Құрметті мектепалды даярлық сыныбының педагогтері!

 

 

Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының негізгі міндет-терінің бірі – мектепалды даярлық пен бастауыш мектептерде білім беру сабақтастығын қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі даярлық сыныптары мен бастауыш сыныптардағы оқыту жəне тəрбиелеу жұмысы біртұтас даму үрдісін құраған жағдайда осы міндеттерді орындау мүмкін болмақ. Сонымен қатар мектепке дейінгі даярлықпен бастауыш мектептің үздіксіз сабақтастығының міндетті шарттарының бірі – бағдарламалар жəне оқу-əдістемелік кешендерді құру қағидаларының біртұтастығы. Мектепалды даярлықпен бастауыш мектеп бойынша жаңартылған бағдарламаның мазмұнын салыстырмалы талдау көрсеткендей, бұл бағдарламалардың құрылымы біртұтас тəсілдерді қамтиды:

 

· педагогтерге өз жұмысын жоспарлауға жəне балалардың жетістіктерін бағалауға мүмкіндік беретін оқу мақсаттары жүйесінің болуы;

 

· оқу үрдісін күнделікті өмірге жəне қарым-қатынас жасауға қажетті қабілеттер мен практикалық дағдыларды дамытып, қалыптастыруға бағыттау;

· балалардың əлеуметтік маңызы бар тақырыптарды терең шолуына бағытталған тақырыптық оқу мазмұнының болуы;

 

· пəнішілік жəне пəнаралық мазмұнының кіріктірілуі;

 

· мектепалды даярлық пен бастауыш мектептегі оқу-тəрбие үрдісінің ортақ үлгісін қамтитын əдістемелік қолдауды қамтамасыз ету.

 

Осы қағидалардың барлығы Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнымен құрылымында жəне жаңа оқу-əдістемелік кешендерінде қамтылған.

Барлық тарау тақырыптары мектеп жасына дейінгі баланың сыни ойлауын көрсететін нақты үлгеретінде балаларды үнемі толғандыратын: «Бұл не? Қалай? Неге?» т.с.с. сауалдар төңірегінде берілген. Балалар өздері куə болған адамдар əрекетінің, табиғи құбылыстардың, оқиғалардың себептерін үнемі білгісі келеді. Бұл сұрақтар баланың миын белсенді жұмыс істете отырып, ойлау қабілетін дамытады.

«Алматыкітап баспасы» мектепалды даярлық жəне бастауыш мектеп оқу-əдістемелік кешенінің ерекшелігі, оқулықтар мен əдістемелік оқу нұсқауларының мазмұнында бірдей ортақ тақырыптың қамтылуында болып отыр. Бұл мектепалды даярлық жəне мектепте білім беру мазмұнын сапалық кіріктіруді толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл əдістемелік нұсқау қысқамерзімді жоспар түрінде орындалған ҰОҚ мазмұнынан тұрады. Жоспарлаудың бұл түрі бірінші сыныпқа арналған оқу құралдарында да бар, сондықтан ол мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп ОƏК-ін əдістемелік қолдаудың бірізділігін тағы да бір рет дəлелдейді.

 

Қысқамерзімді жоспардың өзіндік айрықша құрылымының ерекшелігі бар:

 

162

1. Оқу мақсаттарының болуы (олар бағдарламада белгілі бір бөлім мен бөлімшелер ретінде берілген, сондықтан педагогтер оны өзгертпегені жөн).

2. Жоспарда ҰОҚ-нің сараланған мақсаттары берілген (барлық балалар, балалар-дың көпшілігі жəне кейбіреулері үшін). Бұл оқу үрдісін ұтымды саралай ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқу жоспарының құрылымы практикалық жағынан пайдалану үшін айтарлықтай қарапайым жəне оқу барысы үшін тиімді.

 

Жоспар 3 бөлімнен тұрады:

 

Бірінші бөлімде баланың эмоционалдық көңіл күйін қамтамасыз ететін əдіс-тəсілдер қаралған.

Екінші бөлімде негізгі бөлім ретінде оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған əдіс-тəсілдер мен құралдар буынын қамтиды.

Үшінші бөлім рефлексия түрінде қорытынды шығаруға бағытталған. Жоспардың «Ресурстар» атты айрықша тармағында дидактикалық, əдістемелік, электрондық сипаттағы əртүрлі апарат көздері берілген (кейбірінің электрондық мекенжайы бар). Қысқа мерзімді жоспарда əліппе-дəптердің, оның ішінде жұмыс дəптерінің барлық тапсырмалары ескерілген.

 

Егер əліппе-дəптерде бір ҰОҚ-де 2–4 тапсырма орындау ұсынылса, əдістемелік нұсқауда əдістемелік тапсырмалар көлемін 15–20-ға дейін кеңейтеді . Əдістемелік нұсқаудағы тапсырмалар осы əдіс- тəсілдер есебінен барынша қызықты, мазмұнды, ойын түрінде тартымды болады. Онда əдеби сөз де, сурет салу да, сахналық рөл сомдау , ойын, драмалау, ойнау, фольклор, сергіту сəті, практикалық тапсырмалар, шағын зерттеулер жəне т.б. бар.

 

Бұл педагог осы оқу құралын пайдаланумен ғана шектеліп, өз тарапынан қандай да бір тиімді шығармашылық əдістер енгізуге немесе өздігінен өзгертуге құқығы жоқ дегенді

 

білдірмейді. Басты шарты: жоспарда қаралған оқу мақсаттарын, тақырыпты, оның жүйелілігін, сондай-ақ əліппе-дəптерде белгіленген тапсырмалар сипатын өзгертпеу.

 

Қысқамерзімді жоспардың осы үлгісін пайдалану кезінде мектепалды даярлық сыныбының педагогтерінде сұрақтар туындауы мүмкін:

1. Мектепалды даярлық педагогтерінің көпшілігі пайдаланған технологиялық картаның қысқамерзімді жоспардан қандай айырмашылығы бар?

2. Қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық карта үлгісіне ауыстыруға бола ма? Педагог қысқамерзімді жоспарды пайдалана ма, əлде технологиялық картаны пайдалана

ма – өзі шешеді.

 

Бірақ қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық картаға өзгертпеген жөн, өйткені мектепалды даярлық жəне бастауыш мектеп жоспарларының бірізділігі мен тұтастығы бұзылады.

 

Қысқамерзімді жоспардың технологиялық картадан бірнеше айырмашылығы бар:

 

 

Технологиялық карта

Қысқамерзімді жоспар

 

 

 

1

Оқу мақсатын педагог таңдайды.

Оқыту жəне тəрбиелеу мақсаты оқу

     

бағдарламасында айқындалған.

         
2 3 кезеңнен тұрады: 3 кезеңнен тұрады:
  мотивациялық-қозғаушылық; ҰОҚ-ның басталуы (ҰОҚ-ға ден қоюды
         

 

 

 

163


  – ұйымдастырушылық-ізденушілік; қамтамасыз ету);
  – рефлексивтік-түзетушілік. – өмірлік тəжірибені өзектендіру;
    – ҰОҚ-нің соңы (қорытынды, рефлексия).
     
3 ҰОҚ-нің негізгі бөлімі: ҰОҚ-нің негізгі бөлімі:
  – ұйымдастырушылық-ізденушілік. – өмірлік тəжірибені өзектендіру.
     
4 ҰОҚ-нің əдістемесі педагогтің ҰОҚ-нің əдістемесі, əдістемелік тəсілдер,
  басқарушылық іс-əрекетін жəне құралдар, ресурстарды пайдалану мен
  балалардың іс-əрекетін қарастырады. технология элементтерін қарастырады.
     
5 ҰОҚ-нің қорытындысы: рефлексия. ҰОҚ-нің қорытындысы: рефлексия.
     

 

Кейбір айырмашылықтарға қарамастан, екі жоспар (қысқамерзімді де, технологиялық карта да) ҰОҚ-нің үш негізгі кезеңін қамтиды, оның барысында белгіленген оқу мен тəрбиелеу мақсаттары жүзеге асырылады. Кезінде технологиялық картаны меңгерген мектепалды даярлық сыныбының педагогтеріне қысқамерзімді жоспар үлгілерімен жұмыс істеу қиындық туғызбайды, өйткені екі үлгінің құрастыру тəсілдері айтарлықтай ұқсас.

Осылайша, мектепке дейінгі даярлық ОƏК-нің жаңа үлгісіне тиімді өту мектепалды даярлық пен бастауыш мектепте оқыту мазмұнының сапалы сабақтастық байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

164

ПАЙДАЛАНҒАН ƏДЕБИЕТТЕР

 

1. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. Астана, 2016.

 

2. https://www. stihi.ru/2012/08/01/ 7434

 

3. Сборник загадок http://www.vsezagadki.ru/2010/01/zagadki-o-vremeni-i-vremenax-goda/

 

4. http://prazdnovik.ru/zagadki-pro-geroev-russkix-narodnyx-skazok.html

 

5. http://deti-online.com/zagadki/zagadki-ovoschi-frukty/-Жұмбақтар.

 

6. Источник: http://doshvozrast.ru/konspekt/poznovrazv15.htm

 

7. Задачи в стихах: http://ped-kopilka.ru/blogs/elena-anatolevna-kovaleva/zadachi-v-stihah-dlja-starshih-doshkolnikov-i-mladshih-shkolnikov.html

 

165

Мазмұны

 

Түсіндірме жазба................................................................................................................................................................... 3

 

 

Ұзақмерзімді жоспарлау. I жартыжылдық.......................................................................................................... 7

 

II жартыжылдық.................................................................................................................................................................. 10

 

Қысқамерзімді жоспарлау............................................................................................................................................. 13

 

ҰОҚ-де пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар сөздігі................................................... 151

 

Қосымша материалдар. Сергіту жаттығулары.............................................................................................. 155

 

Қосымша................................................................................................................................................................................ 162

 

Пайдаланған əдебиеттер.............................................................................................................................................. 165

 

 

166

 

Оқулық басылым Учебное издание
Ақпаева Əсел Бакировна Акпаева Асель Бакировна
Лебедева Лариса Анатольевна Лебедева Лариса Анатольевна
Өтемісова Жанна Ербосыновна Утемисова Жанна Ербосыновна
ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ФОРМИРОВАНИЕ ЭЛЕМЕНТАРНЫХ
ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАТЕМАТИЧЕСКИХ ПРЕДСТАВЛЕНИЙ
Əдістемелік нұсқау Методическое руководство
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік для педагогов предшкольных групп
оқу бағдарламасы бойынша мектепалды и классов по Типовой учебной программе
дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне дошкольного воспитания и обучения
арналған  
Методист Б.С. Тажинова Методист Б. С. Тажинова
Редакторы Л.С. Ахметова Редактор Л.С. Ахметова
Басуға 26.07.2017 ж. қол қойылды. Подписано в печать 26.07.2017 г.
Пішімі 60х841/8. Формат 60х841/8.
Əріп түрі «Times New Roman». Гарнитура «Times New Roman».
Таралымы 1300 дана. Тапсырыс № 1398. Тираж 1300 экз. Заказ № 1398
Қазақстан Республикасы, Республика Казахстан,
«Алматыкiтап баспасы» ЖШС, ТОО «Алматыкiтап баспасы»
050012, Алматы қаласы, Жамбыл көшесi, 111-үй, 050012, г. Алматы, ул. Жамбыла, 111,
тел. (727) 250 29 58, факс: (727) 292 81 10. тел. (727) 250 29 58; факс: (727) 292 81 10.
e-mail: alkitap@intelsoft.kz е-mail: alkitap@intelsoft.kz
www.almatykitap.kz www.almatykitap.kz

 

 

167