Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану
Азаматтардың:
- белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды пайдалануға оларды қорғау және толықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға қатыстыруға;
- қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар құруға;
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жиналыстарға, митинйлерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;
- қоршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік, органдар мен
Ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қорғауды талап етуге;
- қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап,оған қатысуға;
- кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектілерді орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық және өзге де қызметін шекте, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібі мен күшін жоюды талап етуге;
- айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуі туралы сотқа талап арыз беруге;
- заң актілері мен өзге де нормативтік құқық көзделген басқа да құқықтарын белгілеген тәртіппен іске асыруға құқығы бар;
Әрбір азамат қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурс-тарға ұқыпты қарауға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды орындауға, өзінің экологиялық білім деңгейін арттыруға және жеткіншек ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге жәрдемдесуге міндетті.
ҚР-ң Конституциясы және басқа да экологиялық заңдар азаматтарға қоршаған табиғи ортаға байланысты белгілі құқықтар мен міндеттер жүктейді. ҚР Конституциясының 38-ші бабына сәйкес,азаматтар табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
Табиғатты қорғауға байланысты заңдарды орындау әрбір азаматтың өмірлік нормасы болып табылуы керек.