арналған Солтүстік Қазақстан облыстық әдеби бірлестігінің концертіне қатысуға шақырылады. Концерт Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтеді.

 

Северо-Казахстанское областное литературное объединение

имени Михаила Аверина

Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека

имени Сабита Муканова