ҚазаҚстан республикасы денсаулыҚ саҚтау министрлігі

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

МЕДЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ

 

 

Малдакасова Б.О

 

БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ

оқу әдістемелік құрал

 

 

Қарағанды 2009

     

УОЖ 616-053.2

КБЖ 57.3 я 7

М 18

 

Рецензенттер:

1. Омурзакова П.А – Балалар ауруханасының емдеу жұмысының орынбасары.

2. Кенжетаева Т.А - Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының доценті.

3. Баймағамбетова К.М - Қарағанды медколледжінің мейірбике ісі негіздері және ішкі аурулар пропедевтикасының аға оқытушысы.

 

М 18 Малдакасова Б.О. Балалар аурулары.–Оқу-әдістемелік құрал. Қарағанды 2009ж.-85 б.

 

Оқу әдістемелік құралға сипаттама ; бұл оқу әдістемелік құрал- Қазақстан Республикасы Денсаулық Министрлігі Департаменті тағайындаған типтік жұмыс бағдарламасына сәйкестендіріп жасаған Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясындағы медициналық колледждің жұмыс бағдарламасына сай «Балалар аурулары» мамандығы окушыларына дәрістік өзіндік сабаққа дайындалуға арналған.

 

ҚММА медициналық колледжінің оқу әдістемелік кеңесінің отырысында қаралды және мақұлданды.

22.04.2009ж.хаттама № 5.

ҚММА Ғылыми кеңесінде бекітіліп, баспаға ұсынылды.

28.05.2009ж. хаттама №9

 

© Малдакасова Б.О., 2009.

Оқулықтағы қысқартылған сөздер тізімі

 

ГН-гломерулонефрит

ДТДА-дәнекер тіндердің диффузды ауруы

ЗЖИ- зәр жолдарының инфекциясы

КМП-кардиомиопатия

МК-миокардит

ОЖА-ойық жара ауруы

ӨЖД-өт жолдарының дискенезиясы

СГ-созылмалы гастрит

РЛ-ревматикалық лихорадка

 

1. Балалардағы лейкоздар.Клиникалық синдромдары Медициналық көмектің күтімі және принциптері.

Лейкоз — сүйек миындағы қан түзетін клеткаларынан шығатын қатерлі қан ісіктерінің жалпы аты. Орта есеппен 100.000 балаға 1-ден 5 ауруға дейін келеді, көбінесе 2-4 жастар арасы. Лейкоз — балалардың ең жиі тараған қатерлі ісігі.

Орта есеппен 100.000 балаға 15 ауруға дейін келеді (Ресей — Румянцев А.Г., 1997; Қазакстан — Омарова К.О., 2000).

Лейкоздар ішінде жедел лимфобласттық лейкоз (ЖЛЛ) жиілігі — 75%, жедел миелобласттык лейкоз (ЖМЛ) — 15-20%, басқалары ажыратылмаған варианттары және созылмалы миелобласттық лейкоз (СМЛ) 1-3%.

Этиологиясы. Әлі анықталмаған. Қазіргі кезде ең тарағаны — вирустық-генетикалық ілім. Кейбір лейкоздардың сүтқоректілер мен құстарда вирустық негізі дәлелденіп отыр (онкорнавирустар). Онкогендік ілім бойынша омыртқалылар клеткасында онкорнавирустардың нәсілдік заты бар, бірак вирустардың гендері клеткалар депрессорлары әсерімен тежеліп отырады. Химиялық канцерогендер, радиация және басқалар клеткалар тежегішін әлсіретіп, вирусты белсенді етеді — соңында ол клетка геноміне еніп, нәсілдік күрыпымын өзгертеді, клетка өзіндік өсу қабілетіне ие болып, қатерлі қасиет алады. Клеткалық депрессорлардың (тежегіштер) қантүзу жүйесіндегі әсері баяу болатындықтан лейкоз да жиі дамиды.

Сонымен, аурудың пайда болу негізін организм реактивтілігін темендететін жағдайлармен байланыстырады (мысалы, иммунитет). Сау балаларға қарағанда лейкозда иммунитет жетіспеушілігі жағдайлары едәуір жиі кездеседі: хромосомалар ақаулары (Даун, Клайнфельтер, Блум синдромдары), іштен болатын Фанкони анемиясы, сүйек құрылысының бұзылысы (osteogenesis imperfecta) т.б. осы тектес патологиялар.

Иондық радиацияның орны, сөзсіз, мәнді. Мұны Жапониядағы атом бомбалары сынағының салдары дәлелдеуде: осы қалаларда басқа жермен салыстырғанда лейкоз 13 есе жиі байкалған. Бұл жағдайда жануарларға экспериментке сәуле жұмсау, кей адамдардың арасында бұл аурудың жиі байқалатынын (рентген сәулесін қабылдаушылар, рентгенологтар; жүкті кезінде рентгенмен тексерілген әйелдердің балалары т.б.) анғаруға болады.

Патогенезі. Қазіргі ілім (лейкоздардың пайда болуының клондық ілімі) бойынша лейкоз клеткалары өзгеріске (мутация) ұшыраған сүйек миынан тарайды, олар әрі қарай өсіп-жетілу қабілетінен айырылғанмен көбейе алады. Қатерлі ісіктің өте қаркынды өсу зандылықтары түжырымдалған (Foulds, 1949; А.И.Воробьев, 1965). Олардың ең маңызды тұстары: қан түзетін сау ескіндердің тежелуі; бүзылысқа ұшыраған, осы клоннан ескен қатерлі ісік клеткаларының морфологиялық өзгерісі; олардың метастаз беріп, шыққан орнынан тыс жерде дамуы; бүл клондардың өзіндік жолмен өсуін қамтамасыз етуі. Анемия, тромбоцитопения және миелоидтық, лимфоидтык клеткалардың азаюы пулдың (лейкоздық клеткалардың) түрлі заттар

 

(лимфокиндер) бөліп, сау түзілісті тежеуіне байланысты. Лейкоз клеткаларының баска ағзалардағы (сүйек миынан тыс) пролиферациясы (мысалы, РЭС жүйесінде) гепатоспленомегалия, лимфоаденопатия көрінісін береді — бұлар лейкоздың өзіндік сипаты.